Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Елді Ер түлЕтЕді

Бүгінде аграрлы аймақтан өндірістік өлкеге айналған Сыр өңірінде өркениетті даму үрдісінің үлгілі динамикасына күнбе-күн көзіміз жетіп келеді. Қызылорда облысында халық санының артып, экономикасының кең құлашты алға озуында ірі шаруашылықты аудандар жетістігінің орны бір төбе. Соның қатарында Жаңақорған ауданына қарасты ұжымшарларда кезінде барлық шаруашылықты басқаруды, жергілікті кеңестер мен партия, комсомол ұйымдары тікелей міндетіне алып, жауакершілікпен жұмыс жасағанын ұмытуға болмайды.

1938 жылы 19 қаңтарда Қызылорда облысы құрылды. Осы кезде Жаңақорған ауданы Шиелі ауданынан бөлініп шыққан еді. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында болып келген Жаңақорған ауданы Қызылорда облысының құрамына енді. 1938 жылы ауданда 25 ұжымдық шаруашылық, 1 өндіріс артелі, 1 баубақша өсіретін Ащысай комбинатына қарасты «Горняк» қосалқы шаруашылығы болды. Ауданда 2150 гектар жерге егін егіп, оның әр гектарынан 4,5 центнерден өнім жиналды. Мал басы 18 мыңға жетті. Соғыстан кейін 50-60-70 жылдары ауданда шаруашылықтарды ірілендіру жұмыстары жүрді. Ұжымдар бір-біріне қосылып, ірілендірілген ұжымдық шаруашылықтарға, кейіннен кеңшарларға айналып жатты.
Түгіскен алқабын игеру алпысыншы жылдардан бастап-ақ қолға алына бастады. Түгісен алқабының құнарлы жер екендігіне жұрттың көзі жеткен. Егер бұл жерлер игерілсе астық молшылығына негіз қаланады, мал шаруашылығының өркендеуіне де ықпалы мол болмақ. Міне, осы себептен жер жағдайын жақсы білетін кәнігі маман Зұлпыхар Мұсахановтың басшылығымен «Келінтөбе» каналы қазылды. Аймақта алғаш «Келінтөбе» кеңшары ірге көтеріп оны кейінгі жылдары Шәуленбек Дүйсебеков, Сүлеймен Әлиев, Батырбек Ысқақов, Қозтай Әбуов, Мадияр Ахметовтер басқарды. Жетпісінші жылдардан кейін қазығы қағылған партияның ХХIV сьезі атындағы кеңшар егемендік алғаннан кейін өзінің тарихи атауы Баспақкөлмен қауышты. Қазірде Қаратөбе ауылдық округі деп аталады. Қазығы жетпісінші жылдары қаланған, ол кезде қазірде Қаратөбе атауымен қауышқан ауылда көңіл тоғайтар жаңалықтарды іздеп ауылға арнайы ат басын бұрдық. Ауыл әкімдігіне жақында ғана тұрғылықты халықтың өз таңдауымен сайланған Жеңіс Абайұлы бұған дейін өзі білім алған №229 Абызтөбе орта мектебінің тізгінін ұстап келсе, енді екі жеңді түрініп, білім саласында жинақтаған тәжірибені елді басқару бағытына бұрып, ел дамуы арнасына бағыттаған жігерлі маманның алға қойып отырған жоспарлары аз емес екен. Әйтсе де кіндік қаны тамған жердің тынысы мен тіршілігіне аса жетік іс адамының қадамы сәтті болып, ауылда біткен игі істер баршылық екен. Бұл туралы ауыл әкімі Жеңіс Манамбаев бізге мынадай ақпараттармен бөлісті. – Бір қуанышты жағдай, ауылда 20 орындық амбулатория құрылысы салынып бітуге таяу. Мектепке дейінгі созылып жатқан Асқар Тоқмағамбетов көшесін жарықтандыруды қолға алдық. Қаржысы шешіліп, кәсіпкерге конкурс жарияланды, мердігер анықтала сала жұмысты қолға алу күтіп тұр, – дейді ол. Ауылдағы тұрғылықты халықтың саны 1810. Ауылдағы 190 орындық орта мектебінің құрылысы тоқсан жетінші жылдары асар әдісімен салынған. Қазір онда 400 бала оқып, білім алуда. Екі ауысыммен жұмыс жасауда. Ауыл әкімі ең алғашқы қадамын жоғары орындар алдына жаңа мектеп салу туралы мәселені қоюмен бастандырып отыр. Өйткені халық саны артып келеді. 