Ұландар Елбасын жырлайды
Ұлт Көшбасшысы туралы ақын жырларын бала қиялында орнықтыру өз алдына, жаттағанын нәшіне келтіріп мәнерлеп айта білу де үлкен өнер.
Орталықтағы №169 орта мектебінің мұғалімі Кенже Рамашеваның ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Байқау шарты бойынша үздік өнер көрсеткен 7 «в» сыныбының оқушысы Аружан Орынбасарова бас жүлдені иеленсе, 5 «в» сынып оқушысы Оразбек Ұлан І-орынды, 5 «г» сыныбының оқушылары Нұрдин Омар мен Тұрғанбек Ақниет 2 орынды, 7 «в» және 7 «г» сыныбы оқушылары Сарман Сабина мен Құттықожа Қаламқас ІІІ орынға ие болды. Жүлдегерлер мектеп дирекциясының «Алғыс хатымен» марпатталды.
Жалпы, № 169 Н.Ильялетдинов атындағы орта мектебі жастарға саналы білім берумен қатар, қоғамдық белсенділігін арттырып, мәдени-рухани шаралар арқылы қабілет-қарымын ашуға мән береді.
Жоғарыда өткен сайыс осының дәлелі.
Байқауға «Жаңақорған тынысы» газеті бас редакторының орынбасары Баян Үсейінова және осы мектептің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Гүлзинат Қалкөзова қазылық етті.
Айнұр СЕЙДЕМЕТОВА.
Пікір 1