Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемхатшы еккен дарақ жеміс берді

Мемхатшы еккен дарақ жеміс берді


Жақында Хорасан ата кесенесіне жол түсті. Жемістің түр-түрі жайқалған бақта алмалар пісіп, ұзақтан көз тартады. Жақындай түстім. Өзге ағаштардан биік, жемісі мол бір дараққа назар ауды. Астындағы жазу белгісінде «Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев. 2013 жыл» деп белгіленіпті. Яғни бүгінгі мемлекеттік хатшы Қырымбек Елеуұлының қара жерге қондырған көшет тамырын тереңнен тартып, жапырағын жайған дараққа айналды.

Одан бергі уақытта қаншама қоғам қайраткерлері, ғалымдар көшет отырғызып, белгісін қалдырды. Ал біздің назарға ілінген ағашты мемлекеттік хатшы өзі отырғызып, әулие ұрпақтарына алғысын айтып кеткен еді. Бұл туралы Қожакент ауылының бұрынғы әкімі Асылбек Айтжанов баяндап:
– 2013 жылдың 3 наурызында сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев іс-сапармен Жаңақорған ауданына келді. Осы келгенінде баба кесенесіне зиярат етуді мұрат етіп, мұндай арнайы келді. Сол уақытта ауылдағы ағайын, алыс-жақыннан келген баба ұрпақтары көшет отырғызу дәстүрін жаңғыртуға ниет етіп, арнайы аумақты қоршалады. Хорасан атаға Құран бағыштауға бет бұрған аймақ басшысы біздің іске оң баға беріп, өз қолымен көшет отырғызып кетті. Сол алма ағашы бүгінде көктеп, көгеріп, жайқалып тұр. Жаңақорғанға келген сайын сол жеміс ағашын назардан тыс қалдырмай, жиі сұрайды, – деді.
Біз Хорасан атаға барған кезімізде адам қарасы көп екен. Баба басына зиярат етуге үшін өзге аймақтардан келіпті. Олар Құран бағыштап, көктеп тұрған жасыл аймаққа таңданысын білдірді. Әрине, біздің ауданда туристерді тартатын бірегей орындар көп. Оған орта ғасырлық қалалар – Сығанақ, Сауран, Өзгент, Аққорған және т.б. атауға болады. Сондай-ақ, әулие-әнбиелер көп. Осы қасиетті дін-ағартушыларының алдында Әбжелел баб бабамыз тұр. Сондықтан мұнда келетін адамдардың қарасы үзілген емес.
Асылбек Айтжановтың сөзінше, баба басына зиярат етуге келген азаматтарға сая болсын, жемісін жеп, шөлін бассын деген ниетте, әрі жас ұрпаққа өнеге болсын деген оймен іске асырды.
2015 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев, Алихан Байменов елге белгілі азаматтар көшет отырғызып, өз белгісін қалдырды.
– «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» демекші, көшет отырғызудың қаншалықты сауапты амал екені асыл дінімізде өнеге етіледі. Баба басына зиярат етіп, Құран бағыштап қана қоймай, ағаш отырғызу өнегесін көрсеткен азаматтарға Алланың нұры жаусын. Аумағы 2 гектардай болатын жеміс бағын көзіміздің қарашығындай қарап келеміз, – деді шырақшы.
Тағы бір айтатын өнегелі іс, бұл – Қырымбек Елеуұлының елсіз, егіндік арасына асфальттан жол салуға ықпал еткені. Бүгінде баба басына зиярат етіп келіп-кетушілер осы сауапты істің шарапатын сезініп жүр.
Осы ретте, тарихтан ғибратты әңгіме өрбітсек. Бірде Аббаси халифаласы Һарун Рашид бір қарт адамның кішкентай жеміс ағашының көшетін отырғызып жатқан байқап қалады. Халифа оған: «Иа, ақсақал сіз қартайдыңыз. Отырғызып жатқан шыбығыңның жемісін көре алмайсың. Осыны біле тұра, неге бейнетттеніп жатырсың?»-дейді. Сыр бермеген қарт: «Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды. Біздер жемісін жедік. Енді біз де тал отырғызайық. Жемісін кейінгілер жесін», – деп жауап қатады. Мұндай жауапты күтпеген Һарун Рашид әлгі қартқа риза болып, қартқа бір уыз алтын береді. Сонда қарт: «Көрдің бе, балам. Бұл тал шыбықтың жемісін міне, мен де көрдім», – дейді. Қарияның сөзіне одан сайын риза болған халифа тағы алтын ұстатады. Қарт Һарунның жүзіне күлімсірей қарап: «Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым жылына екі мәрте жеміс береді» деген екен.
Бұл тақырыпта бізге қарағанда бабалардың сөзі өтімді. Олай болса, тыңдаңыз! «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды», «Дарақ бір жерде көгереді», «Бау-бақшаның қараусыз қалғаны – көк ағаштың отын болғаны», «Миуалы ағашқа бәрі де қарайды».
Шынында, Қырымбек Көшербаевтың аймақ басшысы ретінде атқарған ісі аз емес. Бәрінен де биігі – Хорасан ата басында қайраткердің отырғызған көшеті жеміс беріп тұр. Ең абзалы осы іс болар!
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
25 қыркүйек 2021 ж. 420 0