» » » "Тіл - парасат" аудандық байқауы өтті

"Тіл - парасат" аудандық байқауы өтті



Кеше Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен А. Сопыбеков атындағы орталық кітапханада қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттап, мәртебесін көтеру, қазақ тілін меңгерген этнос жастарына қолдау білдіріп, ынталандыру мақсатында "Тіл — парасат" аудандық байқауы өткізілді.


Байқау шартына сай қазақ тілін еркін меңгерген 14-22 жас аралығындағы жастар таныстыру, ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының шығармаларынан үзінді оқу, ел тарихы мен салт — дәстүріне байланысты викториналық сұрақтарға жауап беру, шығармашылық сынды кезеңдер бойынша бақтарын сынады. Талапкерлердің білім мен өнерлерін саралау барысында олардың мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізуі, тақырыптың мазмұнын толық аша білуі, сөздерді дұрыс айтуы сынды талаптарға баса мән берілді.

Байқауға №169 Н. Ильялетдинов және №53 А. Романов атындағы мектептердің 9—11 сыныптарында оқитын түрік, орыс және өзбек ұлттарынан 8 талапкер қатысты.
Нәтижесінде бас жүлдені №169 Н. Ильялетдинов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы, түрік ұлтының өкілі Дошполат Илимдар иеленсе, бірінші, екінші және үшінші орындарды Изатова Гюнеш, Ракманова Райля мен Пятиков Никита бөлісті. Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар диплом, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


10 қараша 2022 ж. 439 0