Соңғы жаңалықтар

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » "Туған жерім - киелі мекенім "

"Туған жерім - киелі мекенім "

Жаңақорған ауданының Адырбек Сопыбеков атындағы кітапхананың балалар бөлімінде "Қыран" мектебінің 5 сынып оқушыларымен С.Садыкованың қатысуымен "Туған жерге тағзым " жобасы аясында "Туған жерім - киелі мекенім "атты әдеби караоке болып өтті.

Мақсаты: Оқушылардың "Отан" "Туған жер" құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Туған жерін сүюге, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу.
Шара барысында "Ұлы даланың жеті қыры мақаласын насихаттау мақсатында "Ұрпаққа ұлағат ,тарихқа тағзым "атты оқушыларға кітап көрмесі таныстырылды.
Балалар ұлы дала ерекшеліктері мен атқа міну мәдениеті, ұлттық болмысты дәріптеу, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы туралы мәліметтер мен алма мен қызғалдақтың отаны Қазақстан екендігімен танысты, караокемен туған жер туралы "Құлпыра берші, кең дала!" "Ауылым" " Туған жер" " Атамекен" әндерін нақышына келтіре орындады. Шара соңында оқушылар Туған жерге деген ыстық лебіздерін білдіріп, керемет көңіл күйде тарқасты.




12 қаңтар 2023 ж. 301 0