» » » Музей тарихы – елдің тарихы

Музей тарихы – елдің тарихы

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары негізі қаланған аудандық тарихи-өлкетану музейі бүгінде облыстағы іргелі мәдени орталықтың біріне айналды. Музей отыз жылда қандай жетістіктерге жетті?
Музейдің қалыптасу кезеңі Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен тұспа-тұс келді. 1991 жылы 29 қарашада Қазақстан Жастар одағы аудандық комитетінің бірінші хатшысы А.Мұстапаев, Қазақстан Социалистік партиясы аудандық атқару комитетінің төрағасы С.Ибадуллаев, Халық ақыны М.Көкенов, жазушы А.Сопыбеков, жазушы А.Бибасаров, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының жауапты хатшысы Н.Айсынов, «Қазақ тілі» қоғамы аудандық бөлімінің төрағасының орынбасары Д.Шоманов, осы қоғамның жауапты хатшысы Х.Тұрсынов, Ауғаныстан соғысы ардагерлері аудандық кеңесінің төрағасы И.Этизов, аудандық өнер мектебінің мұғалімі, мүсінші Р.Амандықов, №86 мектебінің мұғалімі, археолог Б.Сырымбетовтің қатысуымен өткен жиында «аудандық тарихи-өлкетану музейін ұйымдастыру» туралы мәселе ұсынылып, бекітілді.
Музей халықтық әдіспен ұйым­дастырылып, екі жылдай уақыт ешқан­дай мекемеге қаржылай бағынышты болмаған, оның қызметін қамтамасыз ету Ережесін бекітуге жауапты етіп, сол кездегі «Қазақ тілі» қоғамы аудан­дық бөлімінің жауапты хатшысы Х.Тұрсыновқа жүктелді.
1991 жылы 23 желтоқсанда музей қызметін ресми заңдастыру және қаржыландыру үшін халық депутаттары аудандық Кеңесінің қарауына ұсынып, ресми тіркеуге алынсын деген шешім шығарды. 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңақорған қонысындағы кинотеатрдың бұрыңғы үйі аудандық тарихи-өлкетану музейіне пайдалануға берілді.
1993 жылы 28 қазанда аудандық музей аудан әкімі И.Әбибуллаевтың ше­ші­мімен «Жаңақорған аудандық әдеби-мәдени және тарихи мұражайы» болып ресми тіркеуге алынды. Музей жұмысы ресми тіркелген кезеңнен бастап, жергілікті режиссер-драматург Ә.Мәжитов пен кейінгі жылдары А.Есіркепов музей жұмысына басшылық жасады.
Музейдің өз зал қараушысы мен қор сақтаушысы бекітілді. Музейдің алғашқы қор сақтаушысы болып Рахима Әбсаттарова болды. Сол жылдар аралығында Қ.Қалдаров, С.Сыздықовалар музейдің ішкі шаруашылық жұмысын жүргізді. Бұл кезеңдегі музейдің негізгі қызметі экспонат жинақтаумен айналысты.
1997 жылы қаржыландыру қиындығы туындап, музей жабылуға шақ қалған-ды. Осы кезде мәдениет жанашыры Н.Тастаев және музейдің қор сақтаушысы Р.Әбсаттарова бұл жағдайға бейжай қарамай, сақтап қалуды көздейді.
Аудандық мәдениет бөлімінің сол кездегі басшысы Н.Тастаевтың 1997 жылдың 2 маусымындағы №38 бұйрығымен музейді сақтап қалу мақсатында, музейдің арнайы есеп шотына қаражат бөлдіріп, қажетті материалдық-техникалық заттарымен қамтамасыз етіп, экспозиция сөрелерін дайындауға тиісті шаруашылық қызметкерлерін жұмылдырады. Нәтижесінде музей үйін аудандық мәдениет үйінің екінші қабатының 4 залына жаңадан жасақтау жұмысын бастап кетеді.
