№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Арнайы балабақшаның тынысы

Арнайы балабақшаның тынысы


«Тәрбиеші – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті», - деп Абай атамыз айтқандай, отбасыдан кейінгі тәрбиені қалыптастыруға көмектесетін – тәрбиешілер. Сондай мамандардың бірі аудан орталығында осыдан екі жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді дамытуға арналған «Арнайы балабақшада» қызмет етіп жүрген тәрбиеші Ибраимова Жақсыгүл Ділдәбекқызы. Арнайы маман ретінде оқып білім алған ол тәрбиеші жұмысының оңай еместігін тілге тиек етті:


– Тәрбиешінің жұмысын жеңіл деп айтуға болмайды. Жауапкершілігі өте көп. Өзіндік тұлға қалыптастыруда еңбегі зор. Жеңілі мен қиыны қатар жүреді. Жеңілдігі тәрбиеші деген жай ғана келіп кететін маман сияқты естілгенімен, ауырлығы да бар. Келген әр баланың еркелігіне, мінез-құлқына қарай жұмыс жасап, оларға бағыт береміз. Ортаға бейімдеу бастапқы міндеттеріміздің бірі. Оның үстіне бұл жерге әртүрлі деңгейдегі, әртүрлі диагнозы бар балалар келеді бірі тіл мүкісі мен келсе, бірінің естуі нашар, кейбірінің психологиялық ерекшелігі бар.
Тәрбиешінің өз болмысы, мінезі, әр жасаған қимылы өнегелі болуға тиіс. Себебі, әр бала естігенін айтып, көргенін істейді. Ал, арнайы балабақшада тіптен жауапкершілік жоғары болуы керек. Мұндағы балалармен жұмыс жасау үшін арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны меңгеру керек. Осы турасында Жақсыгүл Ділдәбекқызының ойы:
– Қалыпты балалармен жұмыс істегенде 27-28 баланы еркін игерсек, қазір 7-8 баланы игеру өте ауыр. Бір топта үш тәрбиешіден жұмыс істейміз. Кәдімгі балабақшалардан айырмашылығы жер мен көктей. Аты айтып тұрғандай арнайы болғандықтан, ерекше көңіл бөлу маңызды. Әр қайсысына өз деңгейінде, денсаулығына қарай қадам жасаймыз. Мектептердегі инклюзивті білім беру жұмысы бұған қарағанда жеңілірек.
Сонымен қатар күнделікті жұмыс барысында кездесіп отыратын қиындықтар жөнінде де сұраған едік:
– Ең ауыры баланың тұрақтылығы жоқтығы. Бізге осы қатты әсер етеді. Үйде еркін өсіп қалғандықтан, мұнда келгенде де отырмай, тыңдамай түрлі қиындықтар тудырады. Балалардан бөлінетін энергия да бөлек. Бір бала не керегін түсіндіре алса, енді бірі мүлде жеткізе алмайды. Жұмыстан үйге оралған 3-4 сағатта балалардың аурасынан шығу оңай болмайды. Міне біздің жұмысымыздың қаншалықты күрделілігін осыдан аңғаруға болады, - дейді тәрбиеші.
Әр бүлдіршіннің отбасымен тығыз байланыста болу, тәрбиеші жұмысының нәтижелі болуының айғағы:
– Ата-аналармен тығыз байланыстамыз. Жұмысымыздың басты талабы сол. Олар тарапынан алып жатқан алғысымыз да жеткілікті. Еңбектеп келген балалар жүріп, сөйлеуге қиналатын балалар жақсы нәтиже көрсетіп,мектепке баруда. Аудан бойынша бұл жалғыз орталық болғандықтан,бізге әлі көп көмек керек. Сонымен қатар маман саны да тапшы.
Мұндай ерекшелігі бар балалардың қазіргі таңда көптеп кездесуіне ұялы телефон және басқада заманауи техникалар себеп болып тұр. Қазіргі уақытта көптеген отбасы баласы жылағанда жұбату үшін телефоннан түрлі шет елдің дүниелерін қосып беріп жатады. Осыны көріп өскен баланың сөйлеуі де тежеліп, сыртқы ортамен байланысы да азаяды. Бұлардан гөрі ежелден келе жатқан ертегі, жаңылтпаш сынды қазақы құндылықтарды бойына сіңірсек, қиялы ұшқыр, сергек ұрпақ қалыптасар еді.

Рауза Әзілхан

23 қыркүйек 2021 ж. 261 0