№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Туған жерім – киелі мекенім»

«Туған жерім – киелі мекенім»


Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Әрбір жанға табан тірер туған өлкесі, кіндік қаны тамған киелі шаңырағы бәрінен қымбат. Өйткені, адамның болашағы да, өткені де қасиетті мекенімен тығыз байланысты. «Туған жерге тағзым» тақырыбында Адырбек Сопыбеков атындағы орталық кітапханада әдеби кешке «Қыран» мектебінің 5-6 сынып оқушылары (жетекшілері Салтанат Садыкова, Фарида Маханова) қатысты.


Шараның мақсаты – оқушылардың туған Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жерге адалдыққа баулу. Туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, атамекенді сүюге, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу.
Шараны кітапханашы Жанат Ту­лешова жүргізіп мән-мазмұнымен та­ныстырды. Одан әрі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақ­­сатында «Ұрпаққа ұлағат, тарихқа тағзым» атты оқушыларға кітап көрмесі таныстырылды.
Балалар ұлы дала ерекшеліктері мен атқа міну мәдениеті, ұлттық болмысты дәріптеу, ұлы даладағы ежелгі метал­лургия, аң стилі, «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек» жолы туралы мәліметтермен танысты. Алма мен қызғалдақтың отаны Қазақстан екендігін ұқты.
Туған жер туралы «Құлпыра берші, кең дала!» «Ауылым» «Туған жер» «Атамекен» әндерін нақышына келтіре орындады. Оқушылар туған жерге деген ыстық лебіздерін білдіріп, ақын өлеңдерін жатқа айтты.
Шара соңында аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Жиенбаева сөз алып, қорытындылады. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Осы жер оны елімен, халқымен, өткенімен және болашағымен байла­ныстырады. Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт. Адамның өскен жері жанына, сана – сезіміне әсер етіп, мәңгілік есінде қалады.

Әсел ИБРАГИМОВА



18 қаңтар 2023 ж. 953 0