Оған Жаңақорған халық театрының безендірушісі Қ.Әлібековты, аудандық мәдениет үйінің ағаш ұстасы Ж.Күзембаевты, электрмен дәнекерлеуші Н.Өтепбергеновты, шаруашылық қызметкері А.Қалдыбаевты және тағы басқаларды Н.Шалаповтың қарамағына беріп, музей экспозицияларын жаңадан жасақтау жұмысына жұмылдырылады. Өз алдына ғимараты жоқ, қарбалас уакытта экспонаттардың бүлінбей қаз-қалпында сақталуында музейдің қор сақтаушысы Р.Әбсаттарованың еңбегі зор. Ол жәдігердің орнымен, жүйелілігімен бөліп орналастырылуына көп қызмет істеді. Ал, құрылыс маманы Н.Шалапов экспозиция залдарының жөндеу-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін арнайы шақыртылып, осы шаруаны ары қарай өз деңгейінде жүргізу үшін «музей директоры» лауазымы берілді.
Музейдің қалыптасу кезеңі Тәуел­сіздіктіңалғашқы жылдарымен тұспа-тұскелді. 1991 жылы 29 қарашада Қазақстан Жастар одағы аудандық комитетінің бірінші хатшысы А.Мұстапаев, Қазақстан Социалистік партиясы аудандық атқару комитетінің төрағасы С.Ибадуллаев, Халық ақыны М.Көкенов, жазушы А.Сопыбеков, жазушы А.Биба­саров, тарих және мәдениет ескерт­кіштерін қорғау қоғамының жау­апты хат­шысы Н.Айсынов, «Қазақ тілі» қоғамы аудандық бөлімінің төрағасының орынбасары Д.Шоманов, осы қоғамның жауапты хатшысы Х.Тұрсынов, Ауға­ныс­тан соғысы ардагерлері аудандық кеңе­сінің төрағасы И.Этизов, аудандық өнер мектебінің мұғалімі, мүсінші Р.Амандықов, №86 мектебінің мұғалімі, археолог Б.Сырымбетовтің қатысуымен өткен жиында «аудандық тарихи-өлке­тану музейін ұйымдастыру» туралы мәселе ұсынылып, бекітілді.
Музей халықтық әдіспен ұйым­дастырылып, екі жылдай уақыт ешқан­дай мекемеге қаржылай бағынышты болмаған, оның қызметін қамтамасыз ету Ережесін бекітуге жауапты етіп, сол кездегі «Қазақ тілі» қоғамы аудан­дық бөлімінің жауапты хатшысы Х.Тұрсыновқа жүктелді.
1991 жылы 23 желтоқсанда музей қызметін ресми заңдастыру және қаржыландыру үшін халық депутаттары аудандық Кеңесінің қарауына ұсынып, ресми тіркеуге алынсын деген шешім шығарды. 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңақорған қонысындағы кино­театрдың бұрыңғы үйі аудандық тарихи-өлкетану музейіне пайдалануға берілді.
1993 жылы 28 қазанда аудандық музей аудан әкімі И.Әбибуллаевтың ше­ші­мімен «Жаңақорған аудандық әдеби-мәдени және тарихи мұражайы» болып ресми тіркеуге алынды. Музей жұмысы ресми тіркелген кезеңнен бастап, жергілікті режиссер-драматург Ә.Мәжитов пен кейінгі жылдары А.Есіркепов музей жұ­мысына басшылық жасады.
Музейдің өз зал қараушысы мен қор сақтаушысы бекітілді. Музейдің алғашқы қор сақтаушысы болып Рахима Әбсаттарова болды. Сол жылдар аралығында Қ.Қалдаров, С.Сыздықовалар му­зейдің ішкі шаруашылық жұмысын жүргізді. Бұл кезеңдегі музейдің не­гіз­гі қызметі экспонат жинақтаумен айна­лысты.
1997 жылы қаржыландыру қиындығы туындап, музей жабылуға шақ қалған-ды. Осы кезде мәдениет жанашыры Н.Тастаев және музейдің қор сақтаушысы Р.Әбсаттарова бұл жағдайға бейжай қарамай, сақтап қалуды көздейді.
Аудандық мәдениет бөлімінің сол кездегі басшысы Н.Тастаевтың 1997 жылдың 2 маусымындағы №38 бұйрығымен музейді сақтап қалу мақсатында, музейдің арнайы есеп шотына қаражат бөлдіріп, қажетті материалдық-техникалық заттарымен қамтамасыз етіп, экспозиция сөрелерін дайындауға тиісті шаруашылық қызметкерлерін жұмылдырады. Нәтижесінде музей үйін аудандық мәдениет үйінің екінші қабатының 4 залына жаңадан жасақтау жұмысын бастап кетеді.
