№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Батыр есімі ұмытылмайды

Батыр есімі ұмытылмайды


Соғыс даласында, елге оралып, еңбек майданында есімі алтын әріппен жазылған батыр тұлғалардың қатарында Қасымбек Байтеновтің де шоқтығы бір төбе. 17 жасында ұрыс даласына жол жүріп, Украина мен Белорусь жерін жаудан азат ету жолында ерлік көрсетті. 1942 жылдан 2-Украин, 2-Белорусь майданында атқыштар дивизиясында шайқас шебінде болады. 1943 жылдың 20-қазанында аяғынан жараланады. Екінші рет 5-желтоқсан күні кеудесінен ауыр жарақат алып, госпитальда бірнеше ай емделеді. Емделіп болған соң қайта сұранып, соғысқа қайта аттанады...


Соғыс аяқталып, майдангерлерге құрмет көрсетіл­ді. Қасымбек атамыз Берлиннің оңтүстік жағында орналасқан Шпрес өзенінен өтерде көрсеткен ерлігі үшін ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған. Осы шайқаста басынан ауыр жараланған. Одан кейін атқыштар дивизиясының командирі болған Қасымбек майдангер Берлинді алу кезінде көрсеткен ерлігі үшін І-дәрежелі орденімен және өзге де көптеген медальдарды кеудесіне тақты.
1947 жылы елге оралып, еңбек жолын ерте бастайды. Қазалы мал дәрігері-зоотехникалық тех­никумын бітіреді. 1950-1971 жылдар аралығында Шымкент пен Қызылорда облысының аудандарында қызмет атқарды. 1972-1978 жылы Бірлік совхозының №4 фермасында басқарушы қызметінде болды. 1978 жылдан 1986 жылға дейін аудандық сақтанды­ру инспекциясы бастығының орынбасары болып абыройлы қызмет етті. Бірнеше шақырымның де­путаты болып сайланды, әрі мақтау қағаздарымен марапатталды. Жеңістің 30-40 жылдығы және де көптеген медальдармен наградталған. Соңында қал­ған зайыбы Қошқадам ұлы Болаттан және қызы Құралайдан өрбіген немерелер қызығын көріп отырған бақытты әже еді. Болаты инженер болып елге еңбек етсе, оның ұлы Талғат ірі фирмада менеджер болып қызмет атқарды. Жоғары білімді маман ретінде, сан салада еңбек еткен немерелерден шөбере көруге тағдыр жазған екен. Бізге құнды мағлұмат берген келіні Алмагүл апай:
– Біздің әкеміз қай жерде, қай салада еңбек етсе де өз еңбегін абыроймен атқарды. Үлкенге ізетті іні, кішіге қамқор аға болып, өнеге көрсетіп жүрді. Әулеттің тірекшісі, қамқоршысы ғана емес, халықтың да қалаулысы, ағайын-туыстың көш бастар басшысы бола білді. Әрбір үлгілі ісін мақтан тұтып, айтып жүреміз. Біз үшін ол кісі тұлға, – деп батыр жайлы пікірін білдірді.
Жалпы Қасымбек Байтенов 1924 жылы Жаңақорған ауданы, Ақүйік ауылдық советінде дүние есігін ашқан. Өрімдей жастың ұлы майданда ерлік көрсетіп, елге оралып, тіршілігінде ұрпақ жолында төккен тамшы тері қандай құрметке болса да лайық. «Тау алыстаған сайын биіктей береді», демекші, кешегі сұрапыл соғыстың куәгерлерінің арамызда қалмай бара жатқаны өкінішті, олардың ерлік жолы өнеге, есімдері мәңгі ұмытылмайды.

Әли ТЕМІРБЕК
07 мамыр 2024 ж. 521 0