Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тілі басқа, тілегі бір

Тілі басқа, тілегі бір


Елімізде өмір сүріп жатқан әр түрлі этнос өкілдеріне өздерінің тарихын, салт – дәстүрлері мен халықтық қалпын сақтаулары үшін мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндіктер мен конституциялық құқықтар берілген. Ең бастысы қазіргі күні қазақстандықтар өзара келісім мен бірлікке қол жеткізіп отырған бақытты, баянды, біртұтас Қазақ еліне айналды.

  Бейсенбі күні аудандың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен А.Сопыбеков атындағы орталық кітапханада қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттап, мәртебесін көтеру, қазақ тілін меңгерген этнос жастарына қолдау білдіріп, ынталандыру мақсатында «Тіл – парасат» аудандық байқауы өткізілді.

Байқауға №169 Н.Илялетдинов және №53 А.Д.Романов атындағы мектептердің қазақ тілін еркін меңгерген 9-11 сыныптарында оқитын түрік, орыс және өзбек ұлттарынан 8 талапкер бақ сынады. Қазылар алқасы құрамына Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» Жаңақорған ауданы бойынша филиалының мемлекеттік тілді оқытушысы Айгүл Төлепбергенова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Маржан Шынбаева қатысты.

Байқаудың шарттары үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – қатысушы өзін-өзін таныстырып, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқыды, екінші кезең – викториналық сұрақтар бойынша экрандағы ұяшықтарда жасырынған сауалдарға жауап берді, соңғы кезең – шығармашылық өнер көрсетуден қатысушылар сынға түсті. Талапкерлердің білім мен өнерлерін саралау барысында олардың мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізуі, тақырыптың мазмұның толық аша білуі, сөздерді дұрыс айтуы сынды талаптарға аса мән берілді.

Тартысты өткен байқау қазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтады. Бас жүлдені №169 Н.Ильялетдинов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы түрік ұлтының өкілі Илимдар Дошполат иеленсе, бірінші орынды да осы мектептің шәкірті Гюнеш Изатова, екінші орынды №54 А.Д. Романов атындағы мектептің оқушысы Райля Ракманова, үшінші орынды №169 мектеп түлегі Никита Пятикова бөлісті. Жеңімпаздар дипломмен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сайыс өте тартымды да тартысты өтті. Ең қуанарлығы, қазақша сөйлейтін этнос өкілдерінің қатары көбейіп келеді Жүзі басқа болса да, жүрегі бір соққан отандастардың мемлекеттік тілге деген құрметіне тағы да бір еріксіз тәнті болдық. Тілге деген көзқарас – шындап келгенде елге деген көзқарас. Осы тұрғыдан келгенде – мемлекеттің тұтастығы мен елдің бірлігін сақтай отырып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, оның қолданыс аясын кеңейту баршамыздың басты міндетіміз.

Әсел Ибрагимова

07 наурыз 2023 ж. 924 0