» » » Қаралы үйден қазан шығаруға болама?

Қаралы үйден қазан шығаруға болама?

– Қайтыс болған адамның басына алуан түрлі тастардан үй тұрғызып, қызыл кірпіштен қабырғасын көтеріп жатады. Қабір басын көркемдеп, бірбірінен қалыспайтын әдет-дағды да исламға жат. Бұл жөнінде не айтасыз?– Әрине, өліге құрмету көрсету, арулап ақтық сапарға аттандыру – шариғат талабы. Енді діни рәсімдердің барлығы да өз орны мен тәртібімен орындалса игі. Қабірдегі марқұмға зәулім сарай тұрғызудың ешқандайда пайдасы жоқ. Шариғатта «өлген адамға құрмет қыл, ол үшін мал мен жан-жануар кірмейтіндей етіп қоршап қой» деген. Бүгінгідей бір-бірінен асырып күмбез соғатындардың ісін Пайғамбарымыз (с.а.с) ысырапшылдыққа теңеді. Хадисте: «Өлген адамның артынан үш-ақ нәрсе барады. Ол елге жасаған жақсылығы, яғни көпір, мектеп, аурухана салған болса, екінші – халқына ілім мен білімді тегін үйретсе, құнды кітап жазса, үшінші – артында жақсы тәрбиелі ұрпақ қалдырып, солар артынан дұға жасаса» деген. Сол бейітке кеткен қаржыға жетім-жесір мен кедейкепшіктің қажеттілігін өтесе, науқас жанның еміне төлесе, міне осыдан артық сауапты амал жоқ. Сондықтан бәсекелестік үрдісіне қоғам болып қарсы тұратын ұрпақ қалыптасса игі. Ол үшін имам-молдаларға қолдау керек. Әрбір ауылда ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңестің төрағалары және әкім бірігіп, жұмыс жасаса, барлығы да жөнге келеді. Қоғам болып жұмылсақ, шешілмейтін түйін жоқ. Жалпы, асыл дініміз Ислам аста-төк астың ысырапшылдығын құптамайды. Керісінше, бай-бағланның қолында барын беріп, қиналған қауымның қайғысын бөлісуге үндейді. Осы жерде мына бір жайтты да айта кеткім келіп тұр. Қазалы үйдің дастарханынан ішіп-жеу бір бөлек, сыпырыпсиырып қалғанын пакетіне сап алып кететін сүйкімсіз дағдыға не дейміз? Осы қаншалықты орынды? Шариғатта өзге үйден рұқсатсыз алған бір тілім нанның өзі, өзіңнің бауырыңның етін жегенмен тең деп айтылады. Егер үй иесі өздері ықыласымен беріп жатса бір жөн.

  – Бүгінде елдің арасында мейірбандық азайып бара жатқандай. Бұл тұрғыда не айтар едіңіз?

  – «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», – дейді Майқы би. Сол себепті де ата-бабамыз өскелең ұрпаққа үнемі татулықпен ынтымақты насихаттап отырған. Соңғы отыз жылдың ішінде алпауыт елу елдің қатарына еніп, дамыған отыз елдің бағытына қарай қамшы салып, жүгенді бұрғанымыз осы бірлік пен татулықтың арқасында деп айтуымызға болады. Ислам – «амандық, саулық, мойынсұну, бағыну, берілу» деген мағынаны білдіреді. Яғни ислам бірлік пен бейбітшілік діні деген сөз. Ислам әрбір дін өкіліне ізгілікпен қарайды, сыйлайды. Сондай-ақ кез келген жанды туған жеріне, дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына немесе түр әлпетіне қарап бөліп, ара-жігін ажыратпайды. Адамға адами тұрғыдан баға беріп, Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары емес, тек тақуалық пен діндарлықта ғана дәрежелері биік болады деген сенімді орнықтырады. Себебі Құран кәрімнің көптеген жерінде бірлік туралы баяндалады. Мысалы, Алла Тағала Хужурат сүресінің 13- ші аятында: «Уа, адамзат! Сендерді Біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік. Өзара қарымқатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп көбейттік. Сендердің бір-біріңнен артықтығың несібелеріңмен емес, діндар-тақуалықтарыңмен есептеледі». деген. Сонымен қатар, Президент ҚасымЖомарт Тоқаев «бейбітшілік пен қоғамдық келісім – баға жетпес байлығымыз. Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез келген қиындықты жеңіп, дамудың даңғыл жолында келеміз», – деген болатын. Бірақ әлемде орын алып жатқан оқиғалар, әлеуметтік желіде кезіп жүрген жалған ақпараттар, қабақ түйіп, қастық ойлағандардың арандатулары бейбітшіліктің байрағын биікке көтеріп, ұйысып отырған елдің ауызбіршілігін сынауда. Біз осы тұста арандатушылардың жазбасына алданбай, бірлігімізді көрсетуіміз қажет-ақ.
29 қараша 2022 ж. 643 0