№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бесарық жастарының бағы жанып, турнирдің жеңімпазы атанды

Бесарық жастарының бағы жанып, турнирдің жеңімпазы атанды

Тұңғыш Президент «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» деп туған өлкеге тағзым жасауды айрықша атап өткен болатын.
Осы тұста «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Талап ауылдық округі, Бесарық бекетінде ауыл жас­тарының ұйымдастыруымен шағын футболдан ауданаралық ашық турнир өтті. Ауылдың қос боздағы Адырбек Бабашов пен Саят Досаевты еске алуға арналған турнир былтыр да жоғары деңгейде өткен болатын. Биыл да дәстүрлі турнир жомарт жандардың демеушілігімен жалғасын тауып, көршілес Түркістан облысы мен жергілікті 16 команда бақ сынады. Тартысты өткен турнирдің қола жүлдесі үшін Сыр беткейден келген қос ауыл өзара тамаша ойын өрнегін көрсетті. Десе де, қырағылық танытқан қыркеңселік жастар намыс­қа тырысып, үшінші орынға ие бол­ды. Ал жеңілген Өзгент құрамасы ынталандыру жүлдесін қанағат тұтты. Нағыз бәсеке ақтық сында болды. Жергілікті Бесарық бекетінен құралған 1993 жылғы жастар мен Түркістаннан келген «Бауырлар» құрамасы бір-бірінің осал тұсын таппады. Межелі уақыт аяқталған соң, пеньалти ке­зеңін­де Бесарық жастарының бағы жанып, турнирдің жеңімпазы атанды. Осылайша жүлдегер командалар ұйым­дастырушы тараптың ақшалай қар­жысы мен бағалы сыйлығына ие болды. Бірінші орынға 50 мың, екінші орынға 30 мың, үшінші орынға 20 мың теңге қаржылай ақша берілді.
– Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының қадым-қадым заман­нан келе жатқан салты. Ал елжан­дылықтың тамыры кіндік қаны тамған өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы осыған үндейді. Осы орайда туған өлкенің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген талаптық ауыл жастарының ауызбіршілігі көңіл қуантады. Өмірден өткен жора-жолдастары атынан шағын футболдан жарыс өткізіп, соңы­нан ас беріп, ақсақалдардың батасын алғаны үлгі боларлық ізгі шара, – дейді ауыл тумасы Ғабиден Шеңгелбаев.
Айта кету керек, дәстүрлі Адырбек Бабашов пен Саят Досаевты еске алу­ға арналған турнирін ауылдың 1985-1991 жылғы жастары ұйымдастырды.

                                                                                                                                              Ерлан РАЙЫМБЕК
21 тамыз 2019 ж. 1 073 0