№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Әуе толқынында «Қазақ радиосы»

Әуе толқынында «Қазақ радиосы»


Ақпарат көздіктерінің ішінде ең көнесі болса да көңілге жақын, күні бүгінге дейін бәсін төмендетпей келе жатқан Қазақ радиосына биыл 100 жыл толады.
Алғаш 1921 жылы 1 қазаннан бастап сол кездегі ел астанасы Орынбор қаласынан таратылған трансляциялық хабардың алғашқы авторы Ахмет Байтұрсыновты радионың атасы деуге болады. Одан соң радио комитеті Қызылордада, ал 1931 жылғы 1 мамырдан бастап Алматыда жұмысын жалғастырды.
Радиохабары соғыс кезінде де жұмысын тоқтатпады. Кезінде КСРО сынды алып империяның бір орталықтан басқарылатын «Совинформбюросының» тұтас Одақ халқын коммунистік жасампаздық  рухта тәрбиелеудегі ролін ешкім жоққа шығара алмаса керек. Сол сияқты Қазақ радиосының жаңғырығы жапан түзге дейін тарап, әр жүректі  жаңа заманның тынысымен нұрландырды. Қазақ даласынан шыққан қаҺарман жауынгерлер есімін де халық осы радиодан естіп білді.
Тұтас кеңістіктегі болып жатқан жаңалықтарды  жеткізіп, көкірек пен санада күмбір күй орнатқан руханият жаршылары елді жақсылыққа үндеп, жаңа адам төрбиелеу ісіне барынша үлес қосқанына өткен күн шежіресі куә. Қаншама тауқыметті бастан кешсе де ертеңінен үміті зор қазақ үшін қасиетті сырсандық  бүгін де сол қызметінен жаңылған жоқ деуге болады.
Жалпыға бірдей жақын, аудитория таңдамайтын радионың артықшылығы, алыс пен жақынға жатса да, тұрса да серік, асүйде дәм дайындап жүріп те, тіпті рульде көлікті басқарып немесе жолаушылап келе жатып та жан-жақты ақпараттарды көңіл сүзгісінен өткізу бір басқа, нешетүрлі танымдық сыр-сұхбаттар, музыкалық бағдарламаларғакөңіл байытуға болады. Радионың бағасын биіктетуде дикторлардың кәсіби біліктілігі терең маңызға ие. Тәулік бойы күмбірлеген үнімен құлақ құрышыңды қандырар радионың негізгі жаны - дикторлар екендігі анық. Қазақ радиосының тарихында есімдері алтын әріппен жазылған  дикторлар қатарында Әнуарбек Байжанбаев, Мырзабек Қуатбеков, Қатира Әзімбай, Сауық Жақаноаа, Тасқын Құлыбековтің сыңғыр саз есілгендей қоңыр үндері  бала кезімізден құлағымызда қалды. Ал радионың кешегі тарихында  Әміре Қашаубаев, Шәкен Айманов, Ахмет Жұбанов, Мұқағали Мақатаев, Ермек Серкебаев, Шәмші Қалдаяқовтың іздері қалғанын бүгінгі ұрпақ біле ме?
Негізі қаланған күннен бастап ақпараттық қоғамдық саяси хабарлар таратумен қатар әдеби-сазды музыкалық  бағдарламаларды тұрақты эфирге  шығарып келе жатқан шығармашылық ұжым радиожанрларын жан-жақты түрлендіруде заманауиталап-талғам деңгейінен танылуды мұрат тұтатындығына ізденісті бағыт-бағдары дәлел.
Бүгінде «Қазақрадиолары» ЖШС құрамындағы «Шалқар», «Астана», «Классик» осы «Қазақ радиосынан» тарады. Қазір серіктестіктегірадиолар негізінен тікелей эфирде хабар таратуға көшті.
Радио тыңдармандары қатары да жылдан жылға артып келеді. Мемле­кеттік мекемелердің ресми сайтындарадиоларды онлайн таратуға мүмкін­діктер жасалып жатыр.
Қоғамдағы өзекті мәселелерді қалт жібермейтін «Астана радиосы» тікелей эфирінен берілетін «Басты тақырып», «Тема дня» бағдарламасы күн сайын елдің саяси өміріне шолу жасап отырса, таңғы «Шалқар таңы», түнгі «Жастар хабары» бағдарламалары тәуелсіз елдің тыныс-тіршілігінен толықтай таным түзетініне кепілдік беруге болады.
«Қазақ радиосының» «Қайырлы таң, қазақ елі» ақпараттық сазды бағдарламасы жұртшылықты танымал жұлдыздармен қауыштыратын сырлы сұхбаттарымен қызықты. Әр сейсенбінің түнінде Әйгерім Оралбекқызының жанды дауыста жұлдызбен бірге «Ән сал Like» хабары да өзіндік нақышымен танымал.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бар­лық мамандық иелерінің болашақ кәсіби бағытына жол көрсеткеніндей, радиобағдарламаларға да тың тақырып­тарды тарту етті. «Мәңгілік елге» ұмтылған қазақ қоғамын бүгінде «ауыл», «қала» деп бөлуге негіз жоқ. Барлығына ортақ қағида қалыптасқан. Өркениетке қол арту әрбір индивидиумның игілігінде. Озық білім, салт-санаға мүдделілік адамдықтың тұғырына айналды.
