Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ғасыр жасаған абыз

Ғасыр жасаған абыз

Қазыналы қарт Қаратаудың етегін ала орналасқан Жаңақорған ауданының Бірлік елді мекені топырағынан шыққан ақын да, жазушы да, мәдениет пен өнер қайраткерлері де, әскери және ішкі істер, медицина және ағарту саласының белгілі майталмандары да, ғалымдар да көптеп саналады. Өз бақытын еселі еңбектен тапқан бұл тұлғаларымызды біз орынды мақтан тұтамыз.

Бүгінгі әңгімеміздің арқауы 1921 жылы 15 қазанда Ақүйік өзенінің бойында өмірге келіп, Бірлік колхозы құрылғанда алғашқы мүшелердің бірі болған Әбсадықұлы Әбибулла ағамыздың өнегелі өмір жолы болмақ. Тоғыз жасында әкесі Әбсадық қаза болып, анасы оны он бір жасында Шымкентте почта байланыс саласында істейтін інісі Махмудтың қолына жібереді. Осылайша орта білім алуға қол жетті. Мектепте елімізге белгілі сазгер болған атақты Нұрғиса Тілендиевпен бірге оқыпты. 1941 жылы 17 маусым күнгі мектепті бітіру кешінен төрт күннен кейін Ұлы Отан соғысы басталады. Аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Сартбаев деген кісінің жұбайы Сартбаева Мария Васильевна Әбекең оқыған мектепте мұғалім екен, Әбекеңді өзінің ұлы Вениаминмен бірге Ленинградтағы жоғарғы әскери теңіз училищесіне оқуға баруға үгіттеп көндіреді. Бұл оқу орнына түсуге Әбекең медкомиссиядан өте алмай, военкомат арқылы оқушы жетіспей жатқан артиллеристік училищеге оқуға қабылданады. Бұл кезде неміс фашист басқыншы жендеттерімен қиян кескі ұрыс басталып кеткен. Училищенің курсанттарымен бірге Әбибулла Әбсадықұлы Ленинградты қорғау бекінісі жүйесінде Луги бағытындағы соғыстарға қатысады. Небәрі екі үш күнде осындай соғыс барысында бірнеше ондаған курсанттар қардай бораған оқтан қаза тауып, бірнеше командирлер жарақат алады.
Соғыс жүріп жатса да курсанттардың оқып, білім алуы маңызды болғандықтан, жоғарғы әскери басшылық училищені Удмурт АССР інің астанасы Ижевск қаласына көшіреді. Қоршаудағы Ленинград, қардай бораған оқтың астынан училищені көшіру оңай болмаса да, эшалонды түнделетіп жүргізіп, күндіз орман арасымен жаяулатып жүріп, училище әупірімдеп көшіп алады. Әрине, адам, техника шығыны болғаны өзінен –өзі түсінікті болар. Училищені жылдамдата оқыту бағдарламасымен оқыған Әбекең 1942 жылдың ақпан айында бітіре салып, лейтенант атағымен соғысқа кірісіп кетеді. Қоршаудағы Ленинградқа азық түлік пен дәрігерлік және әскери жабдықтарды жеткізу үшін пайдаланылған Ладожа көлін 24 ші артиллериялық дивизияның гаубицалық автопарктің командирі ретінде фашистерден қорғауға қатысады. Одан ары қарай дивизия төртінші Украиналық майданның 38-ші армия құрамында батыс Украинаны, Польшаның оңтүстік бөлігін, Чехословакияны және оның астанасы Прага қаласын жаудан азат ету соғыстарына қатысып, осында неміс фашист басқыншыларымен болған қанды қырғынның ақталғанын, жеңіс күні жарияланғанын есітеді. Артынша Әбибулла аға полкпен бірге қиыр шығысқа, Жапон милитаристерімен соғысқа аттануға дайындыққа кіріседі.
Әскери командирлік қызметін одан ары қарай жалғастырған Әбекең 1946жылы Жданов атындағы Ленинград университетінің тарих факультетіне сырттай оқуға түсіп ол оқу орнын 1951 ші жылы ойдағыдай бітіріп алады. Әскери қызметін 1949 жылға дейін Арыс қаласында өткізген ол сол жылы ГДР ге ауыстырылып, саяси жетекшілік қызмет атқарып онда 1953 жылға дейін болады. 1951 жылы Зият жеңгемізге үйленіп, екеуі жанұялық өмір жолын бастайды. 1953 ші жылы Қарақалпақ АССР нің республикалық әскери комиссариатында, одан әрі Семей қаласында қызмет жасайды. 1957 ші жылы біржолата әскери қызметтен босатылады. Осылайша он алты жыл әскери маман ретінде Отанымыздың қарулы күштерінің құрамында абыроймен еңбек еткен Әбекең полковник шенінде бірнеше орден, медальдармен марапатталып, өзінің Отан алдындағы борышын адал орындап шығады.
1960 жылдан бастап Алматы қаласындағы Қазақ Политехникалық институтына өз пәні бойынша оқытушы болып орналасады. Ал жұбайы Зияш Алматыға келген жылы Абай атындағы педагогикалық институтқа жұмысқа тұрады. Ерлі- зайыпты екеуі де ғылым кандидаты болып, ғалымдар жанұясына айналады. Бүгінде қыздары Гүлсімнің жанұясы, ғылым докторлары ретінде, ғалымдар династиясын жалғастыруда. Әбекең қай жерде қызмет жасаса да, өзінің қарамағындағы қызметкерлерге қамқорлығын аямаған, әсіресе, жетім жесірлерге қол ұшын созып, олардың өмірінде кездескен қиындықтарды жеңуге көмектесіп, моральдық материалдық демеу берген азамат. Өзіне жанашырлықпен қараған, кісілерді осы кезге дейін есінен шығармай, олардың жақсылығын ризалық сезіммен еске алып отырады. Әкесіндей болған Мырзахметов Махмуд нағашысына өзін өмір бойы қарыздар сезінеді. Сондай ақ мектептегі ұстаздары Рүстемов, Қасымбекова, Ғалиева және Сартбаеваларға, мұның ержүрек солдаттан гөрі зияткер ғылымның адамы болуына көп демеу болған А.Д. Толоконцевке, Морозенко, Терещенколарға ризалығын әрдайым айтып отырады. Политехникалық институтта профессор болып қызмет атқарып жүрген кезінде жанұясымен бірге жақсы қарым қатынаста болған институт ректоры академик Өмірхан Байқоңыров, Қазақ ССР жоғары білім министрлері Кенжалы Айманов, Шайсұлтан Шаяхметов, ғылым академиясының президенттері Шахмардан Есенов, Өмірзақ Сұлтанғазин, Мұрат Жұрынов, ҚКП ОК хатшысы Мұстахым Ыхсановтарды еске алып, олардың адамгершілік, азаматтық іс- әрекеттерін айтудан жалықпайды.
Ғылыми жұмыспен айналысқан сту­денттердің ғылыми диссертация жұмыс­тарына басшылық жасағандары көп ақ. Әбекеңнен сол шәкірттерінің аты жөнін сұрасаңыз «Біреуге жасаған жақсылығыңды ұмыт, біреудің саған жасаған жақсылығын ұмытпа» деп жауап береді жарықтық. Мыңдаған шә­кіртті білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге жолдама берген, өздерінің өнегелі өмірімен үлгі болған ұлағатты ұстаздар Әбибулла аға мен Зият жеңгеме: «Әлі де жасай беріңіздер, ғасыр жасаған асыл жандар!» дегім келеді.

Ахмет РахымұлЫ
11 қазан 2020 ж. 563 0