№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тәуелсіздіктің тірегі – рухты азаматтар

Тәуелсіздіктің тірегі – рухты азаматтар


Мәскеудің саяси шешіміне наразылық білдіріп, 1986 жылы желтоқсанның ызғарлы күні орталық алаңға шыққан қазақ жастарының ерлігі санамыздан өшпейді. Бұл оқиға бізді ерлік іске бастап, елдік мінезге тәрбиелейді. Біздің ауданда тарихи сәтте алаңға шығып, өздерінің көзқарасын білдірген азаматтар аз емес. Міне, сондай азаматтарға Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында аудан әкімі Руслан Рүстемов құрмет көрсетті.


– Желтоқсан оқиғасы халықтың ар-на­мысын оятқан айтулы оқиғаның бірі болды. Сол кезде жастар қаһармандық танытып, рухани серпіліп, тәуелсіздікті жақындата түсті. Бүгінгі татулық пен тұрақтылыққа осы желтоқсан жастарының қосқан үлесі мол. Ендігі арман-тілегіміз аспанымыз ашық, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, – деді кеште сөз алған аудан әкімі.
Расында, Тәуелсіздік тірегі қайсар рухты азаматтар. Олар отты алаңда отты сөздер айтып, рухымызды оятты, елдігіміздің енсе тіктеуіне себепкер болды.
Міне, осындай қайсар рухты, өр мінезді азаматтардың төсіне «Желтоқсанның 35 жылдығы» төсбелгісін тақты. Бұл қатарда ғалым, орман шаруашылығы саласының ардагері Ермағанбет Ибрагимов пен «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Динаш Ахметованы ерекше атау керек. Желтоқсанның ызғарында алаңда болған аумақтық ветеринариялық инспекциясының қызметкерлері Саяуыш Төлегенов пен Дүйсенкүл Үсенова, ауданаралық ауру­хананың инженер-программисі Беркімбай Мақұлбеков, Сүттіқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Клара Құрақбай, №52 мектептің мұғалімі Мақсатхан Нысанбай, №125 мектеп директорының орынбасары Жарылқасын Бердіманов, №169 мектептің мұғалімі Қатира Кемелова, №168 мектептің мұғалімі Несіпкүл Абдуллаева, №160 мектеп директоры Жанәділ Ибрагимов, Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратының есепшісі Әмірхан Жүсіпов, №169 мектептің мұғалімі Салима Мырзабекова, Қожакент ауылы, «Ақжол АС» шаруақожалығының төрағасы Ал­пысбай Бұрханов, өзін-өзі жұмыспен қамтыған Бақберді Булековке төсбелгі табысталды.
Марапат кешінде өз көңіл-күйін бө­ліскен Динаш Ахметова:
– Сол уақытта алаңға шыққан жастардың әрбірі – әр елді өзінің азаматы басқарса деген ойдың жетегінде барды. Алайда бізді бір қолында шоқпары, екінші қолында қаруы бар сарбаздар қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегінің тас-талқанын шығарған арнайы дайындалған жасақтар алаңнан қуса, құқық қорғау органдарының өкілдері келесі күні бейнетаспаға түс­кендерді біртіндеп іздеп, жауапқа тартып, оқудан шығарып, тіпті соттатып жіберді. Бір қиындықтың артынан қуаныштың болатыны да белгілі ғой. Көп ұзамай Тәуелсіздіктің таңы атты. Енді Елбасы айтқандай, Тәуелсіздікті басты құндылық етіп, тұғырлы ету міндеті тұр, – деген жалынды сөздерін айтты.

Лаура БИБАСАРОВА
08 желтоқсан 2021 ж. 528 0