№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОН ТҮРЛІ ЖАУАП. МАҒЫНАЛЫ...

ОН ТҮРЛІ ЖАУАП. МАҒЫНАЛЫ...

Бірде Хазіреті Әлиге (оған Алла разы болсын) он шақты кісі келіп, "бір сұрақ берейік, егер ол шын саңлақ болса, он түрлі жауап тауып сөйлер" деген екен. Әлгілер Хазіреті Әлиден (оған Алла разы болсын): 
– Ғылым артық па, әлде мал артық па?, - деп оқыстан сұрақ қояды. 
Сол мезетте Әли (оған Алла разы болсын): 
Бірінші, білім артық. Өйткені білім - пайғамбарлардан қалған мирас, ал мал – перғауын мен Қарынбайдың мирасы. 
Екінші, білім сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. 
Үшінші, білімнің досы көп, ал малдың дұшпаны көп. 
Төртінші, білімді жұмсасаң арта береді, малды жұмсасаң азая береді. 
Бесінші, білім саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ калдырады. 
Алтыншы, білім өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, күту керек. 
Жетінші, білім қиямет күні иесіне шапағатын жасайды, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. 
Сегізінші, білім тозбайды, жоғалмайды. Мал болса, қолдың кірі, өледі жоғалады. 
Тоғызыншы, білім көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола түссе екен деп дүниеқоңыз етеді. 
Оныншы, білім Аллаға зекет беруге шақырады, таухидті бекітеді, ғибадатты дұрыстайды, ал мал иесінің көңіліне тәкәппарлық салады, - деп тапқырлық танытыпты.
21 сәуір 2019 ж. 956 0