Құрылғанына 55 жыл болған «Шалқар» радиосы бағдарламаны таза ұлттық бағытта түзіп, халықтың рухани қазынасын түгендеп, тарихты тірілтуге талапты үрдісінен жаңылған емес. Музыкалық бағдарламада эстра­далық әндерді емес, халықтың ән-күй қазынасынқайта жаңғыртып,  ел тұрғындарының рухани жадын таза классикамен байытуды басты мақсат еткен ұлттық арнаның мұраты жыл өткен сайын айшықталып келеді.
ЖаҺандық ақпараттар адам санасын алапаттай жаулап алған нақ бүгінгі күндері солардың арасынан айқын жол тауып, тыңдарман көңіліне қонақтап, сыралғы серігіне айналу мақсатында талмай жұмыс жасап келе жатқан журналистер қауымының ізденімпаздығы мен жаңашылдығы нәтижесінде радио­ның туы тұғырынан түспей, туған  өлкеміздің кез келген аймағында асқақ тұруына әрбір ұлт жанашыры мүдделі. Осы орайда  «Әр қазақ – менің жалғызым» хабарын жүргізетін журналист Еркін Байғабылұлының «Қандастар» бағдарламасы жанымызға ыстық.
Жалпыұлттық мүддені ғана емес, жеке тұлғаның жан-дүниесіне үңіліп, қуанышы мен қайғысына ортақтасуда да жанашыр тілектестіктен жаңылмайтын   ұлттық арнаның «Ақ тілек» бағдар­ламасы кез-келген шаңырақтың төрінде еркін қалықтап, мереке иелерінің көңілін жайдары шуаққа бөлесе, «Қағып тұр, бақыт келіп есігімді, сағынған жан болады кешірімді. Табысқан тағдырларды көру бақыт, біз аңсап күттік қанша осы күнді» деп басталатын «Бармысың, бауырым» хабары аяулы қызымыз Қымбат Досжанның жібектей тарқатқан тартымды  үнімен   қаншама үмітті қайта үрлеп, армандарды жалғады. Ал «Батыр болу шарт емес, текті рухты, бай да болу шарт емес, епті-мықты. Жай ғана бір жақсылық жасау үшін, мейірімді болуың жеткілікті» деп басталатын «Мың алғыс» бағдарламасының көптің жанын сәулелендіріп, қымбат сыйластық пен тұғырлы тілектестікке үндейтін үлгісіне тыңдарман бек разы.
Өткен жылдан бастап арнаға енген тың бағдарламалар қатарында  журналист Әбдірәлі Бөлебайдың «Ғиззат-ғұмыр», «Астана»  радиосынан берілетін «Сыралғы», «Шалқар» радиосыныан Асан Омар жүргізетін «Абай ғибраты» тікелей эфирде көпшіліктің сұранысына ие. Қазақ кино өнеріне талдау жасайтын «Film-fan»  да тыңдармандарының түрлі сауалдарына жауап беруге әзір. Ал «Астана» радиосынан берілетін «Білім айнасы» ұстаз бен шәкіртке бірдей құндылығымен биік тұр.
Қазақ радиосында шет мемлекеттер­де тұратын қазақ бауырларымызбен қарым-қатынас орнатуға талап жоғары. Сандық технологияның мүмкіндігі нәти­жесінде кез келген тұтынушы ұялы телефонындағы ютуб арнасынан қалаған бағдарламасын көре алады.
Биыл құрылғанына ғасыр толған Қазақ радиосының желкенін жоғары ұстап келе жатқан бүгінгі шоғыр қатарынан туған жер түлектерінің есімдерін бөле-жара айтар болсақ,жаңақорғандық Кенжебек Әбдімауленов ағамыз жасы жетпістің үстіне шықса да сүйікті кәсібінен қол үзбеген, Қазақстан теле-радио корпорациясында жетекшілік қызметте. Ал Бірлік ауылы мектебінің түлегі Гүлмира Нәлібаева бүгінде «Қазақ радиосының» әдеби-сазды бағдарламасының жүргізу­шісі, Ал Талап ауылындағы №54 мектептің түлегі Дулат Әбибуллаев «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы және «Қазақ радиосының» директоры.
«Бір адам жаққан отқа мың адам жылынады» демекші, бұқараның қыз­метіне жарап, бірдің емес, мыңның қамы үшін бүкіл өмірлерінде жан тыныштығын ұмытып, ұлтқа ұстын боларлық құндылықтарды  елеп-екшеп ел назарына ұсынудан жалықпай келе жатқан қалам иелерінің көріктей кеудеден қайнап шыққан төл туындылары  тыңдармансанасын жаулап, рухани қажеттілігін қанағаттандыра алған қуатымен шын иелерін тарихи тұлғалар тұғырына қондырғанына халық куә   
Биыл аталмыш ақпарат құралының құрылғанына жүз жыл толу атаулы күніне орай жаңалықтың жаршысы ғана емес, әдебиет пен мәдениеттің жалауы , халық өнерінің жоқтаушысы, елдің әлеуметтік дамуының жасампаз  жанашыры қасиетті қағидасынан бір жаңылмаған Алаш қайраткерлерінің аманатына құрмет есебінде еліміздің ірі мегаполис қалаларында «Қазақ радиосына» көше атаулары берілді.
«Қазақ радиосы» көшесі Қызылорда қаласында да бар.
Баян ҮСЕЙІНОВА
19 сәуір 2021 ж. 968 0