2013 жылы күрделі жөндеу жасалған типтік мектепті енді толығымен жаңарту мезгіл мінберіне шыққан мәселе сынды. Осыны ұсыныс етіп қойып отыр екен. Үш көшені орташа жөндеуге ұсыным әзірлеп отыр. Бір көше тегістеліп, тас төселу жұмыстары жүруде екен. Бәрінен бұрын мектепке барар көше бойына асфальтталған тротуардың төселуі білімгерлер мен ұстаздарға жасалған үлкен қамқорлық болды. Ауылдың негізі кәсібі – мал мен егін шаруашылығы. Ауыл тұрғындары мұнан өзге бау-бақша дақылдарын өсірумен де айналысып келеді. Үй іргелік жерден бөлек бау-бақша өсіруге еркіндік берілген. Аяқ су келіп тұрғандықтан көп ауылдарға қарағанда кәсіп көзі бар. Сондықтан да ауыл тұрғындарының өз-өзін қамтамасыз етуіне жағдай мол. Соның нәтижесі болса керек, ауылда атаулы көмек алатын адамдардың саны 11 отбасы ғана. Бұл ауылдар арасында салыстырмалы түрде қарағанда жақсы көрсеткіш. Ауыл жағдайын ең алдымен жақсы біліп, бес саусақтай сарапқа салып отыратын әкімдер Әлеуетті заң мемлекеттің іргетасын бекітумен қатар әлеуметтік – экононмикалық, қоғамдық саяси дамуына басты бағдар береді. Сондықтан халық даналығы заң бар жерде тәртіп бар дейді. Біздің егеменді мемлекетіміз алтын заң аясында талай жетістікке жетті. Шекарамыз шегенделіп, мыңдаған нысандар бой көтерді. Халқымыз алыс-жақын елдермен әріптестік байланыс орнатып, әлемдік дейгейдегі ауқымды іс шаралар өтуде. Алпауыт елдердің Қазақстанмен әріптестік негізде қарым-қатынасына кең жол ашылып, елімізге инвестиция көлемі артты. Тәуелсіздік жылдары қасиетті Сыр елі, оның ішінде киелі Жаңақорған ауданы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ауданның экономикалық-әлеуметтік бет-бейнесі жаңарды. Жыл өткен сайын аудан ажары артып, ауылдарда жаңа ғимараттар бой көтерді. Мемлекет қаржысы есебінен салынған нысандар пайдалануға берілді. Бірлігі жарасқан аудан халқының игілігі үшін жасалған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді. Осындай өміршең істер бастауында біздің Ата заң және тәртіпке бас иген халқымыз тұр, – дей келіп, осындай заң аясында ынтымақты тіршілігін жалғап, табыс биігінен көрініп келе жатқан аудан халқына рахметін айтып, тәуелсіздішгіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, бірлігіміз бекем болғай деген игі тілегін былай жалғады: Жаһандану заманында әр ұлтқа өзінің экономикасын ғана емес, табиғи болмысын сақтау өзекті. Құстың қос қанатындай бір жағы экономика, бір жағы руханият болу керек. Жаңа Қазақстан құру үшін қазақ халқына керек мәселе ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өмір салтына енгізу, барлық