№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ақжарқынның асуы

Бүгінгінің талабы жаңашыл, ізденімпаз болу, заманға сай білім беру, ұлттық тәрбиені ұштастыра отырып ұстаздық етуді көздейді. Әсіресе, балабақшадағы тәрбиешілерге артылар жүк ауыр, өйткені баланың білім баспалдағы балабақшадан басталады. Сондықтан, тәлімгерлердің бірінші міндеті заманауи жүйенің жаңашылдығын меңгеріп, бала тәрбиесі мен білімі жолында табанды жұмыс жасау. Іргетасы 2013 жылы қаланған Жаманбай батыр ауылындағы «М-Ақбала» балабақшасында қызмет атқаратын Ақжарқын Қарсыбаеваны ауылдағы ағайын осындай қырымен мақтайды. Ауыл тынысымен арнайы танысуға барғанда біз осыны естіп, өзімен сөйлесуге бел будық.
Жаңақорғанның Швецариясы саналатын ауылдың тыныс-тіршілігі төрт түлікпен біте қайнасып жатыр. Саф ауасы мен табиғаты көркем елді мекендегі білім беру ұйымдарының беделі биік, оны ҰБТ көрсеткіші көрсетіп береді. Бұның астарында баланың іргетасы, тәй-тәй басқаннан алған тәлімі мен тәрбиесі, білімінің жемісі жатыр. Осы еңбекте балабақшалардың рөлі ерекше, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының атқаратын қызметі көрініп тұр. Біз сөз еткелі отырған бөбекжайдың бүгінгі бағыты, зманауи жабдықталмен жабдықталуы, әсіресе, тәрбие мен білім беру ісіндегі ілгерілеуі көңіл қуантады.
– Бауыр еті баласын үлкен сеніммен бізге табыстаған ата-ана олардың болашағынан зор үміт күтері анық. Балабақшаға келген бүлдіршіндер бізге аманатпен табысталғандықтан, олардың денсаулығы мен дұрыс тамақтануына дейін біз жауаптымыз. Екінші, дұрыс білім алуына, әріп танып, дұрыс сөйлеу білуі де біздің құзырымызда. Сондықтан, әр баланың неге қызығушылығы барын анықтап, олардың ұлағатты ұрпақ болып қалыптасу жолында талмай еңбек етудеміз, – дейді тәрбиеші.
Ақжарқын Аманқызы Түркістан қаласындағы «Этнопедагогикалық кол­леджін «мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығы бойынша алған білімін осы ауыл балаларына арнап, тәлім беруде. Баланы өмірінің нұрына балайтын кейіпкеріміз әр сабағын алдымен сергіту жаттығуымен бастап, мемлекеттік әнұранды қойып, бүлдіршіндердің бойына Отансүйгіштік қасиетті сіңіртуге үлес қосады. Одан әрі, жоспар бойынша сабағын өтіп, баланың бойына еңбек сүйгіштік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйретіп, оның өн бойына адамгершілік қағидаларын қалыптастыруды жөн сананайды. Сабақтарда бала жа­лықпас үшін, ойындар мен арнайы ойыншықтарды кейіпкер ретінде араластырып, көрнекілік құралдармен бала көңілін аулайды. Педагогикалық білімнің жаңа технологиясын мең­герген тәрбиеші коммуникация бойынша, бала тілін дамыту үшін түрлі көркемдік құралдарды пайдаланды екен.
Тиянақтылығы мен мол жауап­кешлігінің арқасында әріптестері арасында да абыройға ие. Бұл шынайы еңбектің жетістігі деп білеміз. Оны балабақша меңгерушісімен әңгіме барысында аңғардық.
– Ақжарқын тәрбиеші ретінде қызметке 2019 жылы қосылды, тиянақты, әр ісіне ұқыпты. Жауап­кершілік жүгін сезіне білетін маман. Ол өзін баламен жұмыс жасауда жан-жақты көрсетіп, ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнатып, білікті маман екенін дәлелдеп келеді. Сонымен қатар, ұжымда жауапкершілік жүгін біріге көтеріп жүрген мамандарды қос кеткеніміз жөн. Өйткені, ұжымның ұйымшыл болуы бірінші бала бойына асыл қасиеттерді, ізгілікті дарыуға мүмкіндік орнатады. Сондықтан әр қызметкердің өз орны бар, қазір бізде екі топ, Балбөбек және Балауса тобында 50 бала тәрбиеленеді, – дейді балабақша меңгерушісі Нұргүл Сейдалиева.
Балабақша меңгерушісінің сөзі­нің жаны бар. Өйткені, әр балаға тәлімді тәрбие беруде тынымсыз ізденіс үстінде жүретін кейіпкеріміз кітіпханалармен де тығыз қарым-қатынас орнатып, біліктілігін жетілдіру барысында өзге балабақшалармен тәжірибе алмасып отырады. Осындай қырымен ерекшеленетін тәрбиешіге де ата-аналардың көңілі толады. Әңгіме соңында ата-аналардың ой-пікірін білмекке сөйлесіп көрген болатынбыз.
– Білім саласында жүрген әрбір қызметкердің орны бір төбе. Менің де балам осы балабақшада тәрбиеленеді, қолым босаған уақытта іс-шараларға, сабақтарға қатысуға тырысамын. Ақжарқын апайының қызметіне, жаңашылдығына көңіліміз толады. Шыны керек, баланың былдырлап тілі шыққаннан әріп танып, ес білемін дегенше білім нәрін себетін тәлімгерлер, сондықтан оларға артылар жүк жеңіл емес. Осы жүкті көтеріп жүрген «М-Ақбала» балабақша меңгерушісінен бастап, барлық қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз, – деді белсенді ана Гүлдана Нұрпейсова.
Әли ТЕМІРБЕК
21 қыркүйек 2021 ж. 378 0