Соңғы жаңалықтар

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЖОЛДАУ – 2026: МЕЖЕНІ ІС АЙҚЫНДАЙДЫ

ЖОЛДАУ – 2026: МЕЖЕНІ ІС АЙҚЫНДАЙДЫ



Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңа кезеңнің басым бағыттарын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат болып табылады. Бұл Жолдаудың басты ерекшелігі – саяси жаңғыру нәтижелерін нақты экономикалық жетістіктермен ұштастырып, мемлекет дамуының негізгі өлшемі ретінде халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын алдыңғы орынға қоюында.

Жаңа Конституцияның күшіне енуі және Құрылтайдың өз жұмысын бастауы елдегі саяси өзгерістердің жаңа кезеңге өткенін көрсетеді. Осы тұста Мемлекет басшысының «Ел өміріндегі тарихи өзгерістердің барлығы халықтың көз алдында болып жатыр… көп сөз айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын» деген сөзі ерекше мәнге ие. Бұл – саяси реформалардың мәні қабылданған шешімдермен ғана емес, олардың қоғам өміріне тигізетін нақты әсерімен бағалануы тиіс деген ұстанымның көрінісі.

Меніңше, Жолдаудың негізгі идеясы да осында: мемлекеттік саясаттың тиімділігі ең алдымен азаматтардың күнделікті тұрмысындағы оң өзгерістермен, әлеуметтік әділеттіліктің нығаюымен және экономикалық мүмкіндіктердің кеңеюімен өлшенуі керек. Демек, ендігі басты міндет – жүзеге асырылған саяси реформаларды халықтың өмір сапасын жақсартатын нақты нәтижелерге айналдыру.

Жолдаудың тұжырымдамалық өзегі – «Халықтық құрылыс» бағдарламасы. 2029 жылға дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлініп, өңірлерде 70-ке жуық медициналық, 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет нысаны салынады. Мұнда менің ойымша, институционалдық тұрғыдан маңызды бетбұрыс бар. Ұлттық қор ұзақ уақыт бойы «қара күнге» арналған, қол тигізуге болмайтын резерв ретінде қабылданып келді. Енді ол дамуды қаржыландыратын құралға айналады. Президент бұл шешімді ұрпақтар алдындағы жауапкершілікпен байланыстырады және оған айқын шарт қояды: «жұмсалған ақшаның экономикалық және әлеуметтік қайтарымы болуы қажет», сондай-ақ «Ұлттық қор арқылы импортты қаржыландыруға жол беруге болмайды». Бұл шарттарды дұрыс деп санаймын. Дегенмен саяси тәжірибеден білетініміздей, ауқымды құрылыс бағдарламаларының ең осал тұсы – іске асыру кезеңі. Сондықтан бағдарламаның табысы әр жобаның құны, мердігері және мерзімі қоғамға қаншалықты ашық болатынына тікелей байланысты.
09 қараша 2026 ж. 58 0