ғалымдар қолдап отырған осы идеяны Мемлекет басшысы да қуаттап, зиялы қауымға үлкен міндеттер жүктеді. Бұл құндылықтар біздің Ата заңымызда нақты көрінісін тауып, ел өмірінде де бір жүйеге түсіп келеді. Ұлттық құндылық ел көгіндегі шамшырақтай жарқырап тұрғанда айқын дамуымызға жол ашылмақ. Мыңжылдық тарихы бар жасампаз болашаққа жол сілтейтін өзекті болу керек. Ең бірінші құндылық – адам. Адамның адами қасиеттері ар-ождан құндылықтарымен өлшенеді. Ал екінші құндылығымыз отбасы. Жарасымды жанұя құрып, болашаққа саналы ұрпақ тәрбиелеу басты міндет. Асыл құндылығымыз – Отан, ол ел-жерді сүюмен сипатталады. Әркімге өзінің туған жеріне қызмет ету, оны гүлдендіру адал кәсіппен айналысып, адами қасиеттеріне берік болу міндет. Соның барлығының түп негізін қалайтын білімді ұрпақ Президент өзі айқындап бегілеген Ақпараттық Доктринада Ұлттық құндылықтар айқын көрсетілді. Елімізде отбасы және бала мәселесі бөлек қаралып, әр баланы адами капитал ретінде АтА ЗАң – жАрҚЫН БолАшАҚ БАғдАрЫ (Жалғасы. Басы 1-бетте) қарауға алғышарттар қабылдануда. Толық адам қалыптастыру концепсиясы білімді болуды ғана емес, білген-түйгенін ұлттық руханиятпен байланыстыру талабын көздейді. Ол үшін әрбір азамат туған тілді меңгеріп, салт-дәстүрді бойына сіңіргенде ғана ұлттық кодымыз берік болмақ. Жалаң білім толық адамды қалыптастыра алмайды. Сапалы ұлт негізін қалайтын адам капиталы білім, ғылым, инновация, салауатты өмір құндылықтарымен бекемделмек. Бүгінгі жағдайда қоғам мүшелеріне жағдай жасау, адами өмір салтын жақсарту басты орында тұр. Жастарымыз салауатты болып, қазақ атын әлемге танытатын балаларымыз көп болсын. Салтанатты шараның келесі бөлімінде ҚР Конституциясы мерекесіне орай марапаттау шарасы жалғасын тапты. Жаңақорған ауданы прокуроры Дабыл Аянұлы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сол сияқты осы марапатқа Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің басшысы Нұрлан Мірғалиұлы, Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Мерейлі Жантөреұлы да ие болды. Одан әрі аудан әкімінің Алғыс хатымен Қыраш ауылының әкімі Бақытжан Қанжарбекұлы, Жаманбай батыр ауылы округінің әкімі Әлібек Асанбайұлы, көп жылдардан бері еңбек инспекторы, қазірде кәсіби медиатор Бұғыбай Әлиевтер марапатталды. Сондай-ақ, осы мінберден «Жебеуші» қоғамдық қорының әлеуметтік такси жүргізушісі Әбдеш Әбдіғаниұлы, Қызылорда электр тарату бөлімі акционерлік қоғамына қарасты Жаңақорған аудандық электр торабы кран жүргізушісі Сәрсенбек Темірбекұлы, Жаңақорған ауданы электр торабының бұрғылау аппараты жүргізушісі Данияр Тұрарұлы, аудандық су мекемесінің машинисі Берік Нұрәлиев, №164 орта мектеп шаруашылық меңгерушісі Темірханат Әбдіманапұлы, Жайна Маманқызы және Нәбира Бектұрсынқызы сынды «Құрметтеуге лайық жан» жобасына қатысушы аналар ие болды. Марапаттаудан соң фольклорлық ансамбльдің орындауында жергілікті сазгер Бәден Аясыновтың «Егемен Қазақстан» күйі орындалды. Әбілқайыр Сыздықовтың«Тұғырлы