№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Оқ пен оттың ортасынан оралғандар

Оқ пен оттың ортасынан оралғандар

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл 35 жыл толы. От пен оқтың ортасынан оралған оғландарға құрмет көрсетіп, жауынгерлік рухын дәріптеу, ерліктерін өскелең ұрпаққа өнеге ету – міндет. Ал, әскер сапынан туған үйіне оралмай, майдан даласында қаза болған боздақтардың есімі ешқашан ұмытылмақ емес.
15 ақпан – елден тыс жерде соғысқан, әскери антына адал және жанқиярлықпен берілген, қайсарлық пен батырлықтың жоғары үлгісін көрсеткен барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні болып аталып келеді. Атаулы күн аясында М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ауғанның асуында от кешкендер» атты мерекелік кеш өтті.

Алдымен зиялы қауым өкілдері, жастар және Ауған соғысы ар­да­герлері боздақтар ескерткішіне тәу етіп, Құран бағыштады. Ау­дан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов ізгі лебізін арнады.
Мәдениет үйіндегі шара сахна­лық көрініспен басталды. Әскердегі сарбаздың анасына жаз­ған хаты­нан пролог оқылып, екі солдат­тың әңгімесі, елге деген сағынышы суреттеледі. Ұрыс да­ла­сында жүрген жауынгерлердің май­дан ортасына қайта еніп бара жатқан бейне­сі арамызда отырған ардагерлердің көзіне жас үйірді. Әнші Рашид Ертаев «Виват Шурави» әнін орындаған сәтте көрермендер орындарынан тік тұрып, сарбаздарға құрмет көрсетті.
Бүгінде арамызда жүрген жауын­герлерді аудандық мәслихат төраға­сы Ғалымжан Соп­беков құттықтап, жылы лебізін арнады.
– Ауған даласындағы әскери жорықта сапқа тұрған сарбаздар қатарында 23 мыңға жуық қазақ­стандық жауынгерлер болды. Соның ішінде біздің Жаңақорғаннан 96 жауынгер әскери борышын өтеу­ге аттанды. Өкінішке қарай, бір жерлесіміз Мұхтар Нарымбетов жат жерде жау қолынан ерлікпен қаза тауып, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері атанса, 15-і бүгін арамызда жоқ.
Бұл күн – жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың жоқтаған күні. Қаза тапқандар­дың ата-аналары мен туыстарының қайғысын бір сөзбен айтып жеткі­зу қиын. Бүгінде Қуаныш Аблаки­мов бастаған Ауған соғысының ардагерлері ауданымыздың қоғам­дық-саяси өміріне белсене арала­сып, жастарға патриоттық тәр­бие беру жолында үлесін қосып келеді. Сондықтан елдегі бірлік пен берекенің бесігін тербетіп, жақ­сылықтың жаршысындай болған өздеріңізге айтар алғысымыз шек­сіз. Сіздерге ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! – деп ыстық ықыласын білдірді.
«Кеңес әскерінің Ауғанстан же­рінен шығарылғанына 35 жыл» төсбелгісімен барлық жауынгер ма­рапатталды. Аудан әкімінің орын­басары Бектас Балғабайұлы, ау­дандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Нұрбол Есеналиев те ардагерлерге құрмет көрсетіп, сахна төрінде кеуделеріне медаль тақты. Мәдениет Тотаевтың сөзіне жазылған Дмитрий Колдунның «Сарбаздар» әні де жүрекке жылы жетті.
– Өткен күн – тарих, 35 жыл өтсе де жүректе қалған жара жазылған жоқ. Ол күндерден белгі көп. Иә, жат жерде жүріп жаумен алысып, өзге елде қан төгу деген оңай болған жоқ. Елге, туған жерге, ата-анаға деген сағынышты айтып жеткізе алмайсың. Жас ұрпақ ол күндерді бастан кешірмесін, бейбіт күннің бірлігін сақтап қалу үлкен міндет. Келе­шек жастар­дың қолында, сондық­тан жас буын­ды отансүйгіштікке, патриотизмге баулу өте маңызды. Ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрмет үшін алғыс білдіреміз, – деді Қуаныш Аблакимов.

Әли ТЕМІРБЕК

17 ақпан 2024 ж. 333 0