№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қоғам қайраткері дүниеге келген күн

Қоғам қайраткері дүниеге келген күн

109  жыл бұрын 1911 жылдың 15 қаңтарда  қоғам және мемлекет қайраткері Шолақ Артығалиев дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Орал халықтық білім беру институтын, Бүкілодақтық Коммунистер партиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1931-1938 жылдары - кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Ақтөбе облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Орал қалалық партия комитеті хатшысының орынбасары, Орда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1938-1940 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушысы. 1940-1942 жылдары - Жәнібек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1942-1943 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің кадрлар жөніндегі хатшысы. 1943-1945 жылдары - Бүкілодақтық Коммунистер партиясы орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1945-1950 жылдары - Талдықорған облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1950-1952 жылдары - Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1952-1958 жылдары - Қазақ КСР Кәсіподақтары Кеңесінің хатшысы. 1958-1962 жылдары - Қазақ КСР Кәсіподақтары кеңесі Алматы облысы бойынша ұйымдастыру бюросының төрағасы. 1962-1964 жылдары - Алматы облыстық өнеркәсіп қызметкерлері кәсіподақтары кеңесінің төрағасы. 1964-1971 годы - Алматы облыстық кәсіподақтары кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1971 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1971-1975 жылдары - Алматы тұтыну одағы төрағасының кадрлар жөніндегі орынбасары болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-4 шақырылымының депутаты.
Еңбектегі Қызыл Ту орденімен үш мәрте, «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.


15 қаңтар 2020 ж. 696 0