өлке Жаңақорған» әнін ҚР мәдениет саласының үздігі Рауан Бақтыбаев орындады.. Елді Ер түлЕтЕді (Жалғасы. Басы 1-бетте) тазалықпен жұмыс жасап, таразыны тең ұстап отырса барлық ауылда осындай көрсеткішке жетуге болады. Ауылда бетке ұстар шаруақожалығы ретінде «Сұңқар» шаруа қожалығы аталады. Оның төрағасы аудандық мәслихатқа екі мәрте депутат болған Құлмаханбет Исахановтың есімі көпке танымал. Бұл шаруа қожалығы бүгінде 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мал және егінмен айналысады. Шаруа қожалығы биыл 300 га жерге күріш екті. Одан бөлек күріш, бидай, мал азығындық дақылдардан жоңышқа егеді. Мұнан өзге ауылда майда шаруашылықтардан 14 шаруа қожалығы бар. Жалпы Қаратөбе ауылы биыл 406 га жерге егіс екті. Биылғы су тапшылығына қарамастан жоспардағы межеден шығамыз ба деген үміт бар. Ауыл болған соң таланттан кенде болмайды. Солардың қатарында әкім жас талант ақын Сұлтан Ерғазыұлы туралы жылы пікірін білдірді. Өзі мектепте оқып жүрген кезінен ақындық талабымен танылып, сайыстарда жүлделі орын алып жүр екен. Ұстазы Алмагүл Сыздықова қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Ауылдағы №229 орта мектебі соңғы жылдары қатарынан ауданның үздік ондығы қатарында келе жатқанын өзіміз де куәміз. Осы жылдар бедерінде мектепті жылда екі «Алтын белгі», бірнеше Үздік аттестат иегерлері тәмамдап келеді. Биыл 27 бітірушінің 26-сы грант иегері атанды. Мұның себебіне келсек, мектеп білім іргетасы жақсы қаланған. Бұрынғы мұғалімдер мен кейінгі толқын арасында тығыз ынтымақтастық сабақтастыққа негіз қалап отыр. Мұғалімнің жағдайы жақсы, өзара ауызбірлік болған жерде білім ұясында жақсы аура қалыптасады, онда шәкірттер де тиянақты білім алады. Бұдан бұрынғы мектеп басшылары Ж.Срайыл, К.Дандаев сынды мектеп директорларының кезінде шәкірті кейін әріптесі болған біздің сұхбаттасымыз осылай дейді. Мұғалім мәртебесінің көтерілуі ауыл ұстаздарының еңбегіне жігер дарытып, жемісті нәтижесін беріп отыр. Мектепте бір ерекшелігі, бірде-бір оқушы репетитор дегенге күні түсіп, ата-ана қалтасынан қаржы қақпай-ақ, мектеп мұғалімдері төл шәкірттеріне өздері демеу болып, сабақтан тыс уақытта дайындығын пысықтап, жан-жақты жұмыс жасап та эксперимент жасап, репетитор жалдағаннан артық нәтижегег қол жеткізді. Осы тәжірибені барлық мектептер қолданса жетістікке қол жеткен болар еді. Ауыл әкімі Жеңіс Абайұлы орта мектептен соң Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің тарих және география факультетін бітірген, 2006 жылдан бері мектепте ұстаз, мектеп директорына дейін өскен. Ата-аналарына келсек, әкесі Абай осы ауылдың қазығының қағылуына еңбегі сіңген, шпруашылықта бригадир болған, анасы Дүйсенкүл ауылдағы мыңдаған сәбидің кіндігін кескен ақ халатты дәрігер болған кісі. Қазірде жасы жетпіс төртте, сегіз баланы тәрбиелеп жетілдірді. – Осы елде өскендіктен ауыл адамдарының жағдайын жақсы білемін. Ең бастысы – ел сенімін ақтауым керек, – дейді ол.
31 тамыз 2023 ж. 325 0