№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » 2000 жыл: жаңалыққа толы жаңа ғасыр

2000 жыл: жаңалыққа толы жаңа ғасыр


ХХІ ғасырдың алғашқы күні елдің есінде ерекше жаңалығымен есте қалды. Жаңа жылды тың жаңалықпен қарсы алған қазақстандықтар үшін «төбеден ақша жауған» күн болды. Президент пәрменімен жаңа жылда туылған сәбидің анасына 100 мың теңге сыйақы табысталды.


Елдің отыз жылдық тәуелсіз тарихына үңілген сайын елең етер жаңалыққа тап боламыз. «Жаңақорған тынысы» газетінің 2000 жылдың 1 қаңтарында шыққан санында «Жүз мың теңгелік сәбилер» деген мақала жарық көрді. Хабарламада аудан бойынша 5 сәби президенттің сыйақысына ие болғаны жазылған. Біз осы хабарламаның ізіне түсіп, несібесі мол сәбилердің бүгінгі тыныс-тіршілігін сөз етпекпіз.
Жасыратыны жоқ, ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап Ұлы Дала елінде экономикалық дағдарыстар әсерінен халықтың демографиялық жағдайы күрт нашарлап, туу көрсеткіші құлдырағаны ақиқат. Күнкөрісін күйттеген халық ұрпақ өрбітуден гөрі, бел жазбай еңбек етіп, нәпәқа табуды көздеді. Осы кезеңде ажырасу көбейіп, шаңырақ көтергендер саны азайды. Осындай әлеуметтік жағдайдан соң, 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелсе, 1999 жылғы 246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі, тың игеру кезінде Қазақстанға қоныс тепкен өзге ұлт өкілдері, оның ішінде, орыс, украин, неміс және кавказ халықтары өз ата мекеніне көшіп кетті. Демографиялық өсу тек Түркістан, Қызылорда, Атырау облысында, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында байқалды. Ерлердің саны – 7201,8 мың болса, әйелдер – 7751,8 мыңды құрады.
«Еліміздің басты байлығы – халық» екенін ескеріп, демографиялық жағдайды тұрақтандыру үшін жаңа ғасырға жалғасқан жаңа жылдық мерекеде туылған әр балаға қомақты қолдау берілді. Осындай қолдауға ие болған белгілі орындаушы Роза Рымбаева туралы республикалық телеарналар жарыса жариялап жатты.
Республика бойынша бір реттік сыйақы 121 балаға ұсынылса, оның 5-і жаңақорғандық. Елеулі жаңалыққа тап болған кейіпкерлер бүгінде жиырма бір жасқа толып, өз саласының маманы болды. Соның бірі – Нұрғасыр Маратұлы әкесінің ісін жалғап, жиһаз жасаудың қас шебері атануда. «Жұмабай» жиһаз цехының жұмысына дем беріп, өз іскерлігін жаңа бағытта сынап жүрген жастың арманы асқақ.
– Әулетімде ғана емес, өз сыныптастарымның, қатарлас достарым­ның алдында беделімнің биік болуы да осы тамаша уақытта дүниеге келуімде шығар деп топшылаймын. Менің есімімді әкем қойған екен. Жаңа ғасырдың шарапаты мол, берекелі болсын деген ниет жатса керек. Болашақта әкемнің асыл армандарын жүзеге асырып, цех жұмысын жаңа үлгіде жетілдіріп, дамытсам деген ой бар, – дейді ғасыр құрдасы.
Толғағы ғасырлар тоғысына тура келген Тәттігүл Табылдиева сол кездегі аналық сезімін жеткізіп:
– Елдің барлығы жаңа жылды тойлап жатқанда біз перзентханада өткіздік. Қолымызға сәбиімізді алған сәтте медбикеміз «Сіздерге Үкімет 100 мың теңге беретін болыпты» дегенде аса сене алмаған едік. Расында Елбасының бұл қолдауы қомақты еді. Біз сол жәрдемақыға баспана алып, ішіне керек-жарақ сатып алып, жеке отау құрдық, – деді.
Расында, ол кезде ақшаның құнды кезі еді. Сол жәрдемақыға көбі баспаналы болса, енді бірі 10 сиыр сатып алғанын айтады. Осындай дәулетті балалар есімін де ерекше етіп, Нұрдәулет, Нұрғасыр, Нұрперзент, Нұрбибі және Нұрқұйса деп атапты.
Айта өтейік, осы жылы Сидней жазғы олимпиада ойыны өтті. Олимпиадада әлемнің 199 мемлекетінен 10 651 үміткер өнер көрсетіп, спорттың 28 түрі бойынша 300 жүлде сарапқа салынды.

Мақпал МАРҚАБАЙ
11 тамыз 2021 ж. 530 0