Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ерлікке тағзым еткен күн

Ерлікке тағзым еткен күн


Елдік пен ерлік жолында Отан алдындағы адал міндетін абыройлы атқарып, келешек ұрпақ үшін от пен оқтың ортасынан оралған сүйегі асыл сарбаздарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Екінші дүниежүзілік майдан, одан кейін Кеңес әскері қатарында болған аға буынның жат елде жүріп, жанкешті, жаужүрек ерліктері ұмытылмақ емес. 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні қарсаңында Тәжік-Ауған, Қарабақ жерінде ерлікпен қаза болған боздақтар мен арамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсетілді.


Алдымен зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен оқушылар «Тағзым» алаңына жиналып, батырлар рухына тағзым етті. Гүл шоқтарын қойып, ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Құран бағыштады.
– Бұл күні Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие. Және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухтарына, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстан, Таулы Қарабақ, Тәжік-Ауған қақ­тығыстарынан өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.
Әрбір саналы ұрпақ үшін Отанын қорғаудан құнды, одан қымбат ешнәрсе жоқ. Бұл шынайы патриотизмді талап етеді. Бұл – зор мәртебе. Отан деген ортақ мүддені биік ұстау жолында қалтқысыз қызмет ете берейік. Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін, – деп аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы жылы лебізін білдірді.

Бүгінде 149 жаңақорғандық жас сарбаз өздерінің Отан алдындағы әскери борышын өтеуде. Сонымен қатар, Қазақстан әскері құрамында 45 офицер, келісім шарт негізінде 60-тан аса жерлесіміз өз міндетін адал атқаруда. Арнайы әскери мектепті бітірген 15 азамат еліміздің әр өңірінде қызмет етуде.
Одан әрі М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Кеңес әскерінің Таулы Қарабақ жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай арамызда жүрген ардагер ағалар марапат биігінен көрінді. Аудан әкімі Бектас Нуридинов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. «Ел егемендігін аламын дегенге дейін қазақ әскерлері қаншама соғыс жылдарын басынан кешірді. Кешегі қан майдан, одан кейін ауған, тәжік-ауған, содан соң Қарабахтағы қақтығыста да қазақ ұландары алдыңғы шепте болды. Бұл күндер тарих қойнауына кетсе де, ерлігі ел есіндегі отандастардың батырлғы еш ұмытылмайды. Өскелең ұрпаққа өнеге болған сарбаздарға мың алғыс. Енді мұндай күндерді жастарымыз басынан кешірмесін деп тілейік. Бейбіт күннің берекесі қашпасын, ең бастысы, сіздердің ерліктеріңіз кейінгі перзенттерге өнеге болып қалсын» – деп Өмірсерік ағамыз ыстық ықыласын білдірді.
Лебізден кейін арнайы алғыс білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Алдымен «Таулы Қарабақ ардагерлер кеңесінің» төрағасы Рабит Тас­қынбаевқа аудан әкімінің құттықтауы мен «Қазақстан Алтын кітабы» энциклопедиясы табыс етілді. Аталмыш кітапта Рабит Алиұлының да есімі алтын әріппен жазылыпты. Одан кейін, қалған сарбаздар аудан әкімінің алғысына бөленді.
Әрбір мемлекеттің тұтастығын сақтау, ел тыныштығын күзету, шекараны берік ұстау – еңселі елдіктің белгісі. Сондықтан бүгінгі мереке ел тарихын қадірлейтін, болашағына сенетін, ерлікті, тұрақтылықты, тыныштықты, батырлықты бағалайтын қоғам үшін аса маңызды. Жау жүрек ұландарға деген зор құрметтің белгісі.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
07 мамыр 2024 ж. 654 0