Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 75

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 11 айда 1931 бала туды

11 айда 1931 бала туды



Бір қозы туылса, бір түп жусан артық шығады. Осы даналықты берік ұстанған ұлтымыз өтпелі кезеңдерді еңсеріп, ХХІ ғасырдың 3-ші онжылдығының 1-ші жылына қадам басты. Шүкір, өркениет көшіне ілесіп келеміз. Бастысы, нақты бағдарымыз бар. Ол – «Мәңгілік Ел» жолы. Әрине, бұл жолдың баянды болуы азаматтардың білімді, білікті, белсенді болуында екені даусыз. Бірақ ұлттың бәсекеге қабілетті болуы санға да байланысты. Яғни бала туу көрсеткіші қозғаушы күшке ие. Біз аудандағы туу көрсеткішін назарға алдық.
Қытайда бала туу көрсеткіші төмен­дегені туралы ақпарат әлемге тез тарады. Иә, коронавирустың салдарынан әлемде бала туу көрсеткіші төмендеді. Дерек көздеріне қараағанда, Қазақстанда бала туу көрсеткішінде 21 пайыз өсім бар. Яғни әлем бойынша бала туу көрсеткіші өскен санаулы елдің қатарына ілігіп, өмірге құштар халық ретінде бағаландық. Ал, Қызылорда облысы демографиялық ахуалы тұрақты бес облыстың қатарынан көрінді. Соңғы жылдары Сыр өңірінде халық саны жөнінде де, бала туу көр­сеткіші жөнінде де көш бастайтын біздің ауданда жағымды жаңалық көп. Көктем айларында шаңырақ көтерген жастар қатары артып, есесіне қыстың алғашқы айында өмірге келген сәбилер саны артты. Бұл туралы аудандық аза­маттардың хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы Гүлнәр Абдуллаева:
– Биыл некесін ресми тіркеп, отба­сылы болған жастар қатары артты. Ай сайын 50-80 неке тіркелді. Он бір айда 473 отаудың неке куәлігі берілді. Былтырғы жылы 1606 баланың туу куәлігін табыстасақ, биыл он бір айда 1931 баланың туу куәлігін рәсімдедік. Жыл соңына дейін екі мыңнан асады. Пандемия кезінде ажырасу деңгейі де төмендеді, – деді.
Жүрегімізді жылытқан жағымды жаңалыққа қанығып, «пандемия кезін­де перзент әкелудің жайы қалай?» деген сұрақты аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің меңгерушісі Сәуле Бектұрғановаға төтесінен қойдық.
– Коронавирус кезінде босандыруда әдеттегідей әдістер қолданылғанымен, сақтық шараларды қатаңдаттық. Сырттан ас-ауқат кіргізілген жоқ. Пневномия диог­нозындағы бірнеше келіншекті аман-есен босандырдық. Медицина қызметшілері өміріне қатер төнетінін біле тұра өз міндеттерін абыроймен атқарды, – дейді білікті гинеколог-дәрігер.
2020 жылдың 1 қаңтарында 5 сәби дүниеге келсе, мереке күндері бала туу саны артқанын байқадық. Халық­аралық әйелдер мерекесінде Шадияр, Тұңғышбай, Көзайым, Камила, Інжу, Айкөркем есімді сәбилер өмірге келді. Ұлық мерам – 22 наурызда 6 нәресте, Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойында 7 бала, Тәуелсіздік мерекесінде 6 бала дүние есігін ашты.
Ең қызығы, биыл 10 егіз өмірге келді. Оның 3-і қыз егіздер, 4-і ұл егіздер және екеуі аралас егіздер. Сондай ерекше жағдайда босануына жәрдемдескен гени­кологтар сәбилердің дене сал­мақтары мен денсаулығы өте жақсы болғанын сөз етті.
– Қауіпті індет кезінде құрсақ көтер­генде бойда қорқыныш болды. Алғашқы айында-ақ, оның егіз бола­тынын біл­гендіктен тәуекел еттім. Тәңір­ден тіле­генім тек денсаулық болды. Осы­лайша, қос перзентті құшағыма алып, бақыттан жадырап жүрмін. Әли мен Сағи деп есімін қойдық, – дейді көп балалы ана Ұлмекен Үсенова.
Ал, қос бірдей қызды болған Шолпан Суранова егіз сәбилі болудың еш қиын­дығы болмайтынын айтады.
– Еркем өте ширақ, бір орында тұр­майды. Ал, Көркем салмақты, сабырлы. Жақында бес айға толдық. Аллаға шүкір, салмағы да, денсаулығы да жақсы, – дейді жас ана.
Пандемия кезінде өмірге келген пер­зенттердің күтімі де аса еңбек­қорлықты, ұқыптылықты, мұқият­тылық­ты қажет ететіні сөзсіз. Осы тұрғыда, мемлекет те қажетті көмегін беріп, демог­рафияның тұрақты болуын назарда ұстап келеді. Сәбилердің ай сайынғы дене салмағы, физиологиялық өсімі мен ден­саулығы жергілікті медбикелердің күнделікті бақы­лауында. Ал, қауіпті індеттен туын­даған қорқынышты жеңуге «жас аналар» кабинетінің психолог мамандары жұмыс жасауда.

Мақпал ПАТЕНОВА
03 қаңтар 2021 ж. 500 0