Рамазан – жанның азығы, тәннің шипасы
Асыға күткен мұсылмандар үшін қасиетті болған Рамазан айы да басталды. Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. Мейірім мен кешірімге, сансыз сауапқа толы айда әрбір жан таңнан кешке дейін ниеттеніп, ауыз бекітеді, харам болған қасиеттерден арылуға тырысады. Біз осынау қасиетті айда ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтұлы ағамызға арнайы жолығып, жалпы ораза айында атаулы айдағы ғибадат құлшылығымызда қандай талаптар бар, осы жөнінде ортақ ой бөліскен едік.– Көп күттірген Рамазан айы да келіп жетті. Ауданның бас имамы ретінде Рамазанға дайындық барысы мен қасиетті айда қандай іс-әрекеттерде тоқтам болу керектігін толыққанды айта кетсеңіз?
– Әуелі барша аудан тұрғындарын айлардың сұлтаны Рамазан айымен құттықтаймын. Биыл Рамазан айы 30 күнге созылады. 11 наурыз алғашқы күні болса, 9 сәуір соңғы күні. 10 сәуірде ораза айт мерекесі басталады. Сәуірдің 5-інен 6-сына қараған түні – Қадір түні. Бүгінде Жаңақорған жұртшылығына арналған ауызашар кестесін бекітіп, халыққа таратылуда. Сондай-ақ жыл сайынғы дәстүрге айналған сауапты шараларды биыл да жалғастыруды қолға алмақпыз. Әуелі жомарт азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, жергілікті аумақтағы жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлсек. Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылуына атсалысуға ниетті болсақ дейміз.
– Оразаны тек ашығу және артық салмақтан, асқазан дертінен айығу үшін ұстайтындар да жоқ емес.
– Шын мәнісінде ораза тек ашығу үшін ғана ұсталмайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің өсиетінде: «Рамазан айында кім оразаны иман және сауаптан үміт етумен ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі». Сондықтан Рамазан айында бұл иманмен деп отырғанымызды ғалымдар: «Жаратқанның тікелей бұйрығы, амалы деген ниетте ұстау қажет» дейді. Қазір кейбір адамдар диета не болмаса дертінен айығу мақсатында ауыз бекітіп жатыр. Бұл өте қате түсінік, біз бұдан әрбір пенденің ниетін көреміз. Сол ниеттің ішінде дұрысы, ең абзалы, жақсысы әрі шариғаттың құптайтыны, ниеттің маңыздылығы Рамазанның оразасын адам баласы бұйрық ретінде қабылдап, соған сеніп, сауабын Алладан күтетін болса, ол үлкен жақсылық болып есептеледі.
Сонымен қатар ораза адам баласын ашығуға ғана емес, жақсылыққа тәрбиелеуге бастауы керек. Пайғамбар (с.ғ.с) өсиетінде: «Кімде кім Рамазан айында ораза ұстап, тек қана басқа жақсылықтарға қол жеткізе алмаса, ол кезде ол пенденің Аллаға ашығып жүргені керек емес» дейді. Сол үшін бұл жерде адам тек ашығып ғана емес, сабырлық, шыдамдылық, шынайылыққа өзін-өзі тәрбиелеуі қажет және жақсы амалдарға әрекет жасауы тиіс.
– Оразаны белгіленген күннен кешігіп ұстауға бола ма? Денсаулық жағдайы мен өзге де себептің қай түрі мұндай қадамға рұқсат береді?
– Егер адам сапарда жүрсе, денсаулығында кінәрат болса, үзірлі кісі санатына кірсе, оразаны кешіктіріп ұстауына рұқсат етілген. Сапардан оралған соң, ем-дом алып болғаннан кейін ораза ұстауды бастайды. Ал қаза болған күндерді Рамазан айы біткесін ұстауына мүмкіндік бар. Сапардағы адамға ауыз ашуға рұқсат етіледі. Алайда көп дүниені қаперде ұстаған жақсы. Алдымен ораза айында сапарға шығар алдында əдеттегідей ауыз бекіткен жөн. Себебі жоспарланған сапар кейінге қалып немесе жүзеге аспай қалса, ораза қаза болмайды. Оған қоса ескі кезеңдегідей күн ыстықта ат, түйемен ұзақ сапарға шығу келмеске кетті. Бүгінде технология дамыған заман. Жолаушыға үйдегідей жағдай жасалған тасымал түрлері жетерлік. Сондықтан мүмкіндігінше сапарда ауызды ашпауға тырысыңыз. Ал қиналып жатсаңыз, оразаны бұзуға діннімізде рұқсат берілген.
– Рамазан айының мұсылман қауымға берер пайдасына тоқтала кетсеңіз?
– Рамазан айы адамдарды тек нәпсіден тыюға ғана үйретіп қоймайды. Ол адамдарды жамандықтан сақтайды. Құранда айтылғандай негізгі мақсаты – мұсылманды тазартып тақуалық деңгейге жеткізеді. Әдетте түрлі тағамды жеп жүрген адам Рамазан айында күні бойы аштық сезімін сезінеді. Кешке ауыз ашқан соң судың да қадіріне жетеді. Рамазан – қайырымды жандар үшін мол мүмкіндіктер маусымы. Бұл айда жасалған әрбір жақсы іс үлкен сауапқа айналмақ. Бірде Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» деп сұрағанда, ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген жан» деп жауап берген екен. Тағы бір хадисінде Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Шама-шарқыңызға қарай сауап амал жасаңдар. Өйткені сендер жақсылық жасаудан жалықпайынша, Алла да сендерге сауап жазудан жалықпайды. Алланың құзырында қабыл болатын амал – аз да болса игі істің тұрақты жалғасып тұрғаны» деп айтқан. Сол үшін Рамазан айында мұсылман баласы көптеген сауапты іс жасауды жоспарлау керек.
