№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жақып атаның әз жолы

Жақып атаның әз жолы


Көшпелі ұлттарда өтпелі кезеңдердегі тарихи оқиғаларды, ұлттың дамуына үлес қосқан тұлғалардың қайраткерлік істерін ауыз әдебиеті арқылы дәріптеу дәстүрі қалыптасқан. Шежіре арқылы тарқатып, көне көз қариялардың айтуымен жеткені қаншама?! Қылауыз атанған (Қылауыз араб тіліндегі мағынасы жол бастаушы дегенді білдіреді) Жақып ата жайлы аңыз-әңгіме де көп.

Өлкетанушы Шайдарбек Әшімұлының еңбектеріне зер салсақ, Жақып (Қылауыз) ата Әбубәкір Сыддықтың жиырма бірінші ұрпағы. Ол Ахмет Яссауимен замандас болған тарихи тұлға.
Бірде Яссауи Сырға келіп, әулиелерге зиярат етеді екен. Сырдарияға келгенінде Жақып атамызға:
– Уа, Жақып, мына дариядан қалай өтеміз? – дегенде:
– Сізге дариядан өту қиын болып па, жүре беріңіз, – деп дұға еткен екен. Әзірет Сұлтан дарияны кешіп өте берген. Мұндай әңгіме қазір ел арасында кең жайылған. Міне, осы сапарда Сыр бойындағы барлық әулиелерді аралап, қайтадан судан өтетін жерге келеді. Сол жерде бесін намазын оқиды. Намаз оқып жатқанында жайнамаздың бас жағынан кішкене қарақұрт шығады. Бұл кісілер намаз оқып болғанша құрт үлкейіп адам жұтатын дәрежеге жетеді. Сонда Әзірет Сұлтан намаз оқып болып, Жақып атаға бұрыла қарап:
– Уа, Жақып, сен дем сал! – дейді.
Жақып ата дем салады.
Сонда әлгі құрт кішірейіп, қайта өз қалпына келеді.
Жақып ата:
– Құртып жіберейін бе? – дейді:
– Қой, сол қалпында қалсын, – дейді Әзірет Сұлтан.
Не керек, Тассуаттан кері өтіп:
– Уа, Жақып, қолыңды жай, сенің лақап атың құрт иесі «Қылауыз» болсын, – деп бата берген екен. Содан құрт ауруымен ауырған кісілерді емдейтін болыпты-мыс. Жылан шаққан, қарақұрт тиген адамдарды ауруынан құлантаза жазған. Жақып ата сонымен қатар құсбегі, әйгілі шабандоз да болған екен.
Қожа Ахмет Яссауи жас кезінен білімге ынталы, қабілеті бар Жақып атаны жанына тартып, ел басқаруға баулыған. Есейген шағында ол кісіні ислам дінін таратуға Сыр бойына жіберген. Жақып ата жасынан дін жолына түсіп, жергілікті жерде мешіт ашып, қараңғы халықтың сауатын ашу үшін бала оқытып, ислам дінін таратуда көп еңбек еткен.
Қылауыз ата кесенесі Жаңақоған ауданына қарасты Әбдіғаппар ауылының батыс жағында он шақырым жерде орналасқан.
Абайдың рухани-мәдени мұрасынан әулие – шын иманды тапқан, Құдай үшін өмірін қиюға даяр жандар екенін білеміз. Яғни әулиелер тәлімі – Алла жолын дәріптейді. Қылауыз атаның да өсиеті елдіктің жолын жалғап, Алланың шынайы құлы болып, «кемел адам», «толық адам» дәрежесіне көтерілуді нұсқайды.
Біз әулие-әмбиелердің өсиетін дәріптеген кезде осыны басымдық етуіміз тиіс. Сонда ғана әулиелік қасиеттің мән-мазмұнын терең түсіне түсеміз.

Перизат МАДИЯРОВА
14 ақпан 2021 ж. 537 0