№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » «Мәшһүрді сахналап, рухтандым!»

«Мәшһүрді сахналап, рухтандым!»


Сыр мен Ертістің арасы жақындай түсіп, руханият керуені жүре бастағанына жарты жылдай болды. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы мен Павлодар облысының Успен ауданының қос әкімінің қолдауымен мәдениет және тілдерді дамуты бөлімінің басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға отырды. Содан кейін рухани-мәдени шеру тартып, өнерпаздар тәжірибе алмасып, рухани тұрғыда серпіліп қалды.


Успендіктер біздің ауданға жасаған сапарында аймақтық деңгейдегі бай­қаулар өтіп, Қаратау бөктері мен сыршыл Сыр жыр-күйге кеңелгенді-ді. Келесі кезек бізге түсіп, солтүстіктегі шекаралас ауданға не апарамыз деген ой келді.
Аудандық мәдениет үйінің директоры Зүлфия қарындасыммен ақылдасып, бір тоқтам жасадық. Павлодар өңірі несімен мақтана алады.
Ең бірінші, тарихи тұлғаларымен. Онда Бұхар жырау кіндік байлаған. Алашқа әйгілі болған Мұса Шорманұлы сынды қайраткермен, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, Майра Шамсутдинова, Шәкен Айманов және т.б ұлт мәдениеті мен руханиятында өзіндік орны бар тұлғалар шықты. Ақын-жазушылар Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Зейін Шашкин, Мұзафар Әлімбаев, т.б тізбектеп кете беруге болады. Бұл аз десеңіз, Қаныш Сәтбаев, Шапық Шөкин, Әлкей Марғұлан, Әбікен Бектұров, Ермұхан Бекмаханов сынды әр саланың негізін қалаған академиктің санын 40-қа дейін санауға болады.
Әр тұлғаның тарихта өзіндік биігі, өзіндік орны бар, бастысы, алашқа ортақ тұлғалар. Өз басым Жаңақорған ауданынан негіз алған тарихи тұл­ғаларды сахналап жүргендіктен, жоға­рыдағы тұлғалардың кез-келгенін кейіп­кер етуге болады.
Дегенмен ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің сом тұлғасы қызықтырды. Оған себеп, Павлодардан Медет Алмасұлы бауырым келгенінде жазушы Серік Елікбайдың «Мәшһүрдің мұңы» романын алып келіп, сыйға тартқан еді.
Өзімді қызықтыратын, көп уақыттан іздеп жүрген оброзды осы кітаптан таптым. Одан бөлек, аудандық кітап­ханада Мәшһүр Жүсіптің 20 томдық шығармалар жинағы бар екен. Сол кітаптардан қосымша білімімді толық­тырып, Мәшһүр философиясы терең, білімі кеңен екенін түсіне түстім.
Содан аз уақытта Мәшһүр Жүсіптің образын шығару мақсатында күндіз-түні ізденіп, Мәшһүрмен ауырдым. Қиялды сан-саққа жіберіп, ақыры шешімі жасалды. Өзі ақын, философ, этнограф, көріпкел әулие кісіні көрсету үшін, мистикалық бағытқа жүгінген дұрыс деп ойладым. Жазылды. Қойылды. Нәтиже қандай? Оған успендік көрермендер куә. Әзірге бағасын солар ғана бере алады.
Алдында қабылданғанмен ол жақта қалай болады? «Бабамыз ондай емес, мұндай еді!» – деп қарсы пікір, сын мен міннің астында қаламын ба деп қатты қорықтым.
Хош! Керекуге келдік. Сән-сал­та­натпен күтіп алды.
Менің жаным әлі тыншыр емес.
Бар ойым «ертеңім қалай болады?» деген салмақты ойға жауап іздедім.
Сонымен қойылым басталды.
Мәшһүр бабаның рухына Құран бағыштап, сахнаға шықтым.
Ақын, философтың тұлғасына ынты­ға қараған жасқа толы жанарларды көрдім.
Бір сағат бойы бізбен бірге күліп, жылап, күрсініп, күңіренген көрермен демін жаныммен сезіндім. Ұлттық рухқа шөлдеген, өзегі құрғаған елдің өксік жұтқанын көріп жүрегім жылады. Сахнада төбем көкке жеткендей мең-зеңмін!
Иә, Мәшһүрді сахналап, рухтандым!
Успен ауданының әкімі Николай Васильевичтың құрметі, елдің шынайы ықыласы шын қуантты. «Мәшһүр Жүсіпті тірілттің, рахмет!» – деген сөздер жанымды жадыратып, рухымды асқақтатып жіберді. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Одан кейін концерттер қойылды. Успендіктердің ықыласы керемет!
Менің бір байқағаным, шекара асып келген қандастар әлі күнгі өз отанында өгей баладай жаутаңдап жүргендей әсер берді. Дегенмен, рухты жастардың өнері шекаралық аймақта қазақтың асқақтығын көрсетіп тұрғандай.
Біздің қойылымды естіген Пав­лодар облысының басқа аудандары қызығушылық танытып, «Мәшһүр Жүсіп» драмасымен қонақ етуді ойлас­тыруда екен.
Бұл – біз үшін үлкен жетістік!
Айтқандай, сырт көзге Павлодар облысы орыстанған аймақ деп елес­тетеміз. Әсте олай емес екен. Иә, ділі мен тілі орыс тіліне икемделген қазақтар көп. Бірақ, олардың арасында Медет Тауасқан, Жарқынбек Амантайұлы сынды талантты, талапты азаматтар бар. Міне, олар бар да алаңдауға негіз жоқ.
Успен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Медет Тауасқанға өтініш айтып, Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жамбасы тиген жерге арнайы барып, рухына Құран бағыштап, өзіміз де рухтанып қайттық.
Бұл жөнінде алдағы уақытта арнайы тоқталып, жазатын боламын.
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Успен ауданына жасаған сапардың сәтті болуына мүмкіндік туғызған ауданы әкімі Руслан Рүстемовке мың алғыс.

Дінмұхамед ӘБЖАППАРОВ

09 қыркүйек 2021 ж. 575 0