Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Қариялы қазына

Қаратөбе ауылының тұрғыны, бүгінде жасы сексеннің үшеуіне келген Нұралы қарияны өз қолымен еккен жеміс талдары жайқалған бағының басында кездестіргеніміз керемет болды. Ол кісі бізге қосымша үйіргелік жолдың екінші қапталында орныққан бау-бақшалығын да көрсетті. Онда помидор, қияр, капуста, асқабақ өнімдері бітік шығыпты. Барлығын кеше көктемде өз қолымен отырғызған қарияның еңбегі ақталып жасыл пәлекте жапырыла бүр жарған табиғаттың тартуын мезгілінде жинап алып, кәдеге асыратын ұсынықты қол болмаса еткен еңбек еш, тұзы сор болар еді. Әкелерінің есіл еңбегін елеусіз қалдырмаған жан-жақтағы қыздары кезекпен келіп, туған үйде үш-төрт күндеп қона жатып, әрқайсысы өзіне қажетті банілерін қарашаңырақта қамдап, қысқа әзірлікті бастап кеткенін айтты қария.


  Ауыл өмірінің жарасқылығы да сонда. Үлкендікішілі қалаларға өріс ұзартып, өркен жайған ұлқызға қасиетті ауылы артта қалған тарықтырмас тыл секілді, соңына қарайлап, қыста соғымын, жазда жеміс-жидегін арқаланбаса ақылары кеткендей көрініп тұрады. Өздеріне жетіп артылып жаста да өзімсініп келіп, әке-шешенің бергенін сықыстыра тиеп, көңілі тоқ қайтатын перзенттерге қайран ауылдың қадір-қасиеті сонысымен биік. Бірақ қарияның айтысы, ауылда тұрса да помидор, бәдіренін базардан сатып алып жейтін жалқаулар аз емес көрінеді. Тіпті өзі секілді бейнет арқалаған жандар қатары жылдан жылға сиреп келеді екен, ол соған өкінеді. Әй, табиғаттың тегін тартуынан бас тарту ғой бұл дейді. Жеріңді қоршалап егініңді салсаң су деген өзі келіп тұр. Мына іргедегі Сумағар каналы қаратөбеліктерге белден жетеді. Тек жанұяңды жасыл дақылмен қамтамасыз етуде қайратжігеріңді салып тер төксең, жаз бойы тегін өнімге қарқ боларың анық. «Осы жасыңызда қол еңбегі ауыр емес пе?» деген сауалымызға «Қайта қозғалмай әрекетсіз жату адамды ауру қылады. Жәйлап түртініп отырсам да огородты түгел гүлдентуге тырысам, жемісін өз балаларым, немерелерім жейді ғой» дейді қария.

 Қаратөбе ауылына барғанымызда газетіміздің күнделікті оқырманы, газет бір күн кешіксе бізге телефондайтын атаға арнайы соққанымыздың мәнісі ол кісінің соншалықты руханитқа жақындығының сырын білсек деп едік. Сөйтсек атамыздың бағбандығы одан да басым, еңбекқорлығы ерек, қасиет-қадірі биік кісі екен.

– Мен әсіресе «Сыр бойы» мен «Жаңақорған тынысын» асыға күтемін» деді ол. Ондағы барлық жазбалар жүрегіме жақын. Көпшілігінің тарихына жетікпін. Газетке шыққан замандастарымның келбетін көріп қуанамын. Осының өзі маған кәдімгідей күш-қуат береді. Руханият дегеніміз – өмірдің бір мәні ғой» деген қарияның сөзі қатты ұнады өзімізге. Түкпірдегі ауылда қарапайымғұмыр кешіп жатса да болмыс-бітім, әдетдағдысымен көбімізден биік тұрған осындай зият жандар бары қандай жақсы.

Ақсақал өз өмір жолы туралы былай деп әңгімеледі:
– Мен 1940 жылы Талап ауылында туылдым. Анам Сәуленің құшағында әкесіз ер жеттім. Бірақ кішкентайымнан оқуға құмар болдым. Оныншыны бітірген соң бір жыл курстан өтіп, теміржолда монтер болдым. 1968 жылы Алматыда байланыс механиктерін дайындайтын техникумда оқыдым. Теміржолда Түркістан мен Жосалыға дейінгі пойыздар қатынасын реттеп отыратын байланысшы оператор қызметін атқардым. Жетпіс төртінші жылдан бастап ол кезде XXIV партсьез кеңшары аталатын осы ауылдың байланыс бөлімшесі бастығы болдым. Алғаш ашылған АТС бөлімшесі еді, халыққа хабар таратып отыратын радиоторабы жұмыс істеді. Халықтың газет-журналға деген ықыласы зор болды. Ол кезде идеологиялық саясаттың пәрмені күшті, елдің көзін ашып, тәртіпке, талапқа бас біріктірген, тұтас кеңес адамын тәрбиелегені шындық. Соның барлығында баспасөз қуатты қару еді. Қызметкерлер түгел газетке жазылды, тіпті қырда мал өргізген қойшы да қонышына журнал қыстырып жүрмесе көңілі көншімейтін.
Мен өзім әскерге алынғанда да бөлім атынан өзімнің сүйікті журналым «Жұлдызға», газеттерден «Лениншіл жасқа» жаздырып алып оқитынмын. Бүгін де осы әдетімнен жаңылған жоқпын, – дейді ол.

Баян ҮСЕЙІНОВА

31 қазан 2023 ж. 697 0