№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Мейірімді Мира

Мейірімді Мира

Баланың тұлға болып қалыптасуында балабақшаның алатын орны ерекше. Өйткені бұл жер баланың өмір сүретін әлемі, сонымен бірге тәлім-тәрбие алып, қоршаған ортаға деген қызығушылығы артатын орын. Ал осында қызмет атқаратын тәрбиешілер баланы жан-жақты дамытып, мейірімді,қайырымды, әдепті болып қалыптасуына атсалысады. Сондықтан тәрбиеші алғашқы күннен бастап баланы мейіріммен қарсы алып, бала жанының бағбаны болатын екінші анасы. Мұндай тәрбиешілер арамызда аз емес. Солардың бірі ауыл тұрғындарының назарына іскерлігімен іліккен тәжірибелі маман Сейлова Мира.

Қалтқысыз қызметі арқылы ілтипатқа бөленген тәлімді тәрбиеші әр күнін баланы ойната отырып, білім беру керек деген ұстаныммен бастайды. Өйткені балабақша баспалдағында рухани азық алып өскен баланың келешегі кемел болатынын жақсы түсінеді.
– Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір бала бағбанының алға қойған мақсат-міндеті таңдаған мамандығына жауапкершілікпен қарау. Сондықтан осы салада жүргеніме еш өкінбеймін. Әр үйдің ерке баласын тәрбиелеп, ата-ана сенімінен шығудың өзі оңай жұмыс емес. Алайда таңдаған мамандығыма құрметпен қараймын. Үздіксіз қызмет барысында өскелең ұрпақтың ертеңіне сеніммен қарап, болашағынан зор үміт күтеміз. Егер тәрбиеленушілеріміз жетістікке жетіп жатса, соның өзі біз үшін үлкен жетістік, – дейді Мира.
Мамандық таңдаудан да, өмірлік жар таңдауда да қателеспеген кейіпкеріміз жайында әріптесі Несібелі Даниярова: «Мира екеуміз бір топқа жетекшілік етеміз. Оның жұмысына жан-тәнімен берілгені сонша, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Әр сабақ барысын жаңаша бағдарламамен бастайтын әріптесімнің басты ұстанымы да осы. Ал ортақ мақсатымыз алдымызда отырған әрбір сәбиге тәрбие мен білім беруде сабырлылық пен парасат-пайымды үлгі ету», – дейді тәрбиеші.
Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол адам болып қалыптасудың баспалдағын қалыптастырушы, келешек ұрпақтың қоғамнан өз орнын тауып, айтар ойын еркін жеткізуге бағыт-бағдар беруші.
Мұны растаған «Гүлдер-ай» балабақша меңгерушісі Бақыт Егентайқызы түзде де, үйде де бала қызығына ортақтасып, әр күні қуанышпен өтіп жатқан Мира жайында өз ойын былай білдірді.
– Балабақшада абыройлы қызмет етіп келе жатқан Мира Ибрагимқызы ұжым арасында үнемі білім-біліктілігімен көзге түсіп келеді. Қолға алған ісін бітірмейінше тыным таппайтын тәрбиеші еңбоққорлығымен ерекше. Нәтижесінде жеткен жетістігі де жоқ емес. Білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін талай мәрте облыстық, аудандық көлемде марапат биігінен көрініп келеді. Ең бастысы, ол үлгілі келін, аяулы ана, адал жар. Ал біздер Мира секілді әріптесімізбен мақтануымыз керек, – деді ол.
Жақында ғана Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі балаларды зерттеу технологиясы бойынша жан-жақты дамытуда түрлі жобалар шеруін өткізген балабақша облыста үздіктер қатарынан көрінді. Осы ретте білім мен қатар тәрбиені де бала бойына сіңіруде жауапты мамандардың еңбегі ерен. Зерделі ұрпақ тәрбелеуде тап осы саланың ыстық-суығына көніп жүрген барша тәрбиешілер қандай құрметке болсын лайық.

Лаура БИБАСАРОВА
---
18 сәуір 2021 ж. 692 1

Жансая от 20 сәуір 2021 11:08
Керемет Мира әпке! Білім мен тәрбиені қатар сіңіріп, баланың дамуына алғаш үлес қосатын - тәрбиешінің орны ерекше.
Еңбегіңіздің жемісін көріп, балаларды әркез қуанышқа бөлей беріңіз.