№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандық желтоқсаншымен жүздесу

Жаңақорғандық желтоқсаншымен жүздесу


Тәуелсіздіктің құндылығын жастарға дәріптеу маңызды. Сондай шара №169 мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен аудандық тарихи-өлкетану музейінде өтті. Оған Желтоқсан оқиғасының куәгері Алмагүл Матаева қатысып, оқушылардың сұрағына жауап берді.


Желтоқсан оқиғасының маңызы, саяси мәні әлі терең талданып, ашылған жоқ. Сондықтан Тәуелсіздік таңының жақындауын да атсалысқан рухты азаматтардың ерлігін насихаттау маңызды. Музейде өткен шарада осыны ұқтық.
Кездесуде тебірене сөз саптаған Алмагүл Матаева «Құйын-86» оқиғасы кезінде талай жастың суық қаруланған жасақтың аяусыз соққысында қал­ғанын еске алды.
– Дінмұхаммед Қонаев елдің дамуына саналы өмірін арнады. Оның орнын басатын қазақ басшылары болды. Бірақ Мәскеу өзге ұлттың өкілін әкелді. Біз соған ашынып алаңға шықтық. Біздің рухымызды Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні көтеріп, іштегі бұғып жатқан ұлттық намысымызды қамшылады. Қаншама жас оқудан қуылды, абақтыға қамалды. Бірақ қазақ ұлтының өр рухын көрсеткен оқиғаға қатысқаныма еш өкінбеймін, – дейді ол.
Одан әрі оқушылар сұрақ қойып, Тәуелсіздікке байланысты өлеңін оқыды. Кездесуде көзінде от жанған жасөспірімдердің арасында Айсұлу Ахметованы әңгімеге тарттым. Ол Алмагүл апаймен болған кездесу бойына күш беріп, рухани байығанын айтты.
Кешті аудандық музей директоры Нәбихан Шалапов қорытындылап:
– Тәуелсіздік – ең қастерлі мереке. Бұл күн азаттық үшін ұмтылған өр міңезді жастардың серпілуімен келді. Енді Тәуелсіздікті баянды ету жолында жастар білімді, білікті, белсенді болуы тиіс. «Мәңгілік Елдің» тұғырлы болуы жастардың қолында, – деді.
Айта кететіні, мектеп оқушылары мен ұстаздарының басын қосқан шарада музей әдіскері Құралай Дәрмен келушілерге аудан тарихынан мол мағлұмат берді.
Кеш барысында басты қонақ Алмагүл Матаева және №169 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Жанадилова, ұстаздар Шолпан Рамашева мен Жанар Әліпбаева «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаевтың «Алғыс хатын» иеленді.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарында азаттық үшін серпілген азаматтардың ерлігі мәңгілік ел есінде. Желтоқсан тәлімін жастардың бойына сіңіру арқылы отаншыл, елшіл болып қалыптасуына жол ашатынымыз анық. Кездесуде соны түйдім.

Лаура БИБАСАРОВА
14 желтоқсан 2019 ж. 852 0