АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Жақында №245 негізгі орта мектебінде қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» атты тағылымды шығармашылық кеш өтті.
Мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Фарида Әшімованың ұйымдастыруымен өткен рухани шараға 7-8-9 сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Өнерлі өрендердің дана Абай жайлы шағын көрінісінен басталған кеш мазмұнға толы тәлімімен есте қалды. Ибраһимнің балалық шағынан бастап, қалыптасқан тұлғалық кезеңіне дейін сахналанған кеште оқушылардың ұлы ойшылға деген құрметін байқадық. Расында Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Ақынның мол мұрасы ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра берері сөзсіз. Өнерпаз оқушылар Абайдың «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін хормен айтып, көрерменді тәнті етті. Кеш соңы 8-сынып оқушысы Жұмахан Нұрбахтың «Мен қазақтың ұлымын» әнін шырқаумен аяқталды.

Бейбіткүл Бегімбетова,
мектеп кітапханашысы