№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Егемендік рухы


«Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген, мен Отанды анамдай иемденем» деп Мұқағали ақын жырға қосқандай, әрбір жүректе өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілік болмайынша үлттық рух қалыптастыру мүмкін емес.

  Қазақтың қасиетті жері – біздің асқақ рухымыз, баға жетпес байлығымыз, мәңгілік мұрамыз. Қазақстан сан қилы тарихи кезеңдерді бастан кешті. Кеңестік кендір бұғаулы саясаттың қамытын қиып, қамалын қақыратып, өз алдына керегесі берік, шаңырағы биік егеменді мемлекет құрды. Тілімізге теңдік, ойымызға кеңдік берді.

Отанын сүйген жан оның әр талын қызғыштай қорып, бөтен сұқ көзге кіріптар етпейді. Отанына өз ұясын қорыған қарлығаштан бетер қорған болып, сол жолда жанын да құрбан етуге даяр.

Атамекен деген сөзде кие бар. Сондықтан да жастарымыз білім мен қайрат-жігерін өз елінің мүддесіне жұмсауы тиіс. Отанды сүю – баршамыздың міндетіміз.

Тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен ең бірінші сүйінші жаңалық – шетте жүрген қамкөңіл қандастарымыз туған жерге көш басын түзеді. 1992 жылдың 27 тамызында шетелдерде тұрып жатқан қандас бауырларымызды Отанға орлату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. 1992 жылы Дүние жүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы өтті. Елімізде дүниежүзі қазақтарының бес құрылтайы өтті. Әлемде өз қандастарын ата-жұртқа жинап, мемлекеттік тұрғыда көмекқолдау жасап келе жатқан бірден-бір мемлекет екендігіміз көңілге қуаныш ұялатады.

1993 жылдың қысында көші-қон саясатымен елге бет түзеген азаматтар қатарында біздің Жаңақорған жеріне Ауғанстаннан, Түркиядан келген 30- 40 оралман отбасыларының жергілікті жерге келіп қоныстануы, тез арада сіңісіп, аяқ-табақ араласқан ағайынға айналып кете барғаны да көз алдымызда.

Қай жер, қай кезеңде болмасын адамның күнкөрісін тіктейтін, қатарға қосатын жеке кәсіп пен сауда-саттық қой. Алыстан келген ағайындарымыз келген күннен бастап осы кәсіпке дендеп бел буып, батыл кірісуі нарықтық саясатқа енді ғана төселе бастаған ел тіршілігіне екпін берді. Өздерінің келген жағында қалып қойған ағайынмен қарымқатынасын тоқтатпай, бұл жақта түкке жарамсыз жатқан тері-терсек, жүнжұрқа, металл бұйымдары теңделген көліктер көші жиіледі. Бұл аудан өміріне, ел өмірне тың серпін әкелді.
Жетпіс жыл кеңестік тәртіптің ережесінде еркіндіктен қол үзіп, өз тілінен, өз дәстүрінен жаңыла бастаған жұртшылық осы бауырларымыздың өмірлік дағдысына қарап отырып, бабаларымыз қасиет тұтқан құндылықтардың қадірін зерделей бастады.

Ой мен бой бірдей тазарғанда кісінің бағы ашылып, жолы оңғарыла түсеріне осы ағайындардың өздеріне тым-тым сенімділігі, мақсаткерлгі, бір күндігін емес, келешегін кесіп-піше білер зеректігі өнеге болып, елде кәсіптің жаңа түрлері өріс ала бастады. Оралман ағайынның көбі жағдайын түзеп алған соң ауасы жайлы, жері шұрайлы оңтүстік жвққа қоныс аударды. Ал, туған жерімізге тұрақтап қалған ағайынның тыныс-тіршілігіне қарап отырсаңыз, сол қанағатқа сүйенген қарым-қабілетін тірек етіп, өсіп, өркендеп, бау шарбағын түзіп, тұрмыстары да жылдан-жылға дәулеттеніп келе жатқанын көріп отырмыз. Қазақы дәстүр-салтына беріктігі сондай, оралман отбасыларда ұя бұзу, ажырасу, бір-бірін сотқа сүйреу деген жағымсыз құбылыстардың жоқтығы өнеге етуге тұрарлық.

Ұлы ұстаз Әл-Фарабидің «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деген сөзі бар. Қоғам да сондай, өзін-өзі дамытып, жетілдіріп отыратын жанды құбылыс. Ізгілікті қоғамды ізгі ниетті адамдар жасайды.

Қазіргі кезде өзге елде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың жалпы саны ұлтымыздың үштен бірін, яғни бес миллион адамды құрайды. Олар әлемнің қырықтан астам елінде өмір сүріп жатыр. Олар шет жерде ғұмыр кешсе де әр қазақтың мәртебесіне тілеулес, мерейіне ортақ, жеңісіне қуанады. Өйткені әлемдегі бар қазақ – бір қазақ. Оларды біріктіретін бір ғана күш, ол ұлттың ұлы рухы. 

Баян Үсейінова
27 қазан 2022 ж. 701 0