№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерлік – елге мұра

Ерлік – елге мұра



Әр жылда бұл тарихи күнге айрықша мән дарыту дәстүрге айналды. Шара кент, ауылдық округтердің барлығында жоғары денгейде аталып өтілді. Ауған ардагерлері мен мектеп оқушылары аудан орталығындағы «Тағзым алаңына» жиналып тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады. Салтанатты сапты аудан ардагерлері бастап, отан қорғаушыларға деген құрметтің ерен үлгісін көрсетті. Иә, ел тарихындағы сындарлы сәттер мен оқиғалар ешқашан ұмытылмайды. Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл өтсе де, жүрекке салған сызат кете қойған жоқ. Отан алдындағы өздерінің әскери борыштарын өтеп, интернационалдық парыздарына адал қызмет еткен жауынгер жерлестеріміз ортамызда. Жауынгерлердің ерлігі, батылдығы жастарға қашанда үлгі-өнеге. Соның бірі – жерлесіміз Мұхтар Нарымбетов. Ауған соғысында қаза тапқан жауынгер боздақтардың рухына бас иіп, Аудан әкімінің орынбасары Бектас
Нуридинов сөз алып, жат елде саяси науқанның құрбаны болған боздақтарды еске алып, арамызда жүрген ардагерлерді құрметтеуге үндеді. “Кешегі майдан даласының ұшқындары әлі көз алдымыздан кетер емес. Ол күндер енді қайтып келмесе екен” деп көңіл түкпіріндегі өз естеліктерімен бөлісті ауған соғысының ардагері Серік Азнабаев. Ауданның бас имамы
Абдіхалық Наметов қан майданда қаза тапқан жерлестер рухына арнап
құран бағыштады. Ауған соғысы ардагерлері Тағзым алаңында “Боздақтар” монументіне гүл шоқтарын қойды.
Одан әрі М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ерлікке тағзым» атты салтанат жалғасын тапты Театрландырылған қойылым көрермендерге үлкен әсер сыйласа, үрмелі оркестр аясында шырқалған патриоттық әндер кеудемізге отансүйгіштік
қасиет дарытты. Аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов: Батырлардың елжандылығы,
ержүректілігі, жауынгерлік сертке беріктігі жастарға қашанда өшпес өнеге. Сондықтан жалынды күндер жүрегіне өшпес жара салған сарбаздарды қадірлеп құрмет көрсету біздің басты парызымыз, – деп ардагер жауынгерлерді мерекемен құттықтап, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Әбубәкір Нұрлыбайұлы, Кенжебек Исабекұлы, Ерік Ахметжанұлы,
Әмзе Әбдреймұлы, Фарман Мусаддинұлы, Бағдат Балтабайұлы, Бектұрған Байтенұлы, Ермек Ережепұлы, Батырша Арқабайұлы, Жамалдин Әбілпаттаұлы, Серік Өтегенұлы, Әбибулла Абдраманұлы, Бұдабай Илясұлы, Алмұрат Елікбайұлы, Ғафур Асылбекұлы, Жұмағали Әбілдаұлы, Айтбек Шерманұлы, Пардабай Маханбетқазыұлы, Береке
Аманкелдіұлы, Жұмахан Хайбуллаұлы, Алмасхан Іскендірұлы, Низамеддин
Сантайұлы, Манат Әмзеұлы, Серікбай Халықбергенұлы, Жарқынбек Қасымбекұлы,
Төлеген Камалұлы, Тұтқабай Елеуұлы, Нұрлан Әлиакбарұлы сынды
ардагерлерді марапаттап құрмет көрсетілді. Ауған соғысының ардагері «Жаңақорған аудандық
Ауғанстан ардагерлері және патриот жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Аблакимов
сөз алып: “Ортамызда жоқ батырлардың есімін өшірмей, ұлықтап отыру біздің азаматтық борышымыз.
Соғысқа бірге аттанып жалынның ортасында қаншама отандастарымызбен де бірге қан кештік. Бұл күндер біз үшін тарих болып қалды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын” деп әріптестерін мерекемен
құттықтады. Мерекелік шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты. Отанды сүю, ел менен жерді қорғау
– әрбір азаматтың туған жер алдындағы қасиетті борышы. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұтастығы, саяси тұрақтылық пен ел тыныштығы бәрінен маңызды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбітшілік бесігі тербеліп, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін деген тілекпен тарқастық.

 Әсел ИБРАГИМОВА
18 ақпан 2023 ж. 300 0