№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » Сүйегі асыл сарбаздар

Сүйегі асыл сарбаздар

Кеше "Тағзым" алаңында Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті. Бұл күні, 7 сәуір 1995 жылы, ел үшін кеудені оққа керген қазақстандық сарбаздар Тәжік-Ауған шекарасында айбынды ерліктің, қайтпас қайсарлық пен беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен болатын.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов ардагерлерге ізгі лебізін білдірді.
– Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерін қадірлеп-құрметтеуді өзіміздің борышымыз деп білеміз. Кеудесін оққа тосып, өздерін жасындай өмірін тәуекелге тіккен жауынгерлердің ерен ерліктері қанша уақыт өткеніне қарамастан ел есінде, ұрпақ жадында сақталады, – деді.
Сондай-ақ, Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушы ардагер Ербол Құрбанбеков алғысын білдірді.
Шара барысында Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылды. Ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағышталды.
07 сәуір 2024 ж. 852 0