№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ынтымағы бекем ел ырысы

Ынтымағы бекем ел ырысы

Алғыс айту халықтың бірлігін, өзара сенімділігі мен құрметінің орнығуына негіз болған Елбасы Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын айшықтайтын айтулы мереке. Бұл күн түрлі ұлттар мен ұлыстың ортақ мекені Қазақстанға қоныс аударған түрлі ұлт өкілдерінің құт мекені – қазақ халқына деген ризашылығының белгісі іспетті.


Қазақстанда халқы бұл мерекені 2016 жылдан ресми мереке ретінде аталып өтуде. Тыныштық пен үндестік орын алған ортақ мерекенің мән-мазмұны Қазақстан халқы Ассамблеясының негізінде құрылған. Тағдырдың тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі ұлт өкілдерінің елге деген алғаусыз алғысы.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов мерекеге орай түрлі салаларда қызмет етіп жатқан қызметкерлерді, өзге ұлт өкілдерін қабылдап, ақжарма тілегін жеткізді.
– Көгінде көк туы желбіреген егемен елімізде түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп, бір шаңырақ астында татулықта, бірлікте күн кешуде. Ұлтымыздың басты байлығы – бірлік, ұлтаралық татулық. Б.Шункуба атты абхаздық жазушының «Ұбықтан қалған бір жалғыз» атты кітабында тұтас бір халықтың жер бетінен қалай жойылып кеткені туралы жазылған. Автор Кавказды мекендейтін мыңдаған жылдарға созылған тарихы бар ұбық деген халықтың тағдырын бейнелейді. Мұны қазақ тілінде «Отаның сені жоғалтып алуы мүмкін, бірақ сен ешқашан Отаныңды жүрегіңнен жоғалтпа» деген әдемі иіріммен келтіріп, жүрекке жететіндей сұхбатты назарға ұсынады. Лайым, ешқашан Отанымыздың ошағы сөнбесін, – деп бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың Алғыс хатымен Болат Мақсұт, Сейдахмет Бидашұлы, Евгений Вадимұлы марапатталса, аудан әкімі Р.Рүстемовтың «Алғыс хатымен» Пернебек Қожанұлы, Айгүл Сайдуллақызы, Ұлжан Тілепбайқызы, Жандос Орынбасарұлы, Наргиза Сагадинқызы, Алмас Абибуллаұлы марапатталды.
Жиын соңы еркін форматта пікір алмастуға жалғасты.
Балалығы Түркия мемлекетінде өтсе де, қазақ топырағына келін болып түскен Наргиза Сагадинқызы:
– Жаңақорғандық Медьжилес Ахмедовпен шаңырақ құру маңдайыма жазылған екен. Қазақстанда тұрып жатқаныма 13 жыл болды. «Еркетай» балабақшасында орыс тілі пәнінен сабақ беремін. Ерекше қонақжай халықпен етене араласып, бір үйдің баласындай болып кеттік. Қазақта «Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық» деген рас екен. Көршіміз жақынымыздай болып кетті. Мен қазақ халқының ынтымақты ел екенін мақтанышпен айтамын, ынтымағымыз ыдырамасын, – деді.

Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ
08 наурыз 2021 ж. 821 0