№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұлы ақын ұлықталған кеш

Ұлы ақын ұлықталған кеш


Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойын ел болып атап өтудегі мақсат халықтың дәстүр-салты мен болмысын, дүниетанымын әлемге таныту. Ұлы дала төсінде жазылмаған заңдылықтың парқын ұғып, адами қасиеттерді тоғыстырған, «толық адам» қағидатын қазықтай қағып, ұлттың ұстынын орнатқан ақынды дәріптеу елдегі жағдайға байланысты онлайн өтті. Тау тұлғалы, кесек болмысты, кең жүректі ақынның шығармашылығынан, өмір дастанынан сыр шерткен мәдени шара әлеуметтік желіде жарияланып, көрермендерге жол тарты.


Абай – ұлы кемеңгер, ағартушы, композитор, философ. Бір басында бірнеше қасиет қонған ақын туралы маңызды да мағыналы шара ұйымдастыру оңай шаруа емес. Қысқа уақытқа ақынның бүкіл ғұмырын, шығармашылығын, болмысын сыйдырып, тәлімі мол туынды сыйлаған өнерпаздардың онлайн концерттік бағдарламасы көрермендерге жол тарты.
«Адамзаттың алыбы Хәкім Абай» концерттік қойылымында Абай дәуіріндегі бай мен кедей, жала мен нала, ынсап пен ысырапшылдық тартысқа түседі. Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің актерлері мен өнерлі жастары сомдаған қойылымда ескі мен жаңа заманның кереғар тірішілігі, махаббат, мөлдір сезім, мұң мен қуаныш арпалысып өріліп, бірде шаттық бірде мұңға бөлейді. Бір деммен көріп шыққан тұрғындар ғажап көріністен алған әсерін бөлісіп жатты. Фейзбуктегі «Жаңақорған мәдениеті пен өнері» парақшасында өз пікірін жаудырып, өнер ұжымына алғыстарын жеткізді.
–Ел еңсесі түскен шақта рухани нәр іздеп, жанарымыз жақсылықты аңсайтыны шындық. Жаңақорған мәдениет майталмандарының қойған концерттік бағдарламасы нәзік сезімді тербеп, жандүниеміздің жаңаруына сеп болды. Бойымыздағы барлық эмоциядан тазарып, жадырап сала бердік, – дейді Құралай Дәрменова.
Мәдени шараның бір парасы Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқып, тіл шеберлігін сынға салуға ұласты. Осы тұста жалынды жастардың жыр маржаны сөгіліп, әлеуметті әнге бөледі. «Талант» тобы орындаған Абай Құнанбаевтың әндерінен папури сәтті шықты. Музыкалық жетекшісі жергілікті композитор Шәрбану Жиенбаеваның шәкірттері әуелеткен әнге қошемет етпеген жан қалмағандай.
–Біздің бакалды оркестрде 50-60 өнерпаз бар. Оның бәрін сахнаға алып шыға алмағанымыз түсінікті. Десе де, санаулы өнерпазбен ерекше хор қойдық. Бұрыннан айтып жүрген әндер болса да, әрбір сахна алдында ерекше қобалжып, толқып тұратынымыз да бар. Шәкірттеріме Абай Құнанбаевтың дауысты, ырғақты әндерін жиі орындатуымның басты себебі –ұлттық руханияттың іргесі болуын қалайтынымда, – деді композитор.
Көптің ықыласына бөленіп, шын таланттарға тұсау жоғын дәлелдеп жүрген мәдениет ұжымының басшысы Зульфия Шалабаева: «Абайдың образын ашу үшін көп іздендік. Қаншама зерттеу жұмысымен таныстық. Жыл бойы әр түрлі сценарийлерді түзіп көрдік. Соңында осы қойылымды қоюды құп көрдік. Ұжымдағы барша әріптестердің кейіпкерді сомдаудағы талпынысына ризамын. Абай туралы әлі де шаралар жалғасады, – деді ол.
Бір ғасырда бір туылатын таланттың тұлғасын тану, ілімін сіңіру, көрсеткен ұлық жолымен жүру, «толық адам» болып қалыптасу жолында әрбір тұрғын өз үлесін қосса, руханияттың діңгегі нығая бермек. Біз онлайн мәдени шарадан осыны ойға түйдік.

Мақпал МАРҚАБАЙ

12 тамыз 2020 ж. 536 0