№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Абайдың сөзі – ақылдың көзі

Абайдың сөзі – ақылдың көзі


 «Адамның бір қызығы – бала деген» деп хакім Абай айтқандай,  бала – өмірдің жалғасы һәм ата-ананың көз қуанышы. Тектілігі тегінен тараған қазақ ұлты бала тәрбиесіне ықылым заманнан ерекше көңіл бөлген. Абайдың сөзі – ақылдың көзі. Ұрпақ тәрбиесі селқос қарауды  көтермейді. Сондықтан, қаузайтын мәселеміз  Абай шығармашылығындағы бала тәрбиесі туралы болмақ.

Абай шығармашылығын  зерттеп жүрген ғалымдардың бірі Омар Жәлел Шалқар радиосындағы «Өнегелі отбасы» хабарына берген сұқбатында былай дейді: «Баланың тәрбиесі қайдан бастау алады?» деген сауалға Абай атамыз былай жауап береді: «Баланың ғылым мен білімге деген махаббатының бар болуы білсем деген жан құмарлығының нәтижесінде болады.  Баланың негізгі өлшемдерінің себептерін үшке бөледі. Хауассалиим һәм, бұл баланың туысынан болады. Бұл сөз араб тілінен аударғанда «толық сезімді» болып туылуы дегенді білдіреді. Ол анасына байланысты. Екіншісі-  тән саулығы, үшіншісі – жақсы ата-ана, жақсы ұстаз, жақсы құрбы», – дейді.
Бүгінгі қоғамда тек үшінші сатысына ғана мән береміз. Түпкі мәні  бірінші сатысында. Мұнда тектіліктің мәні жатыр десек те болады. Яғни, «алғаның жақсы болуы» керектігін нұсқайды. Осы орайда М.Ж.Көпейұлының мына тағылымды ойға оралады:  «Әйелді оқытқан жақсы, бірақ ол зәру білім алуы тиіс. Ол қандай білім? Әйелдік табиғатын ашатын мәдениет және дін, өнер барлығын білуі тиіс».
Абайдың оныншы қара сөзінде: «Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Қартайғанда асырасын десең, о да – бір бос сөз. Әуелі – өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші – балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші – малың болса, кім асырамайды?  Демек, мәселе оны асырап, бағып, тамағын тойдырумен ғана шектелмейді. Баланы тәрбиелеу қажет. Абай бұл қара сөзінде балаға еңбек ету турасында айтқан. Сондағысы ғылым мен білімнің жетілдірілгенін қалайды.  Алда не болатынын білмейтініміз, тек оны тәрбиелеу өз қолымызда екендігін түсіндіріп өтеді. Өмірден түйгендерін айтады.
Он тоғызыншы қара сөзінде:«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды», – дейді.
Баланың  ес жиған сәттен әрі қарай жақсы мен жаманды ажыра алуы ата-анаға байланысты. Баланың ұстаздарының жақсы болмағын айтады. «Ұстаздан шәкірт озады» дегендей, ұстазына еліктейді. Мүмкін, ұстаздың білімді болуы, баланың болашағы үшін үлкен маңызға ие.
Жиырма бесінші қара сөзінде: «Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады».
Тәрбиесіз берілген білім  бала бойына әсте дарымайды. Неге? Өйткені оған шын ниет пен ықылас керек. Сондықтан, тіл білуге ұмтылу керек. Сол арқылы сол елдің мәдениетін ұғынады. Тіпті, дінге де білім керек. Оны түсіну керек.
Омар Жәлелұлының «Харекет» атты еңбегінде «Абай шығармаларындағы «дүние – дос» мәселесі» атты мақаласында: «Әке» және «шеше» ұғымдары ұл мен қыз үшін идеал болып табылады. Осы идеалдарсыз адам өмірінің алғашқы кезеңдерінде, өсіп келе жатқан ұрпақтың қалыптасуы, дамуы еш мүмкін емес. Ал баланың есі кіріп, санасы толыса бастағанда, басқа да идеалдарды іздей бастайтыны анық».
Міне, ғалымның пайымдамуынша баланың өмірге келіп, үлгі тұтатын жандарының көзі ашық, көкірегі ояу болса деген ниетпен айтып тұрғандығын байқаймыз. Қазақта «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», – дейді. Бала өмірінде ең бірінші ата-ананың және отбасының маңыздылығы жоғары. Сондай-ақ, әсіресе, ананың рөлі қаншалықты екендігін айтып өтеді. Сөз жоқ, жаңа туған жас сәби өзін туған шешені таниды. Жәй ғана танып қоймайды, ананың аялы алақанын, өзіне деген шексіз мейірімін, қамқорлығын, мынау беймәлім де түсініксіз, жат әлемдегі жалғыз қорғаушысы бар екендігін, ең алдымен, бастысы тіршіліктің көзі – ананың ақ сүтін беруші ретінде таниды.
Абай өз заманындағы  жастарды білімге, еңбекке үндеді. Жастардың өнімді ең­бек етіп, ғылым мен білімге талпынуға шақырды.
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде былайша түсіндіріледі: «Керек іс бозбалаға – талаптылық,
 Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп.
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық…».
Жақсыға еліктеп, еңбек етіп, алға ұмтылып, талаптанса дейді. Білімге баулып, болашаққа деген сеніммен өмір сүргенін қалайды. Бәсекеге қабілетті, дені  сау, білімі мен біліктілігі қатар дамыған, өзінің ортасынан оза шапқан оғлан тәрбиелеу – әрбір ата-ананың мақсаты. Адам ұрпағымен мың жасайды. Келер ұрпақтың келешегі кемел болсын десек, бүгінгінің баласының  білімі мен тәрбиесіне мұқият мән берелік.
17 тамыз 2020 ж. 386 0