№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тату елдің табысы ортақ

Тату елдің табысы ортақ


Қай перзент болсын, данышпан тұлға, ғұлама-ғалымдар болсын, өз туған жеріне бас иеді һәм құрметтейді. Туған мекеніңнен артық құдірет жоқ. Бұл – өз ойым, парасатты пікірім. Ақиқат пен адалдықтың алдында, Арда туған асыл ерлер бар мұнда. Бірде от боп лаулай жандым ба, әлде шоқ боп жанбай қалдым ба, білмеймін. Аллаға мәлім. Қайсар мінезді бол, тіпті қарапайым адам бол, өз айналаң берер бағасын. Ауыл мәдениеті мен әдебиеті – мен үшін қымбат әрі құнды дүние.


Мен жазиралы Жайылма жерінде туып-өстім, сонда білім алып, өнер қудым. Құдығымның суын ішіп, дархан жандардың дастарханынан дәм таттым. Атой салып топырағына аунап-қунадым, асыр салып дос­тарыммен ойнадым. Қариясы бар елдің қазынасы бар демей ме, дана қазақта. Ақылман ақсақалдан бата алып, алыс армандарға қадам бастым. Білім теңізінің кемесінде алғашқы әріптерді үйрендім. Ұстаздарымнан тәлім-тәрбиені бойыма сіңірдім. Сол білім теңізінде жүзген қаншама талант иесі жырақтарда шырайын шыңдап, қызмет жолында жүр бүгінде. Әрбірі ауылымыз үшін абыройлы міндетін атқара жүріп, қамкөңілдің қамқоршысы да бола білді.
Ауылдан жырақ жүрсем, ауылымды аңсаймын, басқан іздерімді, көшелерімді, ауыл жанындағы өзен-арықтарды, егін-бақты, жайдарлы жайлауымды, ағайын-туыс, бауыр­ларымды, ата-анамды сағынам.
Жырақтан ауылға келсем бірнеше жанның сөзі — бірі жақсылықтан, бірі жамандықтан қалыспайды. Жақсы­лықтан гөрі жамандығы құлағыма шым ете қалады. Ара-тұра бір-бірін жамандау, өсектің өзегін қуалап, сөз теріп жүрген де жоқ емес.
Мен өз ортамды басқаға қарадай жамандап нем бар? Кішкене болса да, ауыл баласының бойында намыстың тезі, жүректің сөзі болу керек. Бір-бірімізге жанашырлық танытып, қол ұшын созып, үделі үлесімізді қоссақ нұр үстіне нұр. Ауыл баласы нағыз еңбекқор, күш-жігері қайратты екенін білемін. Бірақ, арсыздықтан тым артық кетпейік.
Жылдың басы Наурыз айында ауыл адамдары егіншілікке қадам бастайды. Ал, содан кетпен-күрек қолдан түспейді. Ембіле егін егетін тұсын қоршап, дәнін жерге тастайды. Тауға жиналған суды сол егінге апару жыр болады. Ауыздан небір сөздер кетеді, мінезін көрсетеді. Мен осыдан қорқамын. Сонда бір ауылдың тұрғындары бір-бірін жау санай ма? Біз қай мекеннің тумасымыз? Қай жағада өсіп-өндік? Ес білгелі бір-бірімізді көріп, әрбірімізді жақсы танимыз ғой.
Үлкен-кіші ақылман данагөйлер даламызды кезсін, қызықшылығын сабырмен көрсін. Кем тұстарыңыз ақылмен шешілсін. Бірақ, болмысыз боқауызбен емес, сабырмен күн кешсек жараспай ма деп қалың ойға қаламын.
Ауыл тұрғындары егін науқаны кезінде, бақша-бауының қамын жеп, қараңғыда су ұрлайды. Осыны кезекке қойып, айқай-шусыз, ренішсіз шешуге болмай ма?
Менің негізгі айтпағым, ауыл тұрғындары жаппай қарбыз егіп, кленкамен жауып, ерте піскен өнімді көлікке тиеп, саудаға шығарады. Орнында қалған кленка атаулы желмен ұшып, жалп-жалп төбемізге түсіп, жерде қалғанын мал жеп, ауруға ұшырап жатады. Тек пайданы ғана көздеген әлеуметтің табиғатқа, қоршаған ортаға, мал-жанға телегей-теңіз зиянын тигізіп жатқаны ойландырмайтын тәрізді.

Ауыл тұрғындары жаппай қарбыз егумен емес, жоңышқа өсірумен айналысуы керек. Мал картон мен кленка емес, шөп пен жоңышқа жеу керек. Менің әкем осындай әрекетке барды, жылда жүгері мен жоңышқа егеді. Бірақ қарбыз еккіш адамдар осы егістікке су бермейді.
Ауылда алты ақ көше бар екен. Әлі бірде-біреуі асфальттанбаған.
Бала күнімізде белуардан келетін көкпеңбек шалғында комбайндар жүретін жүзіп. Бала біткен ауыл шетінде суға түсіп, мәз-мейрам болушы ек. Ауыл жап-жасыл, ауа тап-таза еді.

Жер жәннатым – Жайылмамның осыншама қадірін ұқпасам ұрпағы болғаным қайсы?
Ауылдың даңқын асырған сіз­дер, ауылдың халқын жырлар мен болайын. Тас түскен жерге ауыр болса, нағыз еңбекқор жандарды ешқашан ұмытпаймын.
Отан – оттан ыстық болса, Жайылмам – одан да ыстық!

Мадияр ОСПАНОВ

31 наурыз 2022 ж. 462 0