№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Іс-сапар: екіжақты келісімді көздейді

Іс-сапар: екіжақты келісімді көздейді

Бұған дейін Павлодар облысының Успен ауданы мен Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері өзара рухани-мәдени ынтымақтастық меморандумына отырғанын жазған едік. Осы байланысты әлеуметтік-экономикалық бағытта өрбітуге жол ашылды. Жақында Успен ауданының әкімі Николай Дычко бастаған делегация ауданымызда болып қайтты.

Аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев, Ердулла Сұлтанбеков, Оңал Ержанов қонақтарды күтіп алып, ауданның әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Николай Васильевичтің сапарының бір мәні – «Еңбек» бағдарламасы аясында солтүстік аймаққа қоныс аударуға ниетті отбасыларды шақыра келіпті.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрымжан Бұлдырықов айтыстың ақтаңгері Манап Көкенов жайлы естеліктер айттып, мәдениет саласының жұмысымен таныстырды.
Сосын қонақтардың сапары көне Сығанақ шаһарында жалғасты. Ұлы Дала елінің өркениет орталығы болған көне шаһарды өлкетанушы, тарихшы Әлімжан Ержанов таныстырды.
– Сығанақ қаласы – ежелгі қазақ жерінің мәдени орталығы болған. Оның даңқы тарихшыларды ғасырлар бойы қызықтырумен келеді. Сығанаққа кірер қақпа жалғыз, – деп ол топты бастап кірген қақпаны нұсқады. Бұл қақпаның басқа үйінділерден бір айырмашылығы – биіктігінде, үйілген тасының көптігенде. Сығанақ қаласы мен оның маңындағы суландыру жүйелері қазір жоқ, жойылып кеткен. Тек Сырдария өзенінен тартылған ежелгі каналдар ғана қаланың етегін алыстан барып, орап өтеді. Бұл каналдардың көптеген салаларын қазіргі кезде тоғай басып, жоқ етіп жіберген. Бұрындары қалаға қажетті су Қаратау бөктерінен де келіп тұрған деп жорамалдауға болады. Өйткені Мыңбұлақ, Шолақ, Арыстанды, Қызылтал, Келтешалғай деген өзендер тұп-тура Сығанақ алабына құятын болған. Қазір бұл өзендердің суы мүлде азайып, тарылған, алқапқа жетпей жоғалып кетеді, – деп өз білген-түйгенімен бөлісті Әлімжан Ержанов.
Павлодар облысы, Успен ауданының әкімі Николой Дычко және орынбасары Қабиболла Абушахмановты археологиялық зерттеу нәтижесінде табылған теңгелер қызықтырды. Әр ғасырдың сырын ішіне бүккен тарихқа толы Сығанақ қаласының орнын көріп, топырағын басып, үлкен әсер алғанын жасырмады.
Одан әрі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы бойындағы Төменарық елді мекенінің кіре берісінде орналасқан «Жан-Арай» ЖШС сервистік заманауи кешенімен танысты. «Жан-Арай» ЖШС-і басшысының орынбасары Нұрдәулет Махашов ілкімді жұмыстың барысын сөз етті.
– 2019 жылы 10 гектар жерге 20 300 түп алма ектік, 2021 жылы 50 гектар жердің 30 гектарына алма, жүзім, алша, өрік, шабдалы жемістерін ектік. Жақында 400 адамға арналған тойхананы, қонақ үйді, тир парк, май құю бекетін іске қосамыз. Сондай-ақ, көлік жуу қызметі, астық сақтайтын орын, желімдеу орталығы жұмыс істеп тұр, – деді.
Атқарылып жатқан жүйелі жұмыс барысына қонақтар да қызығушылық танытып ойындағы сұрағын іркіп қалмады.
– Осыншама жұмысқа қаржыны қайдан тауып жатырсыздар? Үкіметтен қолдау бар ма? – деді успендік қонақтар.
– Біздің шаруа қожалық күріш егумен айналысады. Әзірге түскен табысты кешеннің жұмысының жандануына жұмсаудамыз, – деді Нұрдәулет Еркінбекұлы.
Іс-сапар барысы жаңадан салынып жатқан құс фабрикасында жалғасты.
«Абдулла» шаруа қожалығы қолға алған құс фабрикасының құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Жоба құны 3,9 млрд теңге бір жылда 3 500 тонна ет өндіруді және 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырған шаруа қожалықтың жұмысының барысын аудан әкімінің орынбасары Оңал Жанатұлы таныстырды.
Қонақтар жаханға қарбызымен танылған Жайылмадағы диқандардың тыныс-тіршілігімен танысуды жөн көрді. Бүгінде алыстағы ағайынды да қарбызбен қамтамасыз етіп отырған шаруалардың егінді суару жүйесімен танысты. Егістік басында жүрген «Жиделі» шаруа қожалығының төрағасы Бағдат Мұсатаев шахталық әдіспен егістікті суғару жүйесін жеткізді.
– Су 15 метр тереңдіктен шығып жатыр. Ол арнайы инфрақұрылым арқылы жүзеге асырылды. Бір ғана трансформатордан тәулігіне 200 куб су шығарылады. Бұл алқаптағы 65 гектар егіндікті суаруға жетеді. Осы әдіспен биыл 15 гектар қарбыз, 12 гектар қауын егілді. Келесі жылы жобаны ұлғайту жоспарда бар, – деді ол.
Меймандар қала аралап, шекара асып талайдың таңдайында дәмі қалған қарбыздан дәм татып, күрішпен аты шыққан Сырдарияның сағасында орналасқан шаруа қожалықтардың күріш өсіру машығын көруге асықты. Осы ретте Қыркеңседегі «Мырзабай» шаруа қожалығына арнайы соқты. Шаруа қожалық төрағасы Әлмахан Мырзабаев әбден суарылып, сүттеп тұрған егістік басында екен.
– Биыл су жылдағыдан аз болатыны ескертілген болатын. Соған сай жұмыс жасадық. Енді егістікке су бермей, тек пісуін ғана күтетін боламыз. Бұйыртса, дәнді қамбаға толтыратын уақыт та таяп қалды, – деді Әлмахан Әбсаттарұлы. Шаруақожалық төрағасының сөзін аудан әкімінің орынбасары Оңал Ержанов қостап: – Қаратаудың қойнауы, Сырдың сағасына жағалай қоныстанған халықтың жағдайы осы. Бәсекелестік бар жерде өсу де бар. Алда шаруалардың ала жаздай еткен еңбектерінің ақталатын кезі келгелі тұр. Лайым, мол өнім алуға тілектеспіз, – деді.
Успен ауданының әкімі Николой Дычко Жаңақорғанға іскерлік тәжірибе алмасуға және «Еңбек» бағдарламасы аясында солтүстіктегі ауданға қоныс аударуға ниеттілерді шақыруға келгенін айтты.
– Ресей Федерациясымен шектесетін Павлодар облысының Успен ауданы шағын болғанымен халыққа өте жайлы, кәсіп түрлерін дамытамын деушілерге мол мүмкіндік бар. Кейінгі жылдары мектепте оқушы саны азайып, әлеуметтік мәселелер туындауда. Осыны шешуде оңтүстікке арнайы келдім. Бұл ұсынысымды оңтүстіктегі әріптестерім дұрыс қабылдап, көш бағдарламасына мән береді деген ойдамын, – деді қонақ.
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
08 тамыз 2021 ж. 710 0