№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Байқау үздіктерді анықтады

Байқау үздіктерді анықтады

Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауы мәресіне жетті. Байқауға мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялаған журналистер қатысты.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған байқауға облыстық басылым мен телеарна, қала және аудандық газет тілшілері де қатысып, бағын сынаған болатын.
Байқау жеңімпаздары үш номинация бойынша марапатталды. «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», және «Үздік сайт мақаласы». Байқауға қатысушылардың жұмысын Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қаршыға Есімсейітова басқарған қазылар алқасы бағалап қорытындылады.
Байқау қорытындысымен қазақ тілді баспасөз бойынша «Үздік мақала» номинациясына республикалық қоғамдық «Тіл мерейі» газетінің редакторы Миуа
Қожасқызы, қазақ тілді «Үздік телебағдарлама» номинациясына облыстық «QYZYLORDA» телеарнасының «Жаңалықтар» бөлімінің сарапшы-редакторы Қозы Көрпеш Жасаралұлы лайықты болды. «Үздік сайт мақаласы» номинациясына қазақ тілді сайт бойынша облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Гүлдана Жұмадиноваға бұйырды. Ынталандыру сыйлығына «Халық» республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық газетінің тілшісі Бекзат Аманов, аудандық «Қазалы» газетінің ұжымы ие болды. Ал, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әсел Рзаева жүлделі үшінші орыннан көрініп, мерейімізді үстем етті.
– Байқаудың мақсаты айқын, ең бастысы, тіл туралы ақпарат құралдары арқылы ұрпақ бойына, жастардың санасына, жалпы қоғамға ана тілімізді көбірек дәріптеу. Осы бағытта тілшілер қауымын көбірек жұмылдырып, солар арқылы қазақ тілінің құдыретін, қадыр-қасиетін қоғам алдына шығару. Өйткені, ана тілге деген құрмет, мәртебе мен махаббаттан қоғамның кейбір бөлігі алыстап барады. Бұл байқау жылда ұйымдастырылғаны жөн, – деді Қаршыға Құрмашқызы.
Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломы және сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, байқау жеңімпаздарының материалдары республикалық кезеңге қатысуға жолданды.
Ерлан АБДРАСИЛОВ.
29 маусым 2021 ж. 858 0