№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тәуелсіздік – тәу етер тұғырымыз

Тәуелсіздік – тәу етер тұғырымыз


Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Тарих тұрғысынан алғанда, 30 жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, мемлекеттік мұрат жолындағы өлшеммен өлшегенде қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Түсінген адамға Тәуелсіздіктен асқан киелі ұғым жоқ шығар, сәрі! Осы тәу етер жалғыз киемізге дақ түсірмей, басымызға қонған бақты бағалап өту – әрбіріміздің парызымыз.


Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар зайырлы елге айналды.
1991 жылы 16 желтоқсан біз үшін өте қасиетті күн. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан ата-бабаларымыздың білек күші мен аналарымыздың көз жасының еселенген жемісі деуге болады. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған түбіміз бен тегіміз бір Туркия болды. Көп ұзамай әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында атқарылатын көптеген жұмыстар тұрды. Соның негізгісі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды қажеттіліктер еді. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білгені зор мақтаныш.
Тәуелсіздік – еліміздің жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Бүгінгі күннің жетістіктері осы Тәуелсіздіктің арқасында келді. Отыз жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісіне қыруар жұмыстар жасалды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.
Мен ұстаз ретінде, білім беру жүйесіндегі өзгерістерге тоқталғым келіп отыр. Атап айтсақ, 1997-2002 жылдарға арналған «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру» мемлекеттік бағдарламасы, «Білім» мемлекеттік бағдарламасы, 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, 2008-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы іске асырылғанын көзіміз көрді, құлағымыз естіді. 2019 жылы 2020-2025 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұдан бөлек, еліміздегі ғылымның дамуында да оң өзгерістер анық байқалады. Қазақстанда ғылым саласы 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» және 2015 жылғы «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заңдарға сай жүзеге асырылып келе жатыр.
Осы тұста айта кетсем, 1990 жылдары елімізде 289 ғылыми мекеме болды. Онда негізінен ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын 50,6 мың адам жұмыс істесе, бүгінде ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен 384 ұйым айналысады екен. Оған 22 378 адам, оның ішінде, 17454 маман-зерттеуші жұмылдырылған. Бүгінде ғылымға бетбұрған жастардың саны да артып келеді. Нақты айтар болсақ, 2011 жылы 35 жасқа дейінгі жас ғалымдардың саны 6,4 мың болса, өткен жылы олардың саны 8,1 мыңға жетіпті.
Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы №1394 қаулысы бойынша ел жастарына «Болашақ» шәкіртақысы тағайындала бастады. 1994 жылы шетелге білім алуға аттанған бағдарламаның алғашқы 187 стипендиатын Мемлекет басшысының өзі сәттілік тілеп шығарып салды. Бағдарлама қолға алынған 27 жылдың ішінде 14 мыңға жуық жас шәкіртақыға ие болып, әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Бүгінде «Болашақ» түлектерінің 40 пайыздан астамы экономиканың шынайы секторында, 20 пайызы білім және ғылым саласында, 7 пайыздан астамы медицина мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. Болашақтықтардың төрттен бірі ірі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың топ-менеджері болып еңбек етіп, ел дамуына жаңа серпін әкелді. Бұл біздің мемлекетіміз үшін ең үлкен жетістік деп білемін.
Тәуелсіздігіміз мәңгілік, баянды болғай!

Ақнұр ЖОЛДАСБЕКОВА,
229 мектеп мұғалімі
13 қазан 2021 ж. 514 0