Төртінші билікке төрелік тән
Адамзат тарихында баспасөздің орны ерекше. Еліміз егемендігін алған кезеңдері оның ел өміріндегі қызмет аясы, бет-беделі, саяси салмағы еселеп артты.БАҚ қызметкерлерінің мерекесіне келсек бұған дейін 5 мамыр – «Правда» газетінің алғашқы саны жарық көрген күн мереке ретінде ұлықталып, осы күні атап өтіп келсек, 1990 жылы 28 маусымда қабылданған БАҚ туралы Заңда цензура жойылып, баспасөз бостандығына ресми жол ашылып, осы күннен бастап 28 маусым – Журналистер мен байланыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленді.
Енді журналист мәртебесі туралы бірер сөз. Елімізде «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданып, осы бағытта мұғалімдер қауымы үлкен қамқорлық пен қолдауды сезініп отыр. Бұл ұстаздардың білімді болашақты тәрбиелеу бағытындағы телегей-теңіз еңбектеріне лайықты баға екендігіне ел-жұрт та қуанулы. Нақ бүгінгі күнмен байыптап қарасаңыз мұғалімдердің жалақысының жартысына да толмайтын еңбекақыны еншілейтін журналистер жағдайына қарап қаламгер қадірінің баяғы «жегені жантақ, іздегені алтын» халден көп өзгере қоймағанын бағамдар едіңіз. Бірақ солай екен деп жұмысын тастай безіп кеткен немесе күнделікті жұмысына енжар қарап еңсесі түсіп жүрген қаламгерді көрмейсіз. Бәрі төбесі көк тіреп тұрғандай өз-өздеріне көңілі тоқ. Неге? Өйткені олар үшін мамандықтың өзі қымбат. Дүниеде өзінің ғана емес, өзгенің де өмірімен ғұмыр сүріп, көңіл-күйге тәуелді болып жүретін екі мамандық бар екен. Оның бірі, әрине актерлық. Қара басыңды қараша да етесің, хан да етесің. Екіншісі, журналист. Қаламыңның ұшына іліккен қаншама тұлғаның арман-тілегін жан-жүрегіңнен өткізіп белгілі мерзімге сонымен бір болып кететініңді сезбей де қаласың. Олай етпедім дегенше жазған дүниеңде қан да, сөл де болмайды. Жаны жоқ жазбаны оқырман тез ұмытады. Сонымен бірде дәрігер, бірде ғалым, бірде кенші, бірде инженер, бірде әкім, бірде ақын болып елбіреп-желбіреп жүріп халықтың бел баласына айналып кететіні сондай бұқара мен биліктің арасына алтын көпір орнататын қауқарға ие болып жүретін қасиетті кәсібін бәрінен биік санауын жазғыруға да болмас.
Бұл сөзімізге бір үзік дәлел. Жас журналист кезім. Түскі үзіліске шығып жұмыстан қайтып келе жатқан жолымда мынадай оқиғаға тап болдым. Теміржол жақ көшеден құйғытып келе жатқан көлік стадионға бұрылар тұста рульді басқара алмай қарсы қапталдағы оралман отбасының жамау-жасқау шарбағын бұза-мұза босағасына маңдай тіреп бір-ақ тоқтады. Ар жағынан шыға берген кішкентай қыздың шар еткен даусы шықты. Әп-сәтте адамдар жиналып милициясыда қара көрсетті. Аз-кем тілдескен соң айыпкер табанын жалтыратып үлгерді. Бір жақсысы – адам шығыны жоқ. Үйінің маңдайы быт-шыт болған отбасының ер азаматы қалаға кеткен екен. Не болғанын түсінбеген әйел, бала-шағасы тұрған күйі қала берді.
Түстен кейін ішкі істер бөліміне хабарласып бұл оқиғаның тіркелмегендігін анықтадым. Дереу «Журналистің көз алдында» деген айдармен мақала дайындауға кірістім. Онда оқиғаға себепкер ауданда әжептеуір аты бар өзім танитын көліктің иесінің аты-жөні жазылды. Біздің бұл әрекетімізден хабардар болған әлгі азамат өзінің Шымкентте көлігін жөндетіп жатқанын, жете алмай тұрғанын, ол күнгі оқиға әдейі емес, бір жағдайға орай күйікпен аз-маз ұрттағанын да жасырмапты. Мәселені жылы жауып қоюға өтініш жасап, араға екі адамын салып бізге жұмсап отыр. «Үйде өңкей бала-шаға қалған, оралман отбасының іздеушісі жоқ екен деп осылай аяқ-асты етуге бола ма? Шошып қалған баланың саушылығы нешік? Оны дәрігерге көрсету керек емес пе» деген базынамызға екеуі «Бұзылған жерді өзіміз жөндейміз. Ал мынау баланы дәрігерге көрсетуге беріп отырған көмегі» деп оралман жігіттің әйелінің қолына қомақты қаражатты ұстатты. Осылайша Ұлы Даланың «Жеті жарғы» ережесіне ұқсайтындай жолменен бе, әйтеуір екі жақ ұғысып, келісімге келдік. Журналистік өмірімізде араға түсіп карапайым халыққа қорған бола білген жайымыз бұл бір ғана емес, отыз жылдық өмір тәжірибемде мұндай мысалдың талайын келтіре аламын. Көпшіліктің сот, прокуратура, полиция жағалағаннан гөрі бізді қолайттап, газетті төңіректейтінінің астарында осындай әділдіктің әлеуеті де жатыр. Газет осындай төрелігінен танбауы керек.
Қалам құдіреті дегеніміз кім болса сол еншілеп кете берер ермектің құралы емес. Бірақ осы бір заңдылықты белден асқан блогерсымақтардың шатпағы журналистикаға үлкен мінін келтіріп тұр. Мұндайда «Бидің айтқанын құл да айтады, аузының жоқ дуасы» деген сөз еріксіз ойға оралады.
Газет-журналдардың әлеуметтік желіден бір айырмашылығы, сенсация қумайды. Оқырманға орнықты ой, салмақты сөз арнайды. Оқырман көңілінде газет айтса онда ол рас, ақиқат деген ұғым үстем. Ал интернет жаңалықтарын оқып отырып күмәнданып отырасың. Өйткені ондағы материалдар қадағаланбайды. Жеделдік мәселесіне келсек газет сайттарының өз контенті айтарлықтай қалыптаса бастады. Кейде видеоақпараттар да беріліп отырады.
Бір ғана мысал келтірелік, бұрнағы жылы Арыста болған оқиғаның түгел жай-жапсарын оқырман интернеттен сан ақтарғанмен ойы сан-саққа кетіп, толайым дүдәмал ақпараттан көз сүрінді. Осы оқиғаны толық зерттеп, министрліктен жауап алып, жан-жақты сараптап, талдап жазған «Егеменнің» мақаласы түрлі жел сөз, алапқашпа өсек-аяңға бір-ақ күнде нүкте қойып берді. Таралымы 200-дің үстіне шыққан бас басылым тәжірибесі барлығымызға үлгі.