№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!


Қожакент ауылдық кітапханасы мен И.Әбдікаримов атындағы 168 орта мектептің ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби бағдарын айқындауға, мамандық әлемімен таныстыруға және болашаққа деген сенімін нығайтуға бағытталған тағылымды шара өтті.

Шараға түрлі мамандық иелері қатысып, өздерінің еңбек жолдары мен кәсіби тәжірибелері туралы әңгімеледі. Оқушылар әр мамандықтың қыр-сырымен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Кездесу барысында мамандық таңдаудағы жауапкершілік, білімнің маңызы, еңбекқорлық пен табандылық туралы маңызды ойлар айтылды.
Әрбір жас өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдап, ел игілігіне қызмет етуді мақсат етуі керек. Өйткені дұрыс таңдалған мамандық – жарқын болашақтың негізі.
Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастырып, олардың өмірлік мақсаттарын айқындауға ықпал етеді.
Мамандық таңдау – өмірлік маңызды қадам. Бүгінгі оқушы – ертеңгі білікті маман!
15 қазан 2026 ж. 46 0