– Қаралы қаза орын алған жағдайда діни жөн-жоралғылар қалай атқарылады?
Жаназа рәсімінен кейінгі жетісін беру, қырқын өткізу, тағы басқа көпшілікпен атқарылатын шаралардың барлығы ауызашар уақытында берілгені жөн. «Өмір бар жерде, өлім бар» демекші, жылда көріп жүргендей, ораза күндері тал түсте қазан-қазан ет асып, құдайы ас беріліп жатады. Жаратқан күллі мұсылман баласына ауыз бекітуді бұйырып жатқанда 300-400 адамды шақырып, ас беру бұл – құрметсіздік. Сондықтан да қырқы, жылдық асы секілді құдайы асты кешкі ауызашар уақытына ұйымдастыру абзалырақ.
– Биылғы пітір садақаның көлемі қандай болып бекітілді?
– Биылғы пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.
– Оразаның ниеті мен уақыты жайлы айтсаңыз?
– Ниетсіз ораза дұрыс болмайды. Кез келген оразаны тұтудан бұрын жүрекпен ниет етілуі тиіс. Әбу Ханифа мазхабы бойынша Рамазан айының басында ниет ету сол қасиетті ай үшін жеткілікті болып есептелінеді, қаласа күнделікті ниет етуге де болады. Ешқандай ниетсіз күні бойы аш жүру оразаға жатпайды. Ал оразаның уақытына келсек, сəресі таң намазының уақытына дейін болады да, ақшам намазының уақытында ауыз ашылады.
– Сəресіге ұйықтап қалған адам не істейді?
– Сəресіге ұйықтап қалған кісі сол күнгі оразасын жалғастырады. Өйткені ораза басталғанда Рамазан айына толық ниет етілетіндіктен сол күнгі оразасы қабыл болады. Алайда бұдан сəресіні ішпей, рамазан айы алғаш басталған күні бір айға ниет етсе жеткілікті екен ғой деген қате түсінік туындамауы керек. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «сəресіде береке бар, бір жұтым су болса да ниет етіп, ауыз бекітіңдер» деген сөзі бар. Сол үшін жатар кезде ниет етіп, дұға жасап жатуы және сәресіге тұруы тиіс.
– Ауызашар дастарқаны адамдардың бір-біріне сыйлық жасап, құрмет көрсетуінің керемет мүмкіндігі. Алла разылығына қауышудың тағы қандай жолы бар?
– Осындай сұрақтармен көп адам хабарласты. Мен айтар едім, оның жолы көп. Жомарттық деген тіпті де біреуге көрсету үшін жасалатын рия не мақтан емес және оның үлкен-кішісі болмайды. Ауыз бекітіп жатқан қарияға бір қадақ құрма алып барып бер немесе тісіне жұмсақ жеміс апарып жегізсе, қандай қуанады. Тіпті қой сойғанмен бірдей қайырға қауышасың. Мәселен, сенің сыйлығыңның аз-көптігінде, үлкен-кішілігінде емес, көңілде. Әркім осыны есте ұстасын. Қолындағы барымен бөліссін, қандай ғанибет. Жаңа ғана бір жігіттер келді маған. Рамазанның құрметіне атаған садақаларын кімге беруді кеңесті. Мешіттің есебінде тұрған кембағал жанұялардың бір-екеуін нұсқап көмектесуін өтіндік. Алла олардың қайыр амалдарын қабыл етсін. «Қиындықпен бірге жеңілдік те бар» делінген касиетті хадисте. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Бірлесе білсек біз бәрін жеңеміз» деген сөзі қазақты бұған дейінгі тағдыр-талайынан алынған тұжырым. Қайырым жасасаң, қайырын өзің көресін. Бір-бірімізге шуағымызды төгіп, шарапатына кенелер ғажайып қадір-қасиетімізден ажырамайық дегім келеді.
– Аудан жұртшылығына және барша жамағатқа тілегіңіз болса.
– Рамазан – Алла Тағаланың берекелі айы, бізге жіберген мейірімді қонағы. Біз бұл айға төрімізден орын беріп, мейірімді қонағымыздың батасын алып қалуға тырысуымыз тиіс. Мұнымен қоса, жүрегімізбен қабылдап, оған нұр ұялатуымыз керек. Рамазанда қалған 11 айға жететіндей рухани қуат, бата алуға талпынуымыз қажет. Айтулы айдың қадір-қасиетін сезініп, зор сауаппен өткізуге, қалған 11 айда рухани қуат алуға Хақ Тағала баршамызды нәсіп етсін. Халқымыздың ауызбіршілігін мықтап, берекелі қылсын. Өзіне сенетіндердің, өзіне шын мойынұсынғандардың қатарын көбейтсін деп тілейміз.
– Сұхбатыңызға рақмет. Қасиетті Рамазан айы барша мұсылманға мүбәрак болсын!

Әсел РЗАЕВА