Тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне құрмет

Алдымен Бектас Балғабайұлы жылы лебізін білдіріп, ыстық ықыласын білдірді. Аудан әкімінің орынбасары жиынның алғы сөзінде Тәжік-Ауған шебінде бітімгершілік мінддеттерін адал атқарып, көрсеткен айбынды ерліктері үшін алғысын жеткізіп, бірқатар жауынгер ардагерлерге аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.
Одан соң, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов пен ел ағасы Изатулла Нарзилдаев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.