№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » РАМАЗАН: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЙЫ

РАМАЗАН: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЙЫ


Айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті саналатын Рамазан айына санаулы күндер қалды. Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша ораза 30 күн. Өздеріңізге белгілі, рамазан – он екі айдың сұлтаны, береке мен кешірімге толы ай. Қасиетті айдың қадірі жайында және ауыз бекітетін ағайынның арасында жиі кездесетін сауалдарға жауап алу мақсатында ауданның бас имамы Сайдулла қажы Омаровты сөзге тарттық. Алғашқы кезекте бас имамнан мамыражай мамыр мен маусымның мезіретіне сай келіп отырған оразаның нақты қай күні басталатынын сұрадық.


– Біріншіден, барша жамағатқа Рамазан айында Жаратқанның ризашылығы үшін тұтатын оразасы қабыл болсын дегім келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдегі іргелі зерттеу орталығының бірі В.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратқан болатын. ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесін ескеріп, және де Орталық Азия елдері муфтиятының шариғат және пәтуа бөлімінің ғалымдарымен ортақ пәтуа қабылдады. Яғни, 2019 жылдың 6 мамыры – рамазан айының бірінші күні болып табылады. Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1-маусымға қараған түн. Ал, 5 маусым – ораза айттың бірінші күні. Пітір садақа – жан басына шаққанда 300 теңгеден, – дейді ауданның бас имамы.
Сондай-ақ бас имам оразаға шыдамаймын деп, сауаптан құр қалатындарға сүйінші сөзін жеткізді. «Алла ризашылығы үшін бір күн ораза тұтқан адамның жүзі тозақтан жетпіс жылға алыстатылатыны жайлы мүбарак хадисте ай­тыл­ған. Ал, оразаны ұстау тәуліктің ұзақтығы не күннің ыстығына байланысты қиындай түссе, оның сауабы да мол болары ақиқат. Бірде Айша (р.а) анамызға Алла Елшісі (с.ғ.с) ұмра қажылығында: «Расында саған қиналғандығың және жұмсаған қаражатыңның мөлшеріндей сауап бар» – деген. Яғни, өнегелі насихаттан бай­қағанымыз, «Құлшылық жасау барысында кездескен қиыншылық ғибадаттың сауабын еселей түседі». Бұл Сайдулла қажының сөзі.
Десек те, денсаулығына байланысты ауыз бекітуге мүмкіндігі жоқ жандар да жетерлік. Ислам – адамзат баласына ауырлықты қала­май­тындықтан сырқат кісінің оразадағы ахуалын имамнан сұрадық.
– Егер денсаулығында кінараты бар кісі ораза ұстаса ауруы асқынатынына көзі жетсе, не білікті дәрігер ораза ұстау зиян болады деген дәлелді кеңесін айтса ауыз бекітпеуге болады. Алайда саулығы түзелгеннен кейін оразаның қазасын өтеуі тиіс. Бұл жайында Құранда: «Рамазан айы туғанын көрсеңдер ауыздарыңды бекітіңдер. Ал, кімде кім сырқаттанса немесе жолға шықса(аузын ашуына рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін. Алла сендерге ауырлық емес, жеңілдік тілейді»..делінген. Міне, осы және басқа аяттарды негізге ала отырып дін ғалымдары мынадай үкім шығарған: «Науқас кісінің ораза тұтпауы кейде уәжіп, кейде мубах(рұқсат) болады. Егер сырқат кісінің ораза ұстауы өлімге алып келер болса, бұл адамның ораза ұстамауы уәжіп. Ал, егер ауыз бекітуі сырқатын арттырар болса не жазылуы баяулатар болса бұл жағдайда ораза ұстамауына рұқсат». Дертіне шипасы беріліп, ауруынан айыққан кезде тұтпаған күндердің қазасын өтейді – деді Сайдулла қажы Сүннетуллаұлы.
Жаңа айтып өткендей, Ислам адам баласына ауырлықты қаламайды. Осы тұста бұл айда емізулі сәбиі бар немесе жүкті әйелдерге ораза ұстау керек пе деген орынды сауал туады. Біздің бұл сұраққа бас имам былайша жауап берді.
– Шариғат бойынша құрсақтағы немесе емі­зулі балаға зияны тиеді деп қауіптенген анаға Рамазанда ауыз бекітпей, кейінге қалдыруына болады. Бірақ ол қаза болған күндердің қазасын өтеуі тиіс. Бұл жөнінде хадисте: «Күмәнсіз Алла Тағала сапардағы адамға намазды қысқартып, ал оразаны жолаушыға және жүкті әйел мен емізулі әйелге жеңілдетті» делінген.
Сөз соңында ауыз бекіткен қауымға ауыз­ашар берудің артықшылығын айта кетсек. «Мұсылманның қуанышы – ауыз ашуында» деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде кім бұл айда аузы берік адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі» деп, өз үмметін шарапаты мол сауапты амалды іске асыруға үндеген.
Иә, Рамазан ізгілікке толы, сауап жинап, күнәдан тазаратын-ай. Рухани деңгейіміз көте­ріліп, жан дүниеміз жарқырайтын ай. Жығылғанды демеп, жылағанды жұбатып, мұқ­таждарды мұңынан арылтатын ай. Яғни, жақсылық жолында жарысатын нұрлы ай. Шұғылалы да шуақты, шарапаты мол айдың ізгілігінен үлесіңізді алыңыз.

Әбдісамат ӘБДІШ.







01 мамыр 2019 ж. 1 509 0