"ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ"
Бүгін "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты ҚОЖАМБЕРДІ бастауыш партия ұйымында егеменді еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуына орай, "ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ" атты іс шара өткізілді. Іс шараға "ҚОЖАМБЕРДІ" бастауыш партия ұйымының төрағасы Нәлібаев Молдахмет және партияның мүшелері қатысты.
Тәуелсіздік- бабаларымыздың ақ білегінің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлы жеңіс. Бізге болашақ жастарға міндеттелген бабалардың баға жетпес аманаты. Биыл Қазақстан Республикасының тәңір берген сыйы, азаттығымыздың 30 жылдығы. Осы 30 жылдыққа алғашқы нық қадам 1991 жылдың 16-желтоқсанында жүзеге асырылды. Бұл күн әрбір отаншыл, патриот азаматтың жүрегінде от болып лаулап, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, болашаққа деген сенімін нығайта түседі. Себебі Отанды сүю – адамзаттың асыл міндеті, азаматтық борышы, өмірлік ұстанымы. Отан – әрқайсымыздың дүниеге келіп, кіндігіміз кесілген, топырағына аунап өскен, ауасын жұтып, суын ішкен, тілінде сөйлеп, дінінен тәрбие алған туған жеріміз. «Отансыз адам, ормансыз құс» деп қазақ бекер айтпаған. Біздің Отанымыз – жер көлемі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бірі Тәуелсіз Қазақстан. Осындай керемет елді, кең байтақ жерді бізге Отан етіп берген.