Оған Жаңақорған халық театрының безендірушісі Қ.Әлібековты, аудандық мәдениет үйінің ағаш ұстасы Ж.Күзем­баевты, электрмен дәнекерлеуші Н.Өтеп­бергеновты, шаруашылық қыз­мет­кері А.Қалдыбаевты және тағы басқаларды Н.Шалаповтың қарамағына беріп, музей экспозицияларын жаңадан жасақтау жұмысына жұмылдырылады. Өз алдына ғимараты жоқ, қарбалас уакытта экспо­наттардың бүлінбей қаз-қалпында сақ­та­луында музейдің қор сақтаушысы Р.Әбсаттарованың еңбегі зор. Ол жәді­гердің орнымен, жүйелілігімен бөліп орналастырылуына көп қызмет істеді. Ал, құрылыс маманы Н.Шалапов экспозиция залдарының жөндеу-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін арнайы шақыртылып, осы шаруаны ары қарай өз деңгейінде жүргізу үшін «музей директоры» лауазымы берілді.
1997 жыл Жаңақорған аудандық музейінің қайта жасақталып, келушілерге есігін айқара ашқан тарихи сәті. Музей жұмысының нәтижесін талдай отырып, осы кезеңнен бастап музей қызметінің айтарлықтай артқанын көреміз. Осы жылдар аралығында Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкеновтің шығармашылық өнер мектебі ашылды. Ақынның құрметіне Манап Көкеновке арнайы бір зал арналып, жасақталды. Залдың экспозициясын жасақтау үшін облыстық мәдениет бас­қар­масынан қаражат бөлініп, арнайы музей мамандары шақыртылды.
1999 жылдан бастап Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі ретінде өз жарғысы бекітіліп, жаңа мамандар алуға мүмкіндік алды. 2001 жылы музейге жаңадан ғылыми қызметкер, экскурсия жүргізуші маманы енгізіліп, қосылды. Музейдің ғылыми қызметкерлері болып тарихшы М.Дюсенбаева, С.Скендірұлы және экскурсия жүргізуші болып Т.Жәненовтер келді. Осы кезеңнен бастап, музей қызметі ғылыми жүйеленіп, қор, ғылыми-мәдени шаралары жүйе­леніп, аудиториясы кеңейді. Осы жылдар аралығында аудандық музейдің көрер­мендерінің қатарында белгілі орын­даушылар Р.Бағланова мен Б.Төлегенова, қоғам қайраткерлері С.Шаухаманов ауданға арнайы келген сапарында музей­мен танысты. Дегенмен заман талабы, музей­лердің де көрермен назарына ұсы­натын экспозициялық құрылымының жаңаша безендірілуін талап етті. 
2003 жылы музей басшысы Н.Шалапов аудан әкімі Н.Мұсабаевтың алдына музейді жаңа ғимаратқа көшіру мәселесін қойды. 2004 жылы аудан әкімі Н.Жолдасбаевтың басшылығымен Жаңақорған аудандық музей хронологиялық, тақырыптық-экспозициялық құрылымын жасақтау жұмысына қаржы бөлінді.
2004 жылдың қазан айында (1904-1905 жылдары салынған) бұрыңғы орыс-қазақ түзем мектебі ғимаратының бөлмелерін музейдің өзіндік қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып, 4 экспозициялық залына безендіріп, (Алматы қаласынан экспозиционер-дизайнер маман Нағашыбек Алишариев жүргізді) есігін қайта ашты.
Осы аралықта қаржылық қиындықтар тағы да туындады. Егер ел ағасы А.Тұр­танов уәжді сөздерін айтып, жанашырлық танытпағанында музейді күрделі жөндеу жұмысы кейінге шегерілер ме еді?!
Музейдің ғылыми қызметкері М.Дюсенбаева және қор сақтаушысы Р.Әбсаттарова музейдің тақырыптық-экспозициялық құрылымы мен жоспа­рына жауапты болды. Өлке тарихы мен мәдениетіне байланысты музей экспо­наттарын жинақтауға музей ма­ман­дары Ж.Ахатаев, А.Қалдыбаев, К.Ибрагимова, С.Сыздықова, С.Рустемов зор еңбек сіңірді.
2005 жылдың 30 маусымында сол кездегі облыс әкімі И.Адырбеков өзі арнайы ашып, Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі ел игілігіне пайдалануға берілді.
Музей жұмысы жаңа қарқынмен жүре бастады, халықтың музейге деген ынта-ықыласы артты, келушілер саны, мәдени-көпшілік, экскурсиялық шаралар өткізу көбейді.
Жаңақорған аудандық музейі 2005 жылы Қызылорда қаласында өткен облыстық музейлерінің көр­ме­лері шеру­інде «Сұлтанбек Қожа­нов – Орын­бор­­дан Ақмешітке аста­наны көшіріп әкел­ген тұлға» атты номи­нациясы бойынша бас жүлдені иеленді.
Музейдің төл қызметі ретке келгенімен, ғимарат мәселесі әлі де шешімін таппады. Музей ғимараты «Республикалық және жергілікті маңызы бар Қазақ КСР тарих және мәдениет ескерткіштерінің» 1983 жылғы мемлекеттік тізіміне енгенімен, БТИ коммуналдық қазыналық кәсіпорынның меншігінде жалда отырды. Музейдің қор бөлімі, материалдық-техникалық базасы нашар,  кеңселік жабдықтар жоқтың қасы болды.
Тәуелсіздік жылдарында мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар отандық тарихтың дамуына тың серпін берді. Бұл ретте, музейлердің ғылыми-зерттеу қызметіне баса назар аударылды. Бұрын бәймәлім болған көптеген археологиялық, тарихи құндылықтарды түгендеуге жол ашты.
2004 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында жерлесіміз, қоғам қайраткері Ш.Қарақо­жаевтың ықпалымен Мысыр­дың Ұлттық Кітапхана қорында сақтау­лы тұрған Сығанақ қаласының ту­масы, ғұлама ғалым Һиссамеддин Сығанақидің 7 томдық қолжазбасының электронды көшірмесі алынды. 2016 жылы «Жаңа­қорған аудандық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік кәсіпорынының тапсы­­рысымен Қызылорда облысы, Жаңа­қорған кенті аумағына жақын орна­ласқан обаны ашып, «Archeo-service» ЖШС-нің археолог мамандары архео­логиялық зерттеу жұмысынжүргізді. Бұл обалар 2005 жылғы маусым айын­да мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдар­ламасының аясында Қызылорда облы­сының жүргізген зерттеулері барысында анықталды.
Жаңақорған кенті МАИ бекеті аумағындағы обаларға қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба нәтижесі бұл обаның б.з.д. V-ІV ғасырларға, яғни ерте темір кезеңіне тән жерлеу орыны екендігі анықтады. Оба көне заманда-ақ тоналған. Обалы қорымнан табылған аз ғана заттар жергілікті ақсүйектердің (сырдариялық сақтар) мәдениетінің жо­ғары деңгейде болғандығын көрсетті. Зерттеу барысында тоналғаннан қалған, киімді әшекейлеуге арналған алтыннан жасалған өте нәзік жіп бөліктері, алтыннан жасалған қапсырма, тойтарма шеге және екіжақты жүзі бар қылыштың бөлігі табылып, жергілікті музей қорына тапсырылды.
Ел егемендігінің 20 жылдығына облыс музейлерінің Тәуелсіздік залы қайта жасақталды. Ал, Ел егемендігінің 25 жылдығына аудан жұртшылығының атынан бір топ ардагерлері талапқа сай музей ғимаратының құрылысын салуға арнайы облыстық мәслихат депутаттарына өтініш хат жолдады. Хатта аудандық тарихи-өлкетану музей­інің бүгінгі таңда өзіне тиесілі талап­қа сай ғимараты жоқ екендігін атап көрсетті. Музей осыдан 110 жыл бұрын, 1904 жылы салынғанын, іргетастары құз­дана бастаған (бұрыңғы қыш мектеп) тар ғимаратқа орналасқандығы жайлы талап­тары  айтылды.
Осы хатқа байланысты облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ысқақов аудандық тарихи-өлкетану музейіне арнайы сапармен келіп, музейдің қазіргі таңдағы жағдайымен танысты. Қоғам қайраткері МАИ бекеті аумағында зама­науи талаптарға жауап беретін музей салумен айналысып жатыр. Бұл нысан пайдалануға берілген жағдайда музей жаңа талап-міндеттерге жауап беретін болады.
Мөлдір ДЮСЕНБАЕВА,
Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің
ғылыми қызметкері
14 қараша 2021 ж. 523 0