Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 57

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

ӘБДІРАШЕВ ӘЛЕМІ


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жаңақорғанда белесі биік мәдени шаралар өтуде. Сондай айтулы шараның Төлепберген Әбдірашевтің 70 жылдығына арналған Республикалық камералық оркестрлер фестивалі.
Шараның маңыздылығы неде? Оған кімдер қатысады? Мұны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Аягөз Айдосовадан білдік.
– Бұл тағылымдық-танымдық шара аудан әкімдігі мен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы және М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қыркүйек айының 20-сында өтеді. Дирижер Төлепберген Әбдірашевтің шығармашылығын насихаттау, классикалық музыка тыңдармандарының қатарын көбейту, камералық оркестрлердің кәсіби деңгейін шыңдау және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған фестивальге Қазақстанның барлық облысынан қатысушылар келеді, – деді Аягөз Нұржанқызы.
– Аталмыш өнер кешіне қай өңірлерден қатысушылар келеді?
– Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда облысынан камералық оркестрлері қатысса, Түркістан облысы опера және балет театрының симфониялық оркестрі қонақ ретінде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, фестивальге Төлепберген Әбдірашевтің ұлы Бахтияр Әбдірашев, Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп директоры Оңдасын Абдуллаев Абдуллаұлы және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Қайырбек Әділов сынды қонақтар қатысады.
Фестифальдан бір күн бұрын, яғни 19 қыркүйек күні облыс орталығында «Қазақ мәдениетіндегі классикалық музыка және Төлепберген Әбдірашевтің мұрасы» атты баспасөз конференциясы өтеді. Келесі күнгі шара аудандық мәдениет үйіндегі «Әбдірашев әлемі» атты көрмемен ашылады екен.
Жалпы, Төлепберген Әбдірашев туралы айтатын болсақ, ол 1948 жылы 26 шілдеде Жаңақорған ауданының Кеңес елді мекенінде дүниеге келген. Мәскеу консерваториясында білім алып, Геннадий Рождественскийдің шәкірті атанды. 25 жылға жуық уақыт ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік симфониялық оркестрі мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның дирижері болды. Алайда, алпыс жасқа қараған шағында, яғни 2007 жылы 26 қазан күні бірегей тұлға дүниеден өтеді.
Қазақстанға ғана емес, шет мемлекеттерге танымал дирижер, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлепберген Әбдірашев өнері артында елі барда мәңгі өшпейді.

Әли ТЕМІРБЕК.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 398 0