№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Біздің облыстық мұражайда батырлар киетін дулыға 30-шы жылдары пайда болған екен

Біздің облыстық мұражайда батырлар киетін дулыға 30-шы жылдары пайда болған екен

Осыдан көп бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде Петропавл облыстық өлкетану мұражайының қызметкері Лидия Мелехина мақала жариялап, онда былай делінген еді: «Біздің облыстық мұражайда батырлар киетін дулыға 30-шы жылдары пайда болған екен. Өкінішке орай, оны бізге кім тапсырғаны, дулығаның өзі қай жерден табылғаны туралы құжат сақталмаған».

Дулығаның текті кісінің меншігі болғаны ақиқат. Ең басты ерекшелігі- оның жиегіне айналдыра құран сүрелерінен үзінділер келтірілген. Араб тілінде. Дулығаның маңдайында «Мұхаммед Пайғамбар сенімен бірге» деген сөз бар. Және солардың бәріне алтын жалатылған. Бас киімде оның иесінің аты да жазылыпты: Ахмед Якуб». Осы мақаланың ізімен зерттеу жұмыстары да жүрді. Белгілі болғанындай, мақалада жазылған Ахмед Якуб – Абулайстың баласы Жақып (Якуб) ата. Оның әкесінің Абулайс аталуы Ислам ғылымында арыстан, жолбарыс деген мағынаны білдіреді. Сондықтан халық Абулайс деп лақап ат берген. Абулайс бабамыз Самарханда туып өскен. Ол кісінің жазған 8 кітабы бар, соның екеуі Ташкентте басылып шығып, өзбек ағайынның сүйікті кітабына айналды. Міне, Жақып (Қылауыз) атамыз осы Әбуланс Самархандидің ұлы. Қазірде Ташкенттегі №15 орта мектебі Абулайс атымен аталады.
Жақып Абулайс ұлы туралы тоқталсақ, ол кісінің 500 әскерімен қару -жарағы болған. Орта Азия жеріне имандылықты орнықтыруда қызмет еткен, халықты тура жолға бастаушы болумен қатар күнкөріске, адал мал табуға тәрбиелеген. Жалқау, бейнетсіз, бекер жүргенді ол жек көрген. Олар туралы мынандай деп айтқан сөзі бар: «Балаң болса шоқ болсын, шоқ болмаса жоқ болсын».
Халықты отырықшылыққа үйрету үшін қолындағы асасымен сызып арық қаздырады. Жақып Абулайс бабамыздың кесенесі Қырғы Өзгентте жатыр Оны «үш атаның кесенесі» деп атайды.


Айгүл ҮСЕЙІНОВА.
№51 мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

04 маусым 2020 ж. 1 642 0