ФУТБОЛ ЖӘНЕ ХОРВАТИЯ (қызықты дерек)
1991 жылы Хорватия Егемендігін алған уақытта бұл мемлекетті әлемде 2 пайыз ел танып, мойындаған. Арада жеті жыл уақыт өткенде Франция төрінде футболдан Әлем чемпионатының жалауы желбіреп, тәуелсіз ел ретінде тұңғыш рет хорваттар қола жүлдені жеңіп алады. Міне, сол уақыттан бастап әлем халықтарының 45 пайызы мұндай ел барын біледі. Футбол сенсациясы бір елдің танымалдылығын осынша арттырған деген қауысетке ешкім сенбеді. Алайда, оның тағы бір шынайы дәлелі 2016 тағы да Франция жерінде "Еуро-2016" ала доп бәсекесі өткенде Исландияны әлем елдері мойындады. Міне, футбол құдыреті осында жатыр.
Хош. Енді бүгін финал. Хорватия мен Францияның мықтылығын анықтайтын кез келді. Француздар әрине фоварит, дегенмен хорваттардан ешкім мұншалықты биіктікті күтпеді. Оларға тек риза болудан басқа айтар әңгіме жоқ. Олар футболға деген шынайы махаббатарын көрсетті. Тіпті, олардың Елбасылары да ұлттық құраманы қолдау үшін халықпен бірге жүр. Бұл да футболшыларға рух, жігер береді. Әрі, Президентке деген халықтың махаббатын еселі етеді.
ТҮЙІН. 2022 жылы Катарда Әлем чемпионаты кезекті рет жалауы желбірейді. Әрине, әлем елдері бәсекеге түсетін теңбіл доп тартысында Қзақастанды көрсек деген бір іштей арман бар. Қашанғы өзге ұлтқа жанкүйер болып жүре береміз деген сөз ғой біздікі. Барлығы уақыт еншісінде...