№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі

Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі


Рухани жаңғыру – халқымыздың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күн деуге болады. Неге десеңіз, ұлттық рухы, руханияты жоғары, мәдениеті озық, экономикасы ілгері дамыған ел көп нәрсеге қол жеткізетіні анық. Расында, жастайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениетіміздің жетегінде кетпейді. Салт-дәстүрі мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі берік болмақ.

Неғұрлым тұтастыққа жету үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тәрбиелік маңызға бай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері насихаттау маңызды. Меніңше, балабақшадан бастап ұлттық құндылықтарымыздың жауһарларын ендіріп, ұрпақ санасына сіңіруге тиіспіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие үрдісінде ғана адам рухани жетіледі. Жасөспірімдерді жан-жақты қабілетті, әдепті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің, тыйым сөздердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. Ұлттық тәрбие салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, мейірімді, парасатты болуға, адамгершілікке, имандылыққа баулиды. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері, даналық сөздері және әдеп ережелері сан ғасыр бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, ар-ожданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Бала күнінен бастап ұлттың дәстүрлі құндылықтарын бойына сіңіріп, халық ауыз әдебиеті жауһарларына қанығып өскен бала ержеткенде ұлттың алдындағы жауапкершілікті сезінетін, еліне тұтқа болатын тұлғаға айналған. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта қазақ қоғамындағы жастар тәрбиесі мәселесінде ұрпақ сабақтастығының әлсірегені байқалады. Атасы мен әжесінің құшағында емес, ғаламтордың шырмауында өскен кейінгі жас буын өкілдері әлеуметтік желінің кесірінен ұлт табиғатына жат мәдениетті санасына сіңіріп келе жатқаны жасырын емес.
Әр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды. Кез келген қоғам ұзақ уақыт бойы жинақталған тәжірибені келесі ұрпаққа ізгі дәстүрінсіз жеткізе алмайтынын есте сақтағанымыз абзал.

Перизат Әбілқасымова
27 қазан 2021 ж. 831 0