№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың мерекелік құттықтауы

Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың мерекелік құттықтауы

Құрметті
жаңақорғандықтар!

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік – әрбір отаншыл азаматтың арман-мұратын бір арнаға тоғыстырған құндылық, елдік мүдде жолында тәу етер киелі қасиетіміз. Тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік – қай халық үшін де таудай асыл ұғымдар. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ширек ғасыр ішінде Қазақ елін өзінің Тәуелсіз мемлекетін қалыптастырып, күрделі кезеңнің түрлі сын-өткелдерінен аман-есен алып өтті. Ендігі тарихи миссия Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың асыл міндеті. Президент халықпен ашық диалогқа түсіп, елдің әлеуетін арттыруды тапсырды. Біз осы бағытта атқарылатын бастамаларды пысықтап, жүйелі жұмыс жасаймыз.
Қазақстанның дамуы мен өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосуда жаңақорғандықтардың да орны айрықша. Себебі, ел егемендігінің еңселі, азаттық таңының арайлы болуында, тұрақтылық пен татулықтың салтанат құруында Жаңақорған ауданның тұрғындарының да өзіндік үлесі бар.
Бүгінде Сыр өңірінде Жаңақорған іргелі ауданның бірі екенін әр саланың даму көрсеткіштері айғақтайды. Әсіресе, кәсіпкерлік, ауылшарушылығы, құрылыс, инвестиция тарту, мемлекеттік бағдармаларды орындау және т.б салада жүйелі жұмыс бар.
Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, баршаңыздың шаңырағыңызға шаттық, ынтымақ-бірлік орнауына тілектестік білдіремін!

Құрметпен аудан әкімі
Сұлтан МАҚАШОВ
15 желтоқсан 2019 ж